29
Суреттеудің ашық, айқын болуы, суреттеген нәрсесіне лайық болуы,
соның өмірдегі шындығына жұрт нанғандай болуы, шығарманың
кейбір кейіпкерлері қатынасқан үлкен көріністерде де, оның мінезін
суреттегенде де колданылады. Оқиғаны барлық жағынан алып көрсету
үшін оның мәні зор. Дон-Кихотгың жел диірменмен соғыс ашқан жері
суреттілік жағынан өте күшті. Бұл көріністе Дон-Кихоттың ісі, оның
«аттаныстарының» ішкі сыры өте толық және айнаға түскендей айқын
көрінеді. Дон-Кихот деген ат бізге қандай күлкілі болып көрінсе, осы
жердегі «Жел диірменмен соғысу» деген сөйлем де сондай күлкілі болып
естіледі. Бірақ образдың көркемдігі тек қана автордың таланттылығына
байланысты емес. Өз табының пайдасына дәл келтіремін деп, өмірді
теріс көрсетіп, шындығы жоқ кескін беретін жазушылар әдебиетте аз
кездеспейді
Кейде бір шығарманың өзінде де бір образдың сәтті, екіншісі сәтсіз
шығуы мүмкін. Мысалы, Гончаровтың «Обломов» атты романын алсақ,
Обломов образы өз ортасының шындығына дәл, маңызы терең, тамаша
үздік көркем образ. Ал сол романда оған қарсы қойылатын Штольцтің
образы Обломовтан анағұрлым әлсіз, анағұрлым солғын. Романды
оқып шыққанда Обло мов өзінің мінез-құлық, іс-әрекеті, бойкүйез
жалқаулығымен нақтылы тірі адамдай көз алдыңда тұрады. Штольц олай
емес, өйткені жазушы Штольц образын жасауда аяғын шалыс басып
алған. Ол Штольцті жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілі етіп
көрсетті, сондықтан оны ағартушы, епті, өмірге икемді, қысқасы, жақсы,
ұнамды образ етіп көрсетуге күш салады. Автор капиталистердің сол
кездегі шындығына тән көп жайттарды терең суреттемей, қарпи шаншып
қана өте шығады.
Жаңа туып келе жатқан капиталистердің өкілдеріне тән
дүниеқоңыздық, «жұмыртқадан жүн қырыққан» пайдакүнемдік,
жемқорлық, арынан айырылған дүниеқорлықтар Штольцте жоқ.
Сондықтан Штольцтің образы өз ортасының шындығына тән образ емес,
жасанды образ болып шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: