Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Суреттілік (образдылық). 
Жазушы шындық болмыстың картинасын 
көрсеткенде, оны жанды етіп суреттеу арқылы, ол суреттеген нәрсесіне 
өзінің қалай қарайтынын да көрсетеді: бұл суреттерге ол қуана ма, 
ызалана ма, болмаса аяй ма, қайғыра ма, жек көре ме, т.б., қысқасы
,
осылар туралы өзінің сезімін және көзқарасын анық көрсетеді. Көркем 
әдебиет шындық болмыстың жай-жапсарын сурет арқылы көрсетеді. 
Өмір шындығын сурет (образ) арқылы көрсету – деп (әңгіме адам 
турасында ма, олардың қатынасы жөнінде ме, олардың сезімі жөнінде 
ме, жаратылыс туралы ма, айналамыздағы басқа нәрсе жөнінде ме, бәрі 
бір) шындық бодмысты өзіміз қалай сезінеміз, қайткенде өз басымыздан 
өткізгендей етіп түсіне аламыз. Міне, тап солай етіп суреттеуді айтады.
Типтік бейне. 
Көрсетейін деген болмысты суреттеу үшін, оның 
кескінін беруге лайықты, ең керекті мінез-құлықтарды жинақтап көрсету 
біздің өмірді, адамды тануымызды терендетеді, өмірді түсінуімізге 
көмектеседі.
Сөйтіп 
тип
дегеніміз – бүкіл бір топ адамдарға тән қасиеттерді бір 
адамның басына жинақтап, нанымды етіп көрсету де ген сөз.
Жазушы бар нәрсені көркем образ арқылы суреттеп, басқаларға 
жеткізу үшін, ол творчестволық қиялға сүйенеді. Әр адамда болатын 
ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері – сол 
творчестволық қиялдың атқаратын жұмысы. Евгений Онегин, Манилов, 
Обломов, Собакевич, т.б. шынында тап сол қалпында кәдімгідей 
болған адамдар емес. Бұл образдар –жазушылардың көркем қиялдары 
арқылы жасалған об раздар, бірақ бұл образдардың негізінде шындық 
жатқандығына, олардың қалай жасалғандығының тарихын тексерсек, 
oп-оңай сенеміз.
Шындық және суреттілік. 
Әдебиет шығармаларындағы көркемдіктің 
шегі әртүрлі. Қоғам өмірінің ең маңызды жақтарын алып, оны өте 
ашық образбен кең түрде суреттеген шығарманы ең көркем шығарма 
деп есептейді. Дүние жүзі әдебиетінің тарихында үлкен, ашық суретті 
образдар берген және өмір кұбылыстарын кеңірек қамтып, суретті 
үлкен қорытулар жасаған талай дана жазушылар болған. Шекспирдің 
«Гамлеті», Сервантестің «Дон-Кихоты», Гетенің «Фаусы», Әуезовтің 
«Абайы», т.т. – қоғам өмірінің зор суреті, дәуір өзгерістерінің белгісі, 
солардың қорытындысы.


29
Суреттеудің ашық, айқын болуы, суреттеген нәрсесіне лайық болуы, 
соның өмірдегі шындығына жұрт нанғандай болуы, шығарманың 
кейбір кейіпкерлері қатынасқан үлкен көріністерде де, оның мінезін 
суреттегенде де колданылады. Оқиғаны барлық жағынан алып көрсету 
үшін оның мәні зор. Дон-Кихотгың жел диірменмен соғыс ашқан жері 
суреттілік жағынан өте күшті. Бұл көріністе Дон-Кихоттың ісі, оның 
«аттаныстарының» ішкі сыры өте толық және айнаға түскендей айқын 
көрінеді. Дон-Кихот деген ат бізге қандай күлкілі болып көрінсе, осы 
жердегі «Жел диірменмен соғысу» деген сөйлем де сондай күлкілі болып 
естіледі. Бірақ образдың көркемдігі тек қана автордың таланттылығына 
байланысты емес. Өз табының пайдасына дәл келтіремін деп, өмірді 
теріс көрсетіп, шындығы жоқ кескін беретін жазушылар әдебиетте аз 
кездеспейді
Кейде бір шығарманың өзінде де бір образдың сәтті, екіншісі сәтсіз 
шығуы мүмкін. Мысалы, Гончаровтың «Обломов» атты романын алсақ, 
Обломов образы өз ортасының шындығына дәл, маңызы терең, тамаша 
үздік көркем образ. Ал сол романда оған қарсы қойылатын Штольцтің 
образы Обломовтан анағұрлым әлсіз, анағұрлым солғын. Романды 
оқып шыққанда Обло мов өзінің мінез-құлық, іс-әрекеті, бойкүйез 
жалқаулығымен нақтылы тірі адамдай көз алдыңда тұрады. Штольц олай 
емес, өйткені жазушы Штольц образын жасауда аяғын шалыс басып 
алған. Ол Штольцті жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілі етіп 
көрсетті, сондықтан оны ағартушы, епті, өмірге икемді, қысқасы, жақсы, 
ұнамды образ етіп көрсетуге күш салады. Автор капиталистердің сол 
кездегі шындығына тән көп жайттарды терең суреттемей, қарпи шаншып 
қана өте шығады.
Жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілдеріне тән 
дүниеқоңыздық, «жұмыртқадан жүн қырыққан» пайдакүнемдік, 
жемқорлық, арынан айырылған дүниеқорлықтар Штольцте жоқ. 
Сондықтан Штольцтің образы өз ортасының шындығына тән образ емес, 
жасанды образ болып шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет