Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет110/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

лирикалык каһарманның
ұғым 
ретіндегі кейбір астарын Н.Грибачев жатырқаса, О.Берггольц жан сала 
жақтайды»
45
.
Мұндай таластар болған, бола берсін, бірақ әйтеуір әдебиеттің лирика 
деген тегі бар да лирикалық образ жасалмай тұрмайтыны хақ.
Драмалық образ
– эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз 
бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе-көз, қолма-қол 
жасалатын көркем бейне. 
Юморлық образ 
– күлкілі кейіпкер; юмор – өмірдегі кісі күлерлік 
құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. 
Ал күлкіні әншейін жеңіл-желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор 
қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. 
Сатиралық
образ
– ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс 
– керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері 
кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, 
45
Разговоры перед съездом. Сборник статей. М.: Советский писа¬тель, 1954. стр. 265-292.


178
қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. 
Күні өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған 
адам бойынан жиреніш шақырады. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік 
пен мансапқорлықты, усойқылық пен ұятсыздықты, әйтеуір өмірдегі 
зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырасыз 
күреске үндейді, сөйтіп ілгері басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады.
Мәз болады болысың, 
Арқаға ұлық қаққанға 
Шелтірейтіп орысың, 
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма, 
Бір қылығы жаққанға? 
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?
(Абай)
Сатираның юмормен бірлігі – мұнда да юмордағы секілді күлкі 
болады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, ажуа емес, ызалы күлкі – мазақ, 
сықақ, мысқыл, кекесін; мұндағы күлкі – кекті күлкі. Ал, К.Федин 
айтқандай, долы күлкі дойырдан күштірек екені мәлім.
Фантастикалық образ 
– 
қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа 
ұксас арманында бедерленген бейне; әдебиеттегі адам образының бағзы 
замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрінің бірі.
Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – 
ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегілердегі 
адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім
.
Бұл да 
фантастикалық образдың көнелігін куәландырса керек.
Дүниежүзілік көлемде тұңғыш фантастикалық қаһарман ретінде 
Жерден Күнге дейін ұшып барған Икарды атайтын болсақ, қазақ ауыз 
әдебиетінің де өз келесінде туғызған кереметтері бар. Солардың бірі – Ер 
Төстік. Бұл образ хақында Қажым Жұмалиев былай деген: «Халықтың 
тілегі, арманы – адамның табиғатқа ие болу, табиғатты өзіне бағындыру, 
адамның күшті болуы, оның қолынан не де болса келетін болуы болса, 
Ер
Төстіктің образы сол тілек пен арманның сәулесі деуге болады»
46
. Бұдан 
шығатын байлау – фантастикалық образ құр қиял ғана емес, көпке ортақ 
биік мақсаттарға, асқақ армандар мен асыл мұраттарға тамыр тартады.
Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам 
бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, 
адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес 
тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жеңіп 
болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер 
жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыстар өмірде де, өнерде де 
юморлық не сатиралық құбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада 
күлкілі жайлар ажуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда 
46
Жұмалиев Қ. «Қазақ әдебиеті», 1943. 48-бет.


179
қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық 
қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені оның 
айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. 
Сондықтан да қаһарман – халықтың алыс арманы, алдағы бақыты 
жолындағы күрестің құрбаны. 
Қазақ әдебиетінде трагедиялық образдың небір керемет үлгілері бар. 
Әсіресе әйел образы айрықша галерея құрай алады: Қыз Жібек пен Баян 
сұлу, Қамар мен Шұға, Еңлік пен Сұлушаш Құралай мен Күләнда... 
Осылардың қай-қайсысын алмаңыз, қасіретті, қиын тағдырлары 
оқырманды енжар қалдырмайды, оның ой-сезімін тұтқындап, баурап 
алады, жан дүниесін тебіренте сілкіп-сілкіп қалады, оны әрқайсысы өз 
тағдырына ортақ етеді. Трагедиялық образдың өзгеше эстетикалық мәні 
осында жатса керек.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша 
сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл 
мұраттарынан туған тарихи тип.
Әдебиет – әдебиет болғалы алдына тартылып, әр тұста әр дәрежеде 
шешіліп келе жатқан ұнамды кейіпкер проблемасының өткен-кеткенін 
шолып қарасақ, әр дәуірдегі әр алуан сөз шеберлерінің кейінге мұра етіп 
қалдырған талай тамаша туындысын, талай тамаша тұлғасын көруге 
болады. 
Ұнамды кейіпкер – тарихи категория. Ахиллес пен Прометей 
заманында Рудин мен Рахметовтің болуы мүмкін емес. Сондай-ақ 
Рудин мен Рахметов өмір сүрген дәуірде Ахиллес пен Прометей сияқты 
образдар жасау өнері болмас еді. Демек, осылардың әрқайсысы бірін-бірі 
қайталамай, тек өз дәуірінің шындығы мен сипатын сәулелендіргендіктен 
ғана типтік тұлға, ұнамды қаһарман дәрежесіне көтерілді. Рудин мен 
Рахметовте Ахиллес пен Прометейде жоқ, мүлде жаңа қасиеттер 
болғандықтан ғана бұлар ұнамды кейіпкерлер галереясын толықтырар 
тірі тұлғаларға айналған-ды. Бірақ осылар бір-бірінен қанша аулақ 
жатқанмен бәріне ортақ бір әлсіздік бар еді: бұлардың қай-қайсысы да өз 
тағдырының еркі өз қолдарындағы азат адамдар емес-ті. Тіршілікті тірі 
кісі емес, тірі кісіні тіршілік билейтін. Сондықтан олардың өресі де, өрісі 
де тар еді.
Әдебиеттегі геройлық дегеннің өзі – қоғамдық, адамдық биік мақсат 
жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қаһармандықты жырлау. 
Адам рухының ұлылығын қастерлейтін әдебиеттегі геройлық сөз 
өнерінің ең сұлу һәм сырлы қасиеттерімен біртұтас. Бұл ретте, геройлық 
образ – суреткердің ең биік идеалының яки асыл мұратының көркем 
жинақталуы.
Геройлық образ – еңбек пен күрес адамының көркем әдебиеттегі 
ең көрнекті типі, ұлағатты түрі, биік үлгісі. Сөз өнеріндегі геройлық 
дегеннің орасан зор тәрбиелік мәні де осында жатыр.


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет