199
Әл-Фараби өлең жазатыңдарды үш топқа бөледі: бірі – тумысынан
ақпа-төкпе, ағыл-тегіл дарындар; екіншісі – туғаннан соң жетілген, өлең
өнерінің барлық құпиясымен жете таныс «ойлампаз» таланттар; үшіншісі
– тума қабілеті де, табиғи таным-дарыны да жоқ, жоғарғы екеуіне
еліктеумен ғана жүретіндер. Бұлардың біріншісі – ауыз әдебиетіндегі
суырып салма –импровизатор жырауларға, екіншісі –
жазба әдебиеттегі
профессионал ақындарға, үшіншісі – әр тұста да бола беретін әшейін
әуесқойларға берілген мінездемелер секілді. Әл-Фарабидің «Поэзия
өнері туралы» трактаты түгелімен өлең құрылысына – өлең өлшемдерін
талдауға, өлеңдегі ырғақ пен буын мәселелерін тексеруге арналған.
Осы трактаттарының қай-қайсысында болсын, ұлы ғалым өнер
атаулының ақиқат өмірден ғана туатынын терең білгірлікпен тап басып,
дәл түйген. Бұдан мың жылдан астам бұрынғы «соқтықпалы, соқпақсыз»
бұлыңғыр дәуірде мұншалық сара ой-сана иесі болу адам баласының
парасат тарихында дара туған даналардың ғана үлесіне тиген. Демек,
Әбу Райхан Бируни (973-1050), Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037), Омар
Һәйям (1048-1130), Роджер Бэкон (1214-1294), Әбдірахман Жәми (1414-
1492) секілді әлемге әйгілі ойшыл- ғұламалардың әл-Фараби еңбектерін
ғұмыр бойы үлгі, өнеге тұтып өтулері тегін емес.
Достарыңызбен бөлісу: