Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


тақырыбы десек,  шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы,  қалай бағалаушылығы шығарманың  идеясы



Pdf көрінісі
бет15/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

тақырыбы
десек, 
шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы, 
қалай бағалаушылығы шығарманың 
идеясы
болмақ. 
Тақырыпты жазушылар қалай болса, солай ала салмайды. Шығармаға 
тақырып боларлық өмір құбылысы, әр алуан өмір мәселелері көп. 
Солардың ішінен әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы, дүние танушылығы, 
өз табының тілек-мүддесіне керекті деген тақырыпты таңдайды. Кейде 
екі таптың ақын-жазушылары бір тақырып туралы жазуы да мүмкін, бірақ 
ол тақырыптың негізінде суреттелінетін өмір құбылысын оқушыларына 
жеткізу, суреттеу әдістері, оқушыларының ой-сезіміне әсер етуі әр басқа.
Бұрын да және осы кезде де өз Отанына деген махаббат, сүйіспеншілігін 
көрсететін ақындардың өлеңдері аз емес. Олардың тақырыбы да, идеясы 
да бір, бірақ сол махаббат, сүйіспеншілікті оқушыларға жеткізу, олардың 
ой-сезіміне әсер етудің әдістері әртүрлі. Бір ақын не жазушы өз Отанының 
елдігін, ерлігін мадақтап, соған өзі терең сүйінуімен қатар, басқаларды 


35
да сүйіндіреді. Екіншісі, сол отанның символы ретінде табиғаттың бір 
көрінісін, не адамды, не туған жерін сүйсіне жырлау арқылы да отанына 
деген махаббатын сездіреді. Оқушыларына сол суреттеп отырған 
нәрсесі арқылы әсер етеді. Мысалы, XIX ғасырдың бірінші жарымында 
өмір сүрген феодалдық әдеби бағыттағы ақындар Байтоқ, Жанұзақ 
пен демократтық әдебиет өкілдері Махамбет, Шернияздарды алсақ, өз 
кезіндегі әлеуметтік мәні бар мәселелерді шығармаларына тақырып етіп 
алса да, оны суреттеулерінің тек әдісі ғана емес, оқушыларына сілтейтін 
бағыты да, олардың ой-сезіміне ететін әсерлері де әр басқа болды. 
Алдыңғылары хандықты жақтап, оны халықтың қамқоры деп білсе, 
соңғылар хандықты өлтіре сынады. Хандық – шаруаларды қанаудың 
күшті құралының бірі деп білді. Байтоқтар хандықтың берік болуын 
тілесе, Махамбеттер оның жойылуын арман етті. Бұл – тақырыпты қалай 
көрсетудің тек әдістік қана өзгешелігі емес, идеялық көзқарастардың 
басқалығы еді.
Сонымен қатар орыс, қазақ халықтарының тарихына шолу жасасақ, 
әр таптың ақын, жазушыларының тақырып таңдаулары негізінде әр басқа 
болатындығын көреміз. Бір таптың ақындарын өмір құбылысының бір 
алуан жақтары қызықтырса, соны керек деп тапса, екінші таптың ақын, 
жазушыларын ол өмір құбылыстары мүлде қызықтырмауы, өмірдің 
басқа бір құбылысы не басқа мәселесі қызықтыруы, соны тақырып етіп 
алуышылық өз табы үшін анағұрлым артық, анағұрлым керекті болуы 
мүмкін. Міне, осы айтылғандардан тақырыптың мән, сипаты келіп 
шығады.
Тақырып тандау не жаңа тақырыптардың пайда болуы кездейсоқ нәрсе 
емес. Қоғам өмірінің дамуымен нық байланысты. Әлеумет өміріндегі 
өзгерістер, тап тартысы не олардың кезеңдері – өз тілектеріне сай жаңа 
идеяны керек етеді. Ол жаңа идея – жаңаша тақырыптар таңдауды талап 
етеді. Жазушының дүние танушылығын аңғартумен қатар, шығарманың 
идеялық бағытын белгілеумен қатар, тақырыптың және бір маңызды жағы 
– суреттелетін өмір құбылысын, сол үшін алынған оқиғаның нысанасын 
белгілеу. Шығармада нені көрсетпек, ол үшін не керек, тек соларды ғана 
алып, басқа жаққа бұрылмай, оқиғаны да, онымен байланысты айтылмақ 
ой-пікірді де белгілі бір жүйеде баяндау үшін тақырып темірқазық 
жұлдызындай алда тұрады да, жазушының маңдайын аудырмауға 
көмектеседі.
Тақырыбы өзіне әбден айқындалған болса, жазушы бірді айтып, 
екіншіге кетпейді. Қандай ұзақ, қандай көлемді шығарма болса да, негізгі 
тақырыптың идеясы қамшының өзегіндей шығарманың ұзын бойына 
тартылып жатады да, қосымша тақырыптар сол негізгі ойды толықтыру 
үшін ғана қолданылады.
Егер шығарманың негізгі нысанасы балалық шақты суреттеу екен, 


36
ендеше оған көлденең оқиғалар енгізілмей, сол балалық шақ суреттелінуі 
керек. Балаларға тән мінез, наным, сенім, психология, т.б. ғана әңгіме 
болуы мүмкін. Негізгі тақырыпты нысанаға берік ұстау – шығарма 
құрылысының жарқыншақсыз, сындарлы шығуына да көмектеспек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет