183
тақырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше, бірін-бірі толықтырар
бірнеше идея туғызуы. Бұл өзгешеліктің түп тамыры әр жазушының тек
өзіне тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік творчестволық
ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әp жазушы бір тақырыпты әр қырынан
жарқыратып ашып, оған әрқашан жаңа, жас мазмұн мен пішін бере
білген.
Тақырып пен идеяның маңында тереңірек тексеруді, талдауды тілейтін
мәселелер көп. Сырттай қарағанда, кәдімгідей даулы, талас түсініктер де
жоқ емес. Мысалға Шәңгерей Бөкеевтің «Ұршық» деген өлеңін алуға
болады. Ұршық, кәдімгі жіп иіретін ұршық. Осында не тұр?! Түк те
тұрған жоқ, ұп-ұсақ қана нәрсе. Ал оқып қаралық, өлең бір-ақ шумақ:
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда ескен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.
Тамаша! Кішкене нәрседен ақын үлкен философия туғыза білген.
Мұндай үлкен идеяға әкелген тақырыпты, әрине, ұсақ деуге болмайды.
Шындық – күрделі болса, одан туған шығарма да – күрделі. Өмірдегі
оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны
да әр алуан. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, әрине, солай
болуы мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта немесе
кең көлемді эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырьш,
бірнеше идея болады.
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп
болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады.
Ол бірлік – идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау болып отырған
шындықтан туады. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен-
бірі тоғысып, ұштаса жалғасып кеп, ақыр аяғында бір сағаға сарқып
құяды. Осыған келіп, оқырманда дәл осы шығармаға деген бүтін, тұтас
бір көзқарас туады да, нәтижесінде шығармадағы орталық, өзекті мәселе
айқындалады.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен
идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей,
өзекті мәселені негізгі
идея
дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: