187
алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол
шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал
жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана
қалады.
Бұл – сюжеттің әдеттегіше классикалық басталуы, мұны, шартты
түрде,
тура экспозиция
деуге болар еді.
Шарықтау шегі
(латынша
саlтеп
– шың) – cюжеттік дамудың ең
жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше
күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп
шыққан биігі.
Шешім
(орысша
развязка
)
–
шығарма сюжетінің де шешуші
кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына
шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың,
күрделі күрестің бітуі; түрлі тағдырлар тартысынан туған нақты
нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс-
көріністердің соңғы сахнасы.
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес,
сюжеттен тыс нәрселер де кіретінін біз жоғарыда айттық. Солардың бірі
–
пролог
(грекше
prologos
– алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспенің бір
түрі.
Пролог әр тұста әр сипатта болған. Мысалы, көне Грек трагедияларында
көрермен көңілін сахнаға аударар арнау, жарлау ретінде де қолданылған.
Прологпен қатар тоқтала кетуге болатын бір нәрсе –
эпилог
(грекше
epilogos
– соңғы сөз) көркем шығарманы қорытудың бір түрі
:
тартыс
аяқталып, өзекті оқиға біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп,
басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де,
сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: