Әдебиет тарихы
жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл
адам баласының тарихында
көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын,
кайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді.
Қай
халықтың болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ
кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті
туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын
саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапка салатын да әдебиеттің
тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нүсқасына тарихи
тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне
байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары
болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби
дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын
зерттеушілерге басты талап дәл осы тұрғыдан қойылады.
Қазақтың бай ауыз әдебиетін өз алдына қоялық. Ол туралы ой-
пікірлер анық. Әлі зерттелу үстіндегі, халқымыздың жазу-сызуының
басы болып танылып жүрген көне ескерткіштерге, ежелгі әдеби
нұсқаларға көз салып, көңіл бөлсек, бұлардың эстетикалық құны мен
ғылымдық мәнін; бағалау үшін тек қана әлгі айтқанымыздай тарихтық
тұрғы яки көне мұраға нағыз тарихи көзқарас керек. Орхон жазуындағы
жырларға қараңыз:
Иалаң будунығ тоңлы,
Чығай будунығ бай қылтым.
Аз будунығ үкүш қылтым,
Ығар еллігде йег кылтым.
Төрт булундақы будуныг
Көп баз қылтым,
Иағысыз қылтым...
Бұл жолдар – бұдан он-он бес ғасыр бұрын біздің ұланғайыр ұлы
даламызды мекендеген түркі қағанатының тұсындағы баба буынның
бағзы тайпалардың келер ұрпақка мұра болсын дегендей тасқа қашап
қалдырған таңба-жазбалары. Осы ескерткішті В.В.Радловтың қалай
аударғанын еске ала отырып, біздің зерттеушілер ежіктеп байқағанда
былай болып шыққан:
190
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым,
Төрт бұрыштағы халықтың
Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым...
Бүгінгі биік талғаммен өлшесек, бұл жырдың эстетикалық құны, әрине,
онша мықты емес. Тарихтық тұрғыдан тексеріп, таным тарапындағы
мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса
бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғартады, енді дәл
осы іспеттес өлең сөзде XV ғасырдағы белгілі Доспамбет жыраудың:
Ағарып атқан таңдай деп,
Шолпанды шыққан күндей деп,
Май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз —
деген толғауында жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке
ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқасақ, XIX ғасырдағы
әйгілі Махамбет ердің:
Садағына сары жебені салдырған,
Садағының кірісін Сары алтынға малдырған,
Тереңнен көзін ойдырған.
Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қондырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан –
деген елеңіндегі әсем өрнекке дейін ұстарғанын көреміз де, одан келе өз
замандасымыз Сәбит Мұқановтың:
Тобылғы қырдын қызыл қынасындай,
Гүлі көздің жанады шырасындай.
Сайрауы гүлге қонған бұлбұлының
Қазақтың бұлбұл құсы Күләшындай, —
деп, сөзбен салған сұлу суретін оқығанда, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы
қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз.
Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып, білуге
болады. Бұл – қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың
белгінің тек біреуі ғана. Әдебиеттің барлық калыптасу, даму тарихын
191
жан-жақ талдап, түсінуде әдебиеттанудың әлгі саласы атқарар қызметі
тіпті бөлек, тендесі жоқ.
Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен
бірге, әдебиет сынымен тығыз байланысып жатады.
Әдебиет сыны
әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне
белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан- жақты талдау, оның
идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні
мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының
бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның
творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан,
оқырманды оқығаңдарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс
бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен окырманның
екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз.
Сыншы –
қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби
құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын
қоғамдық, ой-пікірдің озғын өкiлi.
Әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сынның
ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік
талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты.
Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның
көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма
болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы
бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, критерийлері бар. Мұны
білу, игеру де оңай емес. Біреулер көркемдік критерий дегенді әдеби
шығарманың кемшілігін ғана қазбалау деп ойлайды. Бұл – қате ұғым.
Көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын
көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі – осы. Кез келген шығармада
болатын үлкенді-кішілілі кемшілікті табу бәрінен. оңай. Ал шығарма
несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен
сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын. Бұл сыншының берік
принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін,
биік талғамын керек етеді.
Белинскийдің анықтауынша, «сыншы таланты – сирек талант, сыншы
жолы – тайғақ һәм қатерлі жол» да, шын мәніндегі әдеби «сын – қимыл,
қозғалыс үстіндегі эсте тика». Эстетика – қоғамдағы көркемдік даму
тәжірибесінің теориялық жинақталуы (обобщение) екені мәлім. Бұл
ретте, біздің эстетикалық ғылым да, әдеби сын да еліміздің идеялық
тіршілігімен біте қайнасып, бірге тыныстап, бірге ілгерілеп отыруға тиіс.
Жұртшылық әдебиет сынын осындай ірі талаптың биігінен тапқысы
келеді.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы
(теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттің
192
теориясын нәзік түсінбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау;
тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес екені екінің біріне
аян. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі
әдебиеттанудың үш саласына да жетік, білімдар едебиетші болуы шарт.
Мұндай әдебиетшіліктің үлгісін орыстың революционер
-
демократтары
Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов көрсеткені жұртқа
мәлім: олар әдебиеттің данышпан сыншылары ғана емес, тамаша
тарихшылары және терең теоретиктері де бола білген еді.
Әдебиетшінің әдебиет туралы ғылымды, оның әлгідей
Достарыңызбен бөлісу: |