Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
«Әдебиет 
танытқышы
» (1926), Мұхтар Әуезовтің «
Әдебиет тарихы
» (1927) 
және Тұрсынбек Кәкішевтің «
Сын сапары
» (1971). Соңында бұл үш сала 
әдебиетіміздің тарихы, теориясы, сыны қандай сатыдан-сатыға шыға 
дамыса да, өсіп-өркендесе де бәрібір анау үш кітапқа соқпай өтпейді. 
12
Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар. – Алматы: Рауан, 1996. 71-б.
13
Сонда, 74-б.


13
Өйткені ол үш кітап – мынау үш саланың тұңғыш рет тұтаса жүйеленген 
бастауы мен қайнары, төлбасы»
14
.
«Әдебиет танытқышта» ғалым «әр сөздің әрпіне дейін, әр ұғымның 
ұтыры ғана емес, үтіріне дейін мән береді; «соқырға таяқ ұстатқандай» 
қолма-қол қорытып, асықпай аңғартады», – дейді З.Қабдолов
15
. Ғалым 
«Әдебиет танытқыштың» баяндау стиліне осындай биік баға берген. 
Өнердің түрлерін тұңғыш рет А.Байтұрсынұлы белгілеп бергенін 
З.Қабдолов осы зерттеуінде айқындай түседі. Осыған байланысты бүгін 
сымбат өнерін мүсін дегенімізді З.Қабдолов дұрыс деп бағалап, кескін 
өнерін бейнелеу дегенге қосылмай, «бұдан гөрі Ахаңның атауы дәл, 
нық, нығыз» дейді. Ғалым А.Байтұрсынұлының музыканы – әуез өнері 
дегенін еске сала отырып бүгінгіні де алға тартады: «Сондай-ақ біз бір 
еңбегімізде музыканы саз өнері деп қалып едік, соны әуез әлеміндегілер 
дереу қағып әкетіп, бұл күндерде жаппай, жамырай, музыканы саз өнері, 
музыкантты сазгер деп атап бара жатыр. Мұның өзі Ахаң атауын (әуез 
өнері) жетілдіру болып шыға ма, жоқ па, оны келешек көрсетер»
16
.
З.Қабдолов ізеттілікпен «Әдебиет танытқышты» талдай отырып, 
ғалым еңбегінің зор екенін де ескертеді: «Қалай болғанда да, әйтеуір, 
осы түрлендірулердің бәрі әдебиеттануды, Әуезовше айтқанда, «Ахаң 
түрлеген» түрлер болғандықтан түрлендіріп жатыр. Бұл ретте де 
Байтұрсынов бар бастаманың басы (начало всех начал) болып қалады, 
қала береді».
Ғалымды «Әдебиет танытқыштағы» тіл тазалығы туралы 
тұжырымдары, 
А.Байтұрсынұлының 
дарындылығы 
ерекше 
толғандырады: «Бұлардың ішіндегі әсіресе тіл тазалығы туралы 
тұжырымдар – терең бағдарламалық түйіндер: «тіл тазалығы дейтініміз 
– ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау» (Шығ., 151-бет). 
Дәл бүгін айтылғандай. Егемен Қазақстанның мемлекеттік тіліне 
қойылатын ең зәру шарт осы емес пе?! Ахаңның бұл табыстарын 
өзінен кейінгі әдебиетшілердің бәрі іс жүзінде түгел қолданып жүр. 
Әрине, әркім қабілеті мен мүмкіндігі жеткен жерге дейін ғамалдайды, 
түрлендіреді, жетілдіреді, бірақ негізінен Ахаң іздеп тапқан балама-
терминдерге сүйенеді. Соларды жалғастырады. Ережелерін әркім өзінше 
жасағанымен, атауын көбінесе қалпында қалдырады: айқындау, теңеу, 
ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, меңзеу, шендестіру... 
– бәрі де бүгінгі біршама қазақыланған әдебиет теориясына «Ахаң 
түрлеген» күйде көшкен»
17
.
14
Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. 75-б.
15
Сонда,. 75-б.
16
Сонда, 78-б.
17
Сонда, 84-б.


14
Совет әдебиеттануы тұрғысынан қазақ өлең құрылысын З.Қабдолов 
біраз талдап, нәтижесінде бір даусыз шындықты мойындайды: «... қазіргі 
қазақ өлеңінің теориясы Ахаңды аттап аяғын нық баса алмайды. Өлең 
кестесін айшық деп атаған Ахаң оның ішкі сыры мен сыртқы түрін 
түрлеп-түстеп шығады. Қазақ өлеңінің құрылысын талдап-тексергенде 
оның жүйесін, ырғағын, ұйқасын сипаттай келе, айшығын әрлеп, 
шумағын түрлеген Ахаң атауларын пайдаланбайтын бір де бір зерттеуші 
жоқ. Ахаң қисындары тәжірибеге осылай көшіп отыр»
18
.
Зерттеуінің соңында З.Қабдолов таңғалуды қойып, әділ, шынайы 
пікірге жүгінеді: «Барды байытып жатыр. Жалпы ұғымды нақты 
ұғымға көшіріп, оған ұлттық түр, халықтық сыр дарытып жатыр. 
Бағамдап байқасақ, орындары тармақтың басы мен ортасында болатын 
талғамалы бунақтар кәдімгі 
цезуралар
екен де, орны тармақтың аяғында 
болатын таңдамалы бунақ – 
клаузула
екен. Бұларға бұдан артық балама 
табу, қазақша ұғым беріп, қазақы терминге айналдыру мүмкін емес» 
Япырмай, мұндай да сұңғылалық болады екен-ау! Біздің бүгінгі төл 
әдебиет тануымыз бен тума тіл білімімізде ғажайып дәстүрге айналуға 
лайық Ахаңның Ахаңдығы деген осы емес пе!»
19
, – деп таңданысын да 
жасырмайды. 
«Ахаңның әдеби қисындары» 1990 жылы жазылған, олай болса 
соцреалистік біліммен қатып қалмай «Әдебиет танытқыштың» төл 
бастауын осындай қырағылықпен саралау тек академик Зейнолла 
Қабдоловқа бұйырған екен. 
«Әдебиет танытқыштағы» өлең құрылысына қатысты академик Зәки 
Ахметовтің де пікірі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жарияланды. Ғалым 
«Әдебиет танытқышқа» тұтас теориялық талдау жасап, түсініктердің 
түр-түсін, табиғатын танытып берді. Академик Р.Нұрғалиев та біршама 
пікір білдірді, бірақ тек әдебиеттанулық тұрғыда. 
Тәуелсіздік кездің әдебиеттанушылары А.Ісімақова, Ө.Әбдиманұлы, 
Қ.Сақ, Р.Имаханбетова, Ұ.Еркінбаев, А.Ойсылбай, т.б. бұл зерттеу ісін 
әрі қарай дамытты. Аталған әдебиетшілер «Әдебиет танытқыш» ХХІ 
ғасырда қажет, іргелі теориялық зерттеу екенін дәлелдеп қана қоймай, 
нақты талдаулар арқылы айқындап берді.
Академик З.Қабдоловтың Х.Досмұхамедұлына арналған «Феномен» 
мақаласы да А.Байтұрсынұлын еске алумен басталады. «1923 жылы 
Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдығында жасаған баяндамасын Мұхтар 
Әуезов былай бастаған: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, 
оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, 
тәуір күндердің бірі деп саналады. Сол оқыған азаматтың тұңғышы
18
Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар. – Алматы: Рауан, 1996. 86-87-бб.
19
Сонда, 88-б.


15
алғашқы шыққан көсемі болған Ахаң.... Ал, елін артынан ерткен қазақ 
зиялыларының «тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі – Ахаң» болғанда, 
оның ардан туған, арман қуған аяулы айналасы, қасиетті қоршауы, оның 
ішінде де «еменге иір біткен бұтақтай» қадау-қадау қайтпас, қайсар, 
тұрлаулы тұлғалары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұстафа 
Шоқаев.... десек, осылар қатарында Халел Досмұхамедов тұрады»
20
.
Осы зерттеуде З.Қабдолов Алаш ғалымы Халел Досмұхамедұлының 
қазақ әдебиеттануына қосқан үлесін: «Халағаңның «Сингармонизмін» 
талдамай-ақ түсінеміз. Данышпан Халел Досмұхамедов мұнымен 
тынбайды: туған халқының тек даналығын тек оның өзіне ғана емес, өзге 
жұрттарға да анық таныту үшін, енді орыс тілінде «Казахская народная 
литература и ее содержание» («Қазақ халық әдебиеті») деген кітап жазып 
бастырады. Сөз өнері туралы тек осы кітабынан басқа еш нәрсе жазбаса 
да дәрігер Досмұхамедов аса білгір әдебиет зерттеушісі ретінде тарихта 
қалған болар еді. Өйткені бұл кітап – қазақ әдебиетінің тегі (генезисі), 
қайнар көзі жайында Халекең «ашқан Америка». ... Мұның эпостан қиссаға 
дейін жіпке тізілген қырық алты түрлі жанрлық классификациясының 
өзі мәңгілік маңызын жоймайтын, құнын кемітпейтін әдеби-эстетикалық 
қисын. Демек, қазақ әдебиеттануының арналы бір ғылыми саласын 
салып, қалыптастырған тағы да Халел Досмұхамедов деуіміз шарт!..»
21

– деп айқындайды. Ғалым Алаш ғалымдарының кәсіби зерттеулерін 
осылай жоғары бағалап, өзіне дейінгінің жетістіктерін ардақтай білуі 
үлкен зиялылықтың белгісі. Академик Зейнолла Қабдоловтың бұл 
ілтипаты Алаш әдебиеттануына, ғылымға көрсеткен құрметі.
1970 жылы Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет