Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Әдебиеттің тарихилығы. 
Қандай әдеби мұраны алсақ та, одан 
сол халықтың өмір тіршілігінің бір көрінісін аңғаруға болады. Сыншы 
В.Г.Белинский: «Халықтардың сәбилік дәуіріндегі ой-санасы ең алдымен 
олардың поэзиясында көрінеді, өйткені мәдениеттің және білімнің қандай 
сатысында тұрса да, әрбір халықтың, әрбір тайпаның өзіндік поэзиясы 
болады. Халық немесе бір тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның 
поэзиясы болмауы мүмкін емес», – дейді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті де әріден келе жатқаны және онда 
халықтың ой-санасы, күрес-тартысы, тіршілік әрекеттері айқын көрініп 
отыратындығы ұлы сыншының жоғарғы айтқан пікірінің дұрыстығын 
дәлелдеді. Сонымен қатар ауыз әдебиеті сол елдің тарихи-әлеуметтік 
жағдайларымен байланысты туатындығын көрсетеді. 


30
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде негізгі күн көрісі саналған 
мал шаруашылығын, аңшылық кәсібін суреттейтін ертегі, аңыз-
әңгімелер, өлең-жырлар аз емес. Олардың кейбіреулері малды аман 
сақтап қалу үшін табиғаттың мылқау күшімен күресті көрсетсе, 
екіншілері азулы аңдармен алысқан адам ерліктерін суреттейді.
Ауыз әдебиетінің мол саласының бірі саналатын эпостық 
поэмаларды, олардағы суреттелінетін күрес-тартыстарды алсақ, 
негізінде халықтың басынан кешірген тарихи оқиғалардың 
жатқандығын көру қиын емес. 
Бір кездерде қалмақ, иран хандықтары қазақ еліне шабуыл 
жасады. Сол кездегі ел үшін, жер үшін күрестердің бір көрінісі болып 
«Қобыланды», «Ер Тарғын» жырлары туды. XVIII-XIX ғасырлардағы 
әдебиет нұсқаларының көпшілігінде 1723-1725 жылдардағы Жоңғар 
қалмақтарының қазақ еліне жасаған шабуылдары суреттелінеді. 
Аңызға айналған «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» тәрізді 
ел басында болған ауыр хал, тарихи шындық ауыз әдебиетінің ұсақ 
түрлерінен де, ұзақ поэмаларынан да кең орын алды. «Басынан 
қара таудың көш келеді» деп басталынатын халық өлеңі, Бөгембай, 
Олжабай туралы тарихи поэмалар бұған дәлел.
Оқушылардың барлығы жақсы білетін Махамбет өлендерінің 
негізгі көпшілігі Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің 
тарихымен тығыз байланысты туды. Әйтсе де әдебиеттің 
тарихилығын дәлелдеу үшін, төмендегі мысалды келтіруіміз орынды 
тәрізді. Ақын «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты өлеңнің бір жерінде 
былай дейді.
Ауыр әскер қол ертіп 
Жасқұсқа барып төнгенде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай, 
Хан баласы жылады-ай,
«Жанымды қи!», – деп сұрады-ай!
Исатай атынан айтылған осы монологты тарихи мәліметпен 
салыстырсақ, поэтикалық шындық пен тарихи шындық дәлме-дәл 
келіп, бірі екіншісін растай түседі. Исатай, Махамбет бастаған халық 
көтерілісі кезінде хан ордасына көмекке келген Гекке Орынбор генерал-
губернаторы Перовскийге жазған хатында былай дейді: «Хан ордасына 
аман-есен келдім. Истай өзіне ерген жасағымен Ордаға 8 километр 
жерде. Исатайларды «әне келіп қалды, міне келіп қалды» деп күткен 
Орда маңындағылардың мүлде үрейлері ұшуда көрінеді. Менің келуім 
бұл ат төбеліндей топты сергіткендей болды. Әскерсіз өзім ғана келіп, 


31
оларға тигізерлік көмегім жоқ болса да, сол менің келгенім үшін де хан 
қатты қуанды»
28
.
Жалғыз бұл ғана емес, Махамбет өлеңдерінің дәл тарихи деректерін 
табуға болады. Өзіміздің көз алдымызда туып, дамып отырған совет 
әдебиетін алсақ, әдебиеттің тарихтылығы кімге де болсын айқын. 
Оқушылар жақсы білетін ұлы ақынымыз Абайдың өмірбаяны мен ол 
туралы жазылған көркем полотно М.Әуезовтің «Абай» романының 
кейбір эпизодтарын салыстырсақ, көп жайттар ақынның тарихи өмір 
ісімен дәлме-дәл келеді.
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», С.Мұқановтың «Менің 
мектептерім» мемуарлық романдары бастан-аяқ тарихи шындыққа 
құрылған. Атақты жазушыларымыздың өмірімен таныс адам шек 
келтірмейді. Кешегі Ұлы Отан соғысының тақырыбына жазылған 
сандаған поэма, романдардың негізінде тарихи шындықтардың 
жатқандығы әр оқушыға мәлім.
Жоғарғы айтылғандарды жинақтап келгенде, әдеби шығарма өмірде 
болуға мүмкін құбылысты суреттемей, өмірде болған тарихи шындықты 
суреттесе, осыны әдебиеттің тарихтылығы деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет