40
жазушылар өздерінің шығармаларында өмірдің бір құбылысын таңдап
алады да, белгілі бір адамдардың араларындағы қарым-қатыс, күрес-
тартыстар етіп суреттейді. Сол тартыс, қарым-қатынастардың түріне
қарай, көркем шығармаға қатысушы образдар – кейіпкерлер негізінде
екі топқа бөлінеді. Оларды іс-әрекет, амал-қылықтарына қарай ұнамды,
ұнамсыз топтар деп атаймыз. Шығармада адам баласын жақсылыққа,
прогреске үндеп, тұрмысын жеңілдету, жақсарту үшін күресушілерді
ұнамды топқа, олардың игілікті істеріне бөгет жасап, қарсы күресушілерді
ұнамсыз топқа жатқызамыз. Бұ- лардың екеуінің де оқушы жұртшылық
үшін мәні бар. Алдыңғылардың үлкен идеал, асқан ерлік істерін көріп
сүйінсек, соңғылардың ездік, болашағы жоқ, сұм, сұрқия, жауыздық іс-
әрекетін көріп жерінеміз. Мысалы, С.Мұқановтың «Ботакөз» романын
алсақ, онда суреттелетін оқиға 1913 жылдан басталады да, 1916 жылғы
халық көтерілісін, 1917 жылғы февраль революциясын, совдептің
құрылуын, Ұлы Октябрь революциясына большевик партиясының
басшылығымен жүргізілген әзірлікті, революцияға қарсы Си бирь казак
атамандарының, алашорда үкіметімен күресін, бүліншіліктерін көрсете
келіп, романды социалистік ұлы революцияның жеңуімен, ақтарды қуған
қызыл армия, Амантай бастаған партизан отрядының елге келуімен
аяқтайды.
Роман оқиғасының негізінде тарихи шындық жатса да, жазу шы тарихи
фактілерді тізіп қана қоймай, белгілі бір адамдардың арасындағы қарым-
қатынас, күрес-тартыстарға құрады. Қатысушылар негізінде екі топқа
бөлінеді: бірінші топтың бас қаһармандары: Асқар, Ботакөз, Амантай,
Кузнецов, Булатовтар; екінші топқа: Итбай, А.Кулаков, Кошкин, Сарыбас,
Мадияр, Базархандар жатады.
Кейбір көркем шығармада қатысушылардың аз болуы, солардың
ішінен де, екі жағынан екі адамды алып, барлық тартысты сол екі
адамның айналасына құруы, басқалары бас қаһармандардың іс-әрекет,
мінез-қимылдарын толықтыру үшін ғана шығармаға енгізілуі мүмкін.
Қысқасы, көркем шығармада
бір кейіпкердің істері, екінші кейіпкердегі
олқылықтарды толықтыра түседі. Көркем шығармаларға талдау бергенде
бұл жайттарды біз әрдайым есте сақтауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: