Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет108/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

жанама мінездеу.
Мұнда әлгідей төтеден сипаттау 
болмайды, жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген 
жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысы бар өзге 
заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. 
Міне, бір топ адамға ортақ оқшау мінезді жазушы осылай аңғартады. Бұл 
арада әр адамның не бар адамның мінезін тікелей баяндау жоқ, солар 
тұратын үйді суреттеу арқылы танытып отыр. Мұндай мінездеу – жанама 
мінездеу.
Әдебиеттегі адамның ішкі бітімі тек мінездеу немесе жанама мінездеу 
арқылы ғана жасалмайды, типті тұлғалауға қажетті өзге тәсілдер де 
түгел осы мақсатта қызмет атқарып жатады. Адамның әлдебір күйініш-
сүйінішін немесе кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу, оның өз 
сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат 
құбылыстарын суреттеу... – осылардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттегі 
адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек. 
Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес 
нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлықтың жан түсінбес қиын 
құпиясын жарқ еткізіп ашып, қопара көрсеткен осынау керемет зергерлік 
– образ жасаудың тағы бір тамаша тәсілі – озғыш үлгісі. 
Адамның сезімін, 
күйіну не сүйіну халін суреттеу
деп осыны айтады.
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді 
суреттеу, адамның 
өз сөзін
(монолог) немесе 
өзгемен сөйлесуін
(диалог) 
келтіру – осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, біріне-бірінің қатысы 
жоқ дара мақсатты (самоцель) нәрселер емес. Керісінше, бірін-бірі 
толықтырып, бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер. 
Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған 
болар еді.


175
VI
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. 
Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері 
де әр алуан. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, 
тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, 
образ екі түрлі 
романтикалық образ, реалистік образ.
Әдеби тек 
тарапынан келгенде, образ үш түрлі: 
эпикалық
образ, 
лирикалық
образ, 
драмалық
образ
. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, 
образ тағы да бірнеше түрге: 
юморлық образ, сатиралық образ, 
фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ, т.б.
Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу 
әдебиетшіге ауадай қажет.
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (роман тизм, 
реализм). 
Романтикалық образ
– әдебиеттегі адам бейнесінің 
байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне 
дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп 
табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде 
жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да 
телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. 
Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде 
әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық 
ертегілері мен аңыздарыңда, батырлық дастандары мен тарихи 
жырларында жасалды. Сонау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ 
пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін, одан 
Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбарға дейін қазақ 
фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін 
көруге болады. Абайдан бергі жаңа, жазба әдебиетімізге келетін 
болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мағауия Абайұлы, Ығылман 
Шөреков пен Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров 
пен Мағжан Жұмабаевтың поэма-дастандарында да талай тамаша 
романтикалық образдар жасалған. С.Мұқановтың Сұлушашы мен 
Ж.Саинның Күләндасы, Ә.Тәжібаевтың Абылы мен Қ.Аманжоловтың 
Абдолласы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі көптен-көп романтикалық 
образдардың жекелеген қадау-қадау үлгілері ғана. 
Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болса да 
молынан кездесетін образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Бір ғана 
Ғ.Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы 
Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі 
әсем типтерін айта қалғандай шеберлікпен жасап берді.
Көне грек әдебиетіндегі Прометей, кешегі қазақ әдебиетіндегі 


176
Асан, бүгінгі орыс әдебиетіндегі Данко – әдебиеттер тарихында жалпы 
дүниежүзілік тұрғыдан қарағанда шын мәніндегі мәңгілік образдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет