төрт түрлі термин
қалыптастырмақ болады:
1
)
Жаратынды нәрсе; 2) Жасалынды нәрсе;
3) Тірнек өнері; 4) Көрнек өнері. Бұлардын қайсысы тұрақты ұғымға
айналып, санамызға сіңер-сіңбесін тәжірибе көрсетер. Жалғыз-ақ,
осы арада Ахаңның әр нәрсеге өзгеден үлгі іздемей немесе өзгені
қайталамай, тек қана өзінше ат қойып, айдар тағу әрекетінің өзі бұл
ұғымдарға ғылыми сипат береді. Өйткені бұлардың әрқайсысын Ахаң
ойлады, толғады, әр нәрсемен салыстырды, сөйтіп барып қорытты, түйін
түйді. Ал ойлау, толғау, салыстыру, тұжырымдау бар жерде ғылым бар.
154
Осыларды өзгелерше емес, тек өзінше ойлап-қорытуы бұларға ұлттық
қасиет дарытқан. Ахаң қисындарының нұсқалығы осыдан туған.
Ахаңның жаратынды нәрсе деп отырғаны табиғаттың өзінен
жаратылған орман, теңіз, өзен, тау; жасалынды нәрселері – адам қолымен
құйылған кірпіш, салынған үй, қазылған құдық, өсірілген бақша.
Бұларды біз бүгінде жа ратынды, жасалынды деп жатпай-ақ, табиғи,
жасанды дей саламыз. Оның үстіне, мәселен, Ахаң жаратынды нәрсені
жаратылыс қалпында қалдырып, жасалынды нәрсені етік тігу, киіз басу
секілді тірнек өнері; ән салу, күй тарту секілді көрнек өнері деп тағы да
екі түрге бөлген болса, бүгінде біз мұның екеуін өнер яки көркемөнер
деп бір-ақ қосып атап, анау табиғи, жасанды дегендердің өзін осы атауға
теліп, өнердің өзіне сын ретінде қолданамыз. Мысалы, шын мәніндегі
шебер қолдан шыққан сұлу өнер туындысын өмірдің өзіндей табиғи да
тамсана қабылдасақ, олақ қолдан шыққан олпы-солпы дүниеліктерді
шындықтан аулақ жасанды нәрсе деп сырт айналамыз. Бұл арада өмір
мен өнерге деген бүгінгі талап пен талғам жатыр. Өнер мен ғылым уақыт
сынынан осылай өтетінін ескерсек, Ахаңның «Андатуындағы» жоғарыда
аталған төрт нәрсе (жаратынды, жасалынды, тірнек, көрнек) өмір мен
өнердің ара-қатысын, өзара өзгешеліктерін, тіпті бұлардың түп-төркінін,
сайып келгенде, өнердің өмірден туу құпиясын тәптіштеп түсіндіретін
төрт түрлі ұғым ретінде қанша мәнді, мағыналы болғанмен, төрт түрлі
термин боп қалыптасып, тұрақтана қоюы қиын.
Демек, Ахаңның «Андатуындағы» байыптауларының сарқып құяр
сағасы біреу: ол – өнер.
Ахаң енді Өнерді «Көрнек өнері» (келе-келе «көрнек» де ген эпитет
те түсіп қала ма, кім білсін?) деп «тірнектен» бөліп алады да, әдеби-
теориялық қағидаларын қалыптастыруға көшеді.
Осы күнгі белгілі бір ортақ арнаға түсіп, әбден жүйеленген әдебиет
теориясы да, әдетте осылай басталады. Ендеше, осы мағынадағы Ахаң
салған сүрлеу де әдеби қисын атаулының жалпыға ортақ даңғылына
қосылады екен деп білген жөн.
«Әдебиет танытқыштың» кіріспеден («Андатудан») кейінгі алғашқы
тарауы Өнердің түрлерін белгілеуден басталады. Ахаңша Өнердің бес
түрі бар: 1) сәулет өнері (архитек тура); 2) сымбат өнері (скульптура); 3)
кескін өнері (живо пись); 4) әуез өнері (музыка); 5) сөз өнері (литература).
Әділін айту керек, өнердің бұл бес түрін қазақ топырағында тұңғыш
анықтап, саралап, даралап, дәл осылай қазақы ұғымға, қазақша сөз
тіркестеріне айналдырған – Ахмет Байтұрсынов. Бұған дейін Өнер
бізде бұлай бөлінбеген: синкретті болғандықтан ғана емес, эстетикалық
тұрғыдан сауатты қисын қалыптаспағандықтан. Демек, бұл – Ахаңның
Ахаңдығы, жоқтан бар жасаған жері.
Бүгінде әрине, әдебиет туралы ғылымның ілгерілеуіне байланысты
Ахаң атауларының кейбіреулері аздап түрлендіріліп, жетілдіріліп келеді.
155
Мәселен, сымбат өнерін мүсін өнері деп алып жүрміз. Бұл дұрыс. Кескін
өнерін бейнелеу өнері деп дәлдеңкіреген боламыз. Мұнымыз дұрыс емес
секілді, бұдан гөрі Ахаңның атауы дәл, нық, нығыз. Сондай-ақ, біз бір
еңбегімізде музыканы саз өнері деп қалып едік, соны әуез әлеміндегілер
дереу қағып әкетіп, бұл күндерде жаппай, жамырай, музыканы саз өнері,
музыкантты сазгер деп атап бара жатыр. Мұның өзі Ахаң атауын (әуез
өнері) жетілдіру болып шыға ма, жоқ па, оны келешек көрсетер.
Қалай болғанда да, әйтеуір, осы түрлендірулердің бәрі әдебиеттануды,
Әуезовше айтқанда, «Ахаң түрлеген» түрлер болғандықтан түрлендіріп
жатыр. Бұл ретте де Байтұрсынов бар бастаманың басы (начало всех
начал) болып қалады, қала береді.
Ахаң енді әлгіндей Өнердің өзі белгілеген бес түрінің ішінен Сөз
өнерін (әдебиетті) бөліп алады да, одан әрі тек қана осы өнердің қадір-
қасиетін, сыр-сипатын, болмыс-бітімін таратып талдауға, дәлелдеуге
көшеді. Сөз өнерін басқа бар өнердің басына қояды: «Өнердің ең
алды – сөз өнері деп саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ
мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз
қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама
қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын,
қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй
болсын сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге
өнердің қолынан келмейді» (Шығармалары, 138-бет).
Әдебиет теориясын түгелімен қазақ ұғымына лайықтап осылай
бастаған Ахаң енді өзінің осы қисындарын қағидаға айналдыра,
орнықтыру үшін Абайдың әйелді сымбаттауын («Қақтаған ақ күмістей
кең мандайлы»), күзгі күнді сүгіреттеуін («Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан»), ән мен күйді сөзбен сипаттап-танытуын («Көңіл құсы құйқылжыр
шартарапқа»), Мағжанның толқынды кескіндеуін («Толқыннан толқын
туады, толқынды толқын қуады») мысалға келтіріп, қолма-қол және
жан-жақты дәлелдеп шығады. Бұлар сонда ауызбен айтылған сөз ғана
емес, сөзбен салынған сурет болады да, оқырман оларды құлақпен естіп
қана қоймай, көзбен көріп, қолмен ұстағандай әсерленеді, түсініп қана
қоймай, түйсінеді.
Ахаңның әдеби қисындары осылай нақты ғана емес, затты сипатқа
көшеді. Сонда «толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» деп
Мағжан айтқандай, шын мәніндегі ғұлама ғалымның ой-толғанысқа
толы эстетикалық талғамы мен танымынан осындай нақты да затты
әдеби қисын туады да, ол дәлел мен дерекке негізделген нағыз ғылымға
айналады. Олай болса, Ахмет Байтұрсынов – біздің әсемдік әлемімізде
бірыңғай әдеби ұғым қалыптастырушы ғана емес, әдебиет ғылымын
туғызушы да. Ахаңның қазақ әдебиеттануындағы айрықша орны осылай
бағалануға тиіс.
Ахаң әдебиетті яки сөз өнерін, шығарма сөзді яки әдеби туындыны
156
жеке-жеке алып, әрқайсысына анықтама береді және сол анықтаманы
тұрақты ережеге айналдырмақ болады. «Әдебиет танытқыштың» негізгі
бөлімдері екеу: 1) Сөз өнерінің ғылымы; 2) Қара сөз бен дарынды сөз
жүйесі.
Бірінші бөлімнің ең бағалы жері – мұнда Ахаң әдеби тіл туралы өз
«америкасын ашады», бұған дейін болмаған ұғымдар туғызады, бұған
дейін қолданылмаған терминдер қалыптастырады және өзге тілдердегі
терминдерді сол қалпында сірестіріп әкеліп көшіре салмайды, олардың
кәдімгі «тілге жеңіл, жүрекке жылы» қазақша баламын табады. Өз
«америкасын ашады» деп отырғанымыз осы.
Тыңға түрен салу оңай емес. Тыңға түскен түреннің ізінен дән өсуі
де мүмкін, өспеуі де мүмкін. Жоғарыда айтылды, «Әдебиет танытқыш»
– қазақ әдебиеттануындағы теориялық қисындардың басы (ортасы не
аяғы емес). Сондықтан мұндағы ой-пікірлер су жаңа, бұған дейін үлгісі
болмаған, тыңнан туған нәрселер. Бұлардың ішінде сәтті қиысқандары
да, сәтсіз ұйысқандары да бар. Сәтті қиысқандары қағидалы қисынға
айналады; сәтсіз ұйысқандары әшиін ғана әріпшілдік тәрізді, жай ғана
сауат ашу секілді тым жайдақ, жадағай күйде қала береді. Не нәрсенің де
міні құнының жалғасы деп білсек, «Әдебиет танытқыштағы» әріпшілдік
ара-тұра жасандылыққа, жасандылық қасаңдыққа ауысып отырады.
«Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз» дейді Ахаң. Жарайды, таласпай-
ақ қоялық, әдебиетшінің қолындағы құралы сөз болғандықтан да, әдебиет
– сөз өнері ғой. Бірі – аксиома. Тым ежіктеңкіреп, жайдақтау айтылғаны
болмаса, бұған талас жоқ. «Сөз шумағы – тіл» дейді Ахаң одан әрі. Бұл
арада ұғым ежіктелген үстіне ежіктеліп кеткен.
«Шығарма тілі екі түрлі: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл деп жалғастырады
Ахаң. Бұл жердегі ұғым даулы: «ақын тілі» дегенді әдеби тіл, «әншейін
тіл» дегенді ауызекі сөйлеу тілі деп түсінейік десек, екеуін де «Шығарма
тілі» деп атаған Ахаң. Сонда қалай?! Біріншісі – поэзия, екіншісі проза
болғаны ма?! Онда прозаны (көркем қара сөзді) «әншейін тіл» деуге бола
ма?!
Осындай даулы-даусыз пікірлерінің қорытындысы ретінде мынадай
теориялық түйін түйеді Ахаң: «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді яки
қиялымызды яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек,
сол сөз өнері бола ды» (Шығ., 147-бет).
Жоқ, жалпы әдебиет туралы ғылымның бүгінгі биік деңгейінен
қарасақ, Ахаңның бұл қисыны көркем әдебиетгтің яки сөз өнерінің
теориялық анықтамасы болады деу қиын. «Бір нәрсе турасындағы пікірді
сөз арқылы жақсылап айта білу» жазушының ғана емес, ел-жұртты сөзіне
жүгіндірген қазақтың билерінің де немесе мінбеден жанып, жалындап
сөйлеп, тыңдаушысын ұйытқан шешеннің де қолынан келуі мүмкін.
Бірақ билік те, шешендік те жазушылық емес.
Біздің бұл пікіріміз Ахаңды сынау үшін айтылып отырған жоқ, Ахаң
157
өзінің әдеби қисындарын туғызып, тыңға түрен салған тұста қазақ
қоғамындағы әдебиет туралы ұғым-түсініктің, жалпы эстетикалық ой-
сананың дәрежесі қандай екенін аңғарту үшін айтылып отыр. Демек,
Аристотельдің «Поэтикасын» қаншама әлемдік әдебиет теориясының
басы дей тұрсақ та, біздің дәуіріміздегі әдеби қисындар Аристо тель
тұсындағы дәрежеден әлдеқайда ілгері кеткені секілді, Ахаңның әдеби
қисындарын қаншама қазақ топырағындағы әдебиет теориясының басы
дей тұрсақ та, біздін бүгінгі әдеби-теориялық таным-толғамдарымыз
Ахаң тұсындағы деңгейден әлдеқайда биіктеп кеткенін мойындамасқа
бол майды. Әйтпесе, біз қазіргі қазақ қоғамындағы көркемдік дамудың
байыбына бара алмас едік.
Сөз өнерінің ғылымын Ахаң тағы да екіге бөледі: 1) шығарманың
түрінің ғылымы, 2) шығарманың тілінің ғылымы. Шығарманың түрі
әрине, әдеби жанрға меңзейді. Ал, шығарманың тілі, сөз жоқ, әдеби тіл.
Бұл соңғы мәселені талдап-тексеруге келгенде әдебиетші Байтұрсыновқа
тілші Байтұрсынов қосылады да, мұншалық іргелі де күрделі тақырыпты
бүкіл тамыр-тереңімен қопара зерттеп, одан қағидалы қисындар туғызып,
күні бүгінге дейін мәнін де, маңызын да жоймай, аса зәру қалпында
тұрған қазақ әдебиеттануындағы көркем сөз теориясының іргетасын
қалап, негізін салады. «Әдебиет танытқыштың» бұл бөлімі оның бары
мен нәрі. Қазіргі қазақ филологтарының қай-қайсысы болмасын, бұл
бөлімдегі Ахаң қисындарынан аттап та кете алмайды, айналып та өте
алмайды.
Байтұрсынов бұл бөлімді тіл қисынынан яғни «асыл сөздің асыл
болатын зандарын, шарттарын танытудан» бастайды. Алғашқы шарт
ретінде сөз талғау керектігін ұсынады. Талғам Ахаңша бес түрлі: 1)
дұрыстық; 2) тазалық; 3) анықтық; 4) дәлдік; 5) көрнекілік.
Бұлардың ішіндегі әсіресе тіл тазалығы туралы тұжырымдар –
терең бағдарламалық түйіндер: «тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің
сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау» (Шығ., 151-бет). Дәл бүгін
айтылғандай! Егемен Қазақстанның мемлекетгік тіліне қойылатын ең
зәру шарт осы емес пе?! «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген
жұрт, – дейді Ахаң одан әрі, – өз тілінде жоқ деп жұрттардың тіліндегі
даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-
араластыра ақырында ана тілінің, қайда кеткенін білмей айырылып
қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін,
ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына
қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз ке рек. Сонда біздің
әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының
шарты орындалған болады» (сон да). Даналық пікір!
Сөйлемнің дұрыс құрылуы, мағынаның анық болуы, сөздің дәл
айтылуы көп дәлелдеуді керек етпейді. Көрнекілік дегенді Ахаң «өң
берілген сөздер» деп түсіндіреді: «Тіл көрнекі болуы үшін дерексіз нәрсе
158
деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның
сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек» (Шығ., 154-бет).
Ол үшін істелетін амал-ғамалдарды Ахаң үш топқа бөледі: 1) көріктеу; 2)
меңзеу; 3) әсерлеу.
Бұл үш топқа бөлініп-топтастырылған ғамалдар күллі әлем әдебиетінің
бәріне ортақ теориялық тәсілдер-түсініктер мен терминдер. Жалғыз-
ақ Ахаң соларды, әлгіде өзі айтқандай, даяр күйінде ала салмайды,
әрқайсысына балама боларлық «ана тілімізден қарастырып сөз табады».
Ахаңның бұл табыстарын өзінен кейінгі әдебиетшілердің бәрі іс жүзінде
түгел қолданып жүр. Әрине, әркім қабілеті мен мүмкіндігі жеткен
жерге дейін ғамалдайды, түрлендіреді, жетілдіреді, бірақ негізінен Ахаң
іздеп тапқан балама-терминдерге сүйенеді. Соларды жалғастырады.
Ережелерін әркім өзінше жасағанмен, атауын көбінесе қалпында
қалдырады: айқындау, теңеу, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу,
әсірелеу, меңзеу, шендестіру... – бәрі де бүгінгі біршама қазақыланған
әдебиет теориясына «Ахаң түрлеген» күйде көшкен.
Ахаң тіл (лұғат) әуезділігіне үлкен мән берген, сондықтан болса керек,
әуезділіктің шарттарын белгілеген. Сол арқылы сөз әуезділігі, сөйлеу
әуезділігі деген ұғым қалыптастырып, одан бірнеше қисын туғызған.
Тіпті сөз бен сөйлемдер ауызекі сөйленген уақытта құлаққа жағымды
естіле ме, жағымсыз естіле ме, соған да ерекше назар аударып, екшеп,
ежіктеп түсіндірген. Бұл тұста Ахаң сөйлемдердің өзін екіге (өрнекті
сөйлемдер, өлеңді сөйлемдер) бөліп алып, біріншісінен 9 түрлі оралым
құрастырады; екіншісін тағы екі (әнді өлең, мәнді өлең) айырып, одан
мынадай тұжырым жасайды: «әні басым мәні кем, ажары аз өлеңге қара
өлең деп ат қойып, әні кем мәні мол ажарлы өлеңге жыр деп ат қойған»
(Шығ., 187-бет).
Тағы да айтамыз, Ахаң – әрі тілші (лингвист) әрі әдебиетші (зерттеуші),
осы екі қырының екеуінде де ойшыл-оқымысты, ғұлама ғалым. Оның
үстіне нағыз творчестволық тұлға, сондықтан оның әдебиет мәселелерін
қозғаған уақытта тілшілігі, тіл мәселелерін толғаған уақытта әдебиетшілігі
бір-біріне бұрымдай өріліп, бірін-бірі нұрландыра жарқырай көрініп
отырады. Сонымен қатар ол әдебиет мәселелерін қозғап, тіл мәселелерін
толғап қана қоймайды, екеуін бір-біріне байланыстыра, кең, терең
байыптайды, жан-жақты зерттейді, байыптап, зерттеп қана қоймайды,
өзі творчестволық тұлға болғасын, байыптауларынан тым тұрлаулы ұғым
туғызады; зерттеулерінен бұрын басқалардың ойына келмеген, миына
енбеген жаңа әрі тұрақты теория жасайды, қисын қалыптастырады. Осы
әрекеттерінде ол батыл ғана емес, орасан тұжырымды, үзілді-кесілді...
«Айтты – болды, кесті – үзілді», әр ойының өрнегін өзгермейтін заңға
айналдырады, әр пікірінің түйінін қатал қағидаға айнылдырады. Бұл
ретте Ахаң кейде, тіпті шамадан тыс қисыншыл.
159
Айталық, анау 9 оралым. Әр оралымда Ахаң ауыз әдебиетінен
мысалдар келтіре дәлелдегенмен, бұлар әдебиет теориясынан гөрі
тікелей тіл біліміне хас нәрселер. Онда да бұлар біздегі тіл біліміне Ахаң
енгізіп-заңдандырған, мәселен, етісті (етістік деген атаудың өзі Ахаңдікі)
әрлендірген ырықты, ырықсыз дегендер я болмаса сөйлемді нәрлендірген
салалас құрмалас, сабақтас құрмалас дегендер секілді кірігіп, әбден
орнығып алған қағидалы ұғымдарға айнала ма, жоқ па, оны іс жүзінде
тәжірибе көрсетер. Ал, әдебиет теориясына хас әнді өлең, мәнді өлең
деген ұғымдар әшейін ауызша айтуға әдемі көрінгенімен әдеби қисынға
айнала алмайды. Әсіресе, қара өлеңнің әні басым мәні кем, жырдың әні
кем мәні мол деген тұжырымдары тым ұшқарылау. Сол секілді «адам
баласының сөзі екі түрлі орынға: күн көріс ісіне, көңіл көтеріс ісіне
жұмсалған. Бастапқысына қара сөз деп, соңғысына өлең деп қазақ ат
қойған» (Шығ., 186-бет) деген қорыту да көңілге қонбайды, дәлелі мен
дерегі осал, сондықтан иландырмайды.
Асылы, Ахаңның әдеби қисындарын әлемдік әдебиеттанудың біздің
дәуіріміздегі биік деңгейінен терең таныммен, талғаммен келіп игере
білуіміз шарт. Айтып отырмыз ғой, Ахаң тек аузын ашса болды, әр сөзін
ережеге айналдырады. Задында, қиыннан қиыстырушының құлқы сірә,
осындай болатын шығар.
Сөздің өнер болатын мәнісін түсіндіре келіп, Ахаң өлең туралы
қисындарын қалыптастыруға көшеді. Сөйлем сөзден құралса, сөз
буыннан тұратынын айта келіп, буын ырғақпен екшелетінін дәлелдейді.
Ырғақтың өмірде де, өнерде де шешуші мәні бар екені баршаға аян. Өлең,
тіпті, Маяковскийше айтсақ, ырғақтан туады. Өлең мен қара сөз (поэзия
мен про за) туралы пікірлер де қилы-қилы, қым-қиғаш қызық. Ни колай
Тихонов, мәселен, қара сөз – жаяу кісінің жай жүргені де, өлең жүгіргені
секілді дейді. Бұлардын бәрі – ой, пікір. Бұлардың бәрі – ойласу, кеңесу
үшін айтылған.
Ахаң олай етпейді, ойларын ортаға салып, өзгелермен пікірлесіп
жатпайды. Бір өзі бірден үзілді-кесілді тұжырым жасайды: «Буын
ырғағынан өлең ырғағын айыру үшін бұл ырғақты жорғақ деп атаймыз»
(Шығ., 189-бет). Көріп отырсыз ба, жоқ жерден жорғақ деген термин
туды. Ізінше «жорғағы келмегенде жорға деуге болмаған сияқты жорғағы
келмеген өленді өлең деуге болмайды» (Шығ., 190-бет) деп тағы да кесіп
айтады да, қисынын қағидаға, қағидасын заңға айналдырады. Өлең заңмен
жазылмайды, заңға бағынбайды. Бұл даусыз. Десе де өлең теориясына
Ахаң енгізген «жорғақ» де ген ұғымды заңдандыру жолында дауласуға
әбден болады. Томашевскийдің «өлең туралы ой-тұжырымдардың бәрі
даулы, сондықтан бәрі қызық дейтіні» осы ғой.
Бір даусыз шындық: қазіргі қазақ өлеңінің теориясы Ахаңсыз аттап
баса алмайды. Өлең кестесін айшық деп атаған Ахаң оның ішкі сыры мен
сыртқы түрін былай түрлеп-түстеп шығады: «Айшықтың әрбір тақтасы
160
шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады. Әр
шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз өлеңнің әрбір жолы.
Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда
сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде
бірнеше буын болады. Бунақ буыны болатын кәдімгі сөз буыны» (Шығ.,
192-бет).
Қазақ өлеңінің құрылысын талдап-тексергенде онын жүйесін,
ырғағын, ұйқасын сипаттай келе, айшығын әрлеп, шумағын түрлеген
Ахаң атауларын пайдаланбайтын бір де бір зерттеуші жоқ. Ахаң
қисындары тәжірибеге осылай көшіп отыр. Ахаң қисындары біздің
ұлттық әдебиетіміз бен әдебиеттануымызда тыңнан туа салған жоқ.
Әрине, не көктен түскен не жерден шыққан нәрсе емес, бүкіл әлемдік сөз
өнерінің күллі адамзатқа ортақ үлгісі мен үрдісінде жасалған дүниелер.
Осының дәлелі ретінде ғұламаның «Өлең ағындары» ту ралы ой-
толғамын алып қаралық: «Өлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде
таңдамалы да, талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе,
өлең өлең болмай шығады. Талғамалы орнына назар салынбаса, өлең
жорғағынан жаңылады. Бунақтың таңдамалы орны тармақ аяғында бола-
ды, талғамалы орны тармақтың басы мен ортасында болады» (Шығ.,
198-бет).
Таң қаласыз: ағындар таңдамалы, талғамалы... Не деген ағыл-тегіл
байлық?! Туған тілінің хан-қазынасына еркін еніп, мұхитында балықтай
жүзетін асқан білімпаз тіл маманы ғана іздеп тауып, тың мағына,
нәзік түсінік бере алатын сөздер емес пе?! Әйтпесе, өлеңге ағынды
байланыстыру, таңдаудан талғауды ажырату, сөйтіп барып әрқайсысынан
жеке-дара қисын туғызу екінің бірінің қолынан келе қояр ма?!
Дей тұрғанмен, осылардың өзі де жалпы әдебиет туралы ғылымдағы,
оның ішінде өлең теориясындағы көпке мәлім үлгі мен үрдістен аулақ
жатқан жоқ. Ахмет Байтұрсынов қисын туғызудың, термин жасаудың
жөні осы екен деп, сөз өнерінде мүлде икемге келмейтін ұғым мен
атауларды күштеп әкеп, тізеге салып иіп жатқан жоқ. Жоқтан бар жасап
жатқан да жоқ. Барды байытып жатыр. Жалпы ұғымды нақты ұғымға
көшіріп, оған ұлттық түр, халықтық сыр дарытып жатыр. Бағамдап
байқасақ, орындары тармақтың басы мен ортасында болатын талғамалы
бунақтар кәдімгі цезуралар екен де, орны тармақтың аяғында болатын
таңдамалы бунақ клаузула екен. Бұларға бұдан артық балама табу,
қазақша ұғым беріп, қазақы терминге айналдыру мүмкін емес. Осы
ретпен Ахаң бунақтар арасындағы дауыс толқынының жіктеріне дейін
бажайлап тексеріп, тарата талдап, оларға кезек деп ат береді: «Кезек екі
түрлі болады: 1) ұлы кезек; 2) кіші кезек» (Шығ., 206-бет). Япырмай,
мұндай да сұңғылалық болады екен-ау?!
Біздің бүгінгі төл әдебиеттануымыз бен тума тіл білімімізде ғажайып
дәстүрге айналуға лайық Ахаңның Ахаңдығы деген осы емес пе?!
161
Достарыңызбен бөлісу: |