IV
Драма
(грекше
drama
– қимыл, әрекет)
– әдебиеттің үшіншиі тегі,
шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен
тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі
арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр
–
«әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ,
эпос пен лирика «ақиқат әлемінің екі қиыры» болса, драма – сол екі
қиырдың қосындысынан туған «үшінші, тірі, өз алдына бөлек», аралық
әлем – «поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі».
Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы бәрінен бұрын,
оның қиындығын айтады. Мұнда үлкен себеп бар, өзге жанрлардай
емес, драматургияда шарттылық көп. Драматургиялық шығармаға көлем
жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын жетпіс-сексен беттен
аспауы шарт.
Бұдан екі жарым мың жыл бұрын Эллада елінде туған трагедия Дионис
театрында ұзақ ойналған, гректенген Римге ауысқан комедияларды да
жұрт ұзағырақ көрген; ал Орта ғасыр тұсында мистерия атанып, Батыс
Европа елдеріне кең тараған шіркеу драмалары тәулігіне сегіз сағаттан
ойналып, кем дегенде үш күнге, керек десеңіз, тіпті, он, жиырма, отыз,
қырық күнге дейін созылатын болған. Бірақ мұның бәрінің себебі бар
және мұның бәрі – тарих. Бүгінде екі жарым, үш сағаттан аса жүретін
пьесаны жұрт онша құмартып қарамайды, сондықтан ең көп перделі
пьесалардың көлемі де белгілі мөлшерден аспайды. Драматург барлық
шындық пен образды сол белгіленген мөлшерге қалай да сыйғызуга тиіс.
Бұл – бір қиындық.
Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың
сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа
негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана, автор сахна сыртында,
залда қалады. Автор үнсіз, тілсіз қай сөзді қалай айту керек екенін режис-
сер мен актерге жақшада жай көрсеткені болмаса, дәл спек такль үстінде
автор дәрменсіз; әр қаһарманның не айтып қойғанын немесе неге олай
дегенін түсіндіріп, залда отырған әр көрерменнің құлағына сыбырлап
жүру автор қолынан тағы келмейді.
Демек, драмадағы ең басты, ең шешуші, ең негізгі нәрсе – тіл.
Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде, пьесадағы әр сөз мірдің оғындай
өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей көкейге саулап құйылардай таза,
мөлдір, санаға дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма
тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке
суреттелетін шындық пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет.
Ал әр сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің
мінезін аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Бомаршеден
217
Треновқа дейінгі ірі драматургтардың бәрі пьесадағы әр сөзді алдымен
өздері ойша жасаған геройлар аузынан естіп қана қағазға түсіргендерін
айтуы тегін емес. Міне, осындай, шығарманың тек қана кейіпкер сөзіне
құрылуы – драматургиядағы екінші қиындық.
Үшіншіден, драма деген терминнің мағынасы қимыл екенін тегін
деуге тағы болмайды: қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық
шығарма да жоқ. Тартыс атаулының ең бір шиеленіскен, шым-шытырық,
күрделі түрі пьесада жатады. Арқауында аса маңызды, қатал, қиын
қақттығыстар жатпаған пьеса – пьеса емес. Қаһарман сахнаға шықты ма,
болды, дереу іске, әрекетке көшуі қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл
үш минут отыра алмайды. Сырғып перде ашылды ма, болды, сахнада
бірін-бірі ауыстырған суреттер, эпизодтар, оқиғалар тұтасып, дами
бастауы шарт және әрбір эпизод тек қана қажеттіліктен туған қалаулы,
қастерлі құбылыс болуы керек. Мәнсіз, мағынасыз көрініспен көрермен
көңілін аудару қиын. Осылардың бәрі сахнада өмірдің өзекті шындығын
жинақтау үшін қажет және осылардың бәрі драматургтың жазуында
бағана айтылған жетпіс-сексен бет көлеміне, актердің ойнауында екі-үш
сағат аясына қалай да сыюы шарт.
Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға
қадалтар қаракет табу, оның жан дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс
табу – қиынның қиыны. Баяғы грек трагедияларында тартыс, тайталас
мұншалық қиын секілді көрінбейтін; грек құдайлары қырсықтан-
қырсыққа кезігіп, қырылып жататын; тартыс, тайталас туғызу үшін
Ю.Олеша айтқандай, сахнадағы персонажға зақым келтіру-ақ қиын:
баяғының пьесалары (Шекспир, Шиллер, Гюго), айтты-айтпады, белдігіне
қанжар қыстырып, қылыш байлаған қолбасылар, корольдар, принцтер,
рыцарлар жайында жазылатын. Бірі аңдаусызда қанжар ала ұмтылса
болғаны, екіншісі құлап түсетін. Бертін келе қанжар мылтыққа ауысып,
ерегіскенде бірін-бірі жекпе-жекке шақырып атып өлтіретін болғанын
да Ю.Олеша қызық қып айтқан: Чеховта мылтық атылмайтын бірде-бір
пьеса жоқ екені де рас. Асылы, Чеховтың «алғашқы актіде мылтық ілулі
тұрса, ақырғы актіде міндетті түрде атылуға тиіс» дегені де өзінің осы
машығынан туған тұжырым тәрізді. Ал қазір мұндай қақтығыска бару
нанымсыз: «Біздің пьесаларымызға қатысушылардың бірі болмаса бірі
қолына револьвер ұстай қалса, жұрт дереу шу ете қап, оның мұны қайдан
алып жүргенін сұрайды, – дейді Олеша. Сонымен, сірә, тән өлімін жан
өліміне ауыстыру дұрыс болар: тіріні өліге емес, нөлге айналдыру жөн
шығар». Драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс табу яки
драманы драматизмге жеткізу – үшінші қиындық.
Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада
табады, драмадағы образ тек сахнада жасалады. «Драма сахнада ғана
тіршілік етеді,– дейді Гоголь, – сахнасыз драма – денесіз дем». Пьесаны
218
драматургтың жазып бітіруі, журналда жариялауы, тіпті кітап қып
бастырып шығаруы – жеткіліксіз. Бұл – біткен істің бәрі емес, бір бөлегі
ғана. Істі түгел тындыру үшін пьеса театрға көшуі керек. Пьесаны
сахнаға шығару жолында енді режиссердің, актердың, суретшінің,
композитордың, түрлі саладағы (жарық түсірушіден етік тігушіге
дейінгі) жұмысшылардың еңбегі жұмсалады. Айлардан айларға созылған
соншалық ауыр коллективтік еңбектің нәтижесінде барып сахналық
шешімін тапқан драматургиялық шығарма көрермен көңілінен шыға ма,
жоқ па, – мәселенің үлкені осы арада жатыр.
Драматургияның бұлардан басқа да шырғалаңдары көп, оның қиын
жанр болатыны да сондықтан. «Осы айтылғандардың» бәрі шынына
келгенде, сахнадағы драма – әдебиеттің жай бір тегі ғана емес, әдеби
шеңберден шығып кететін нәрсе екенін аңғартады, сондықтан оны
әдебиет теориясымен қатар, театр теориясының негізінде талдап-тексеру
ләзім»
68
.
Театр теориясы болу үшін театрдың өзі болуы шарт. Жалпы, жер
бетіндегі мәдениетті жұрттардың бәрінде театр өнері болған да, соған
негізделіп театр теориясы жасалғаны мәлім. Ал қазақ топырағында
тұңғыш ұлт театры туып, алғаш сахнасын ашқаны өткен ғасырдың
екінші ширегі ғана... Задында, «ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық
туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен
ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ.
Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі
шартпен бағынып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген»
69
. Қазақ
театрының тууы мен қалыптасу сырлары да дәл осындай.
Қазақ театрын да (Қазақтың Бас университеті мен Ғылым академиясы
секілді) Қазаннан кейінгі жаңа заман туғызды.
ХХ ғасырда жетпіс үш жыл бүгінгілердің әкелері мен аталары ғұмыр
кешкен, тіршілік еткен дәуір мен дәуренді өтті-кетті екен деп сыпыра
сынай беру, «сыбай» беру – сыңаржақ әрекет. Әділін айтсақ, кеңестік
жүйенің ел экономикасы мен мәдениетін көп ретте көркейткен де
кезеңдері болды. Әсіресе білім мен ғылым, әдебиет пен өнер, денсаулық
сақтау салаларында алға қарай алшаң-алшаң адымдар жасалды.
Қазақтың театр өнері даму үшін де қажет жағдайдың бәрі Қазақстанда
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жасалғанын ешкім жоққа шығара
алмайды. Ал осынау, сырт қарағанда, қазақ үшін біраз тосын өнердің түп
негізі, қайнар көзі тағы да халықтың өзінде жатқан-ды: ел ішінде ежелден
келе жатқан ойын-сауық, ән мен күй, жар-жар мен беташар, естірту
мен жоқтау, айтыстар мен шешендік сөздер, түрліше толғаулар мен
68
Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – Москва: Просвещение, 1966. стр. 382.
69
Әуезов М. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1969. ll-том, 33-бет.
219
күлдіргі әңгімелер... Бүгінде жер үстіндегі ең озық үлгіде дамып, нағыз
профессионалдық биікке шарықтап шығып, ілгерішіл адамзаттың бүкіл
дүниежүзілік мәдениетіне өз үлесін қосып отырған қазақтың театр өнері
мен драматургиясының ең елеулі ерекшелігі және қадір-қасиеті де әлгі
айтқан ұлттық негізде жатқаны даусыз. Қазіргі қазақ драматургиясын,
оның тарихы мен теориясын сөз еткенде мықтап ескеретін бір нәрсе –
осы.
Драмадағы ең шешуші нәрсе –
Достарыңызбен бөлісу: |