Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет130/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ БЕТ ПЕН БАҒЫТ
«Сол бетіммен қаңғырып өлер ме едім, қайтер едім, егер аздан кейін 
артымнан «Бәтес!» деген Бүркіттің дауысы естілмесе!.. Оған да тоқтамас 
па едім, қайтер ем, егер қуып жетіп ұстай алмаса!.. Оған да көнбес пе 
едім, қайтер ем, егер жалбарынышты сөздеріне жауап бермей бұлқынып, 
ағыл-тегіл жылаған мені Бүркіт ықтиярымнан тысқары тағы құшақтай 
көтеріп ала жөнелмесе!..» 
(С.Мұқанов).
«Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе 
жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін. 
Шаңқан шілденің аяқ кезі болар деймін... Пісіп қалған ақ селеулер баяу 
теңселіп, үкідей бұлғаңдап, кейде жұмсақ қана тізеден сипайды да, 
кейде инесін қадап алады. Сипағанда талғамай сипаса, инесін қадарда 
екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды. Күннің көзі жер 
бетіне шаншыла қадалып, көлеңкең тәлтиіп, бауырыңа кіріп барады. Бар 
ыстық менің қойныма тығылғандай, шоқпыт қомшаның екі қолтығы 
қыж-қыж қайнайды» 
(Ғ.Мүсірепов).
«Тебініп қап шаба жөнелді... Жиреншеге көз жасын керсетпегісі келді. 
Анау да шапты, бірақ Абай жеткізер емес. Ол оқ бойы ұзап кетіп бара 
жатып, өзі өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп жылап келе жатыр. Көп жылдан 
бері Абай жылаған емес еді. Тоқтай алмай, егіліп жылады. Ағындап ұшып 


223
келе жатқан бестінің екі жағында көделі, бетегелі көк дала тасқын судай 
зулап жөнеліп, артқа қарай құлдырап ағып кетіп жатыр. Екі құлағын 
бітіргендей боп дыңылдап соққан екпін желі Абайдың көзінен аққан 
жастарды, қат-қат тамшыдай, жаңағы көде мен бетегеге ұшырып түсіріп 
келеді» 
(М.Әуезов).
Бұл оқығанымыз үш жазушының үш шығармасынан алынған үш 
бөлек үзінді. Үшеуіндегі шындық сырт қарағанда бір-біріне ұқсас: бірі 
жаяу, бірі атты демесек, үш қаһарман да (Бәтес те, Қайрош та, Абай 
да) әлденеден қашып жүр. Бірақ осынау өзара ұқсас шыңдықты үш 
жазушы бір-біріне мүлде ұқсатпай, тек өздеріне ғана тән творчестволық 
ерекшелікпен, үш түрлі суреттеген: бірінде, мәселен, қаһарманның 
қимылы авторға тән мәнермен автор сезіміне бағындырыла ауызекі 
айтылса, екіншісінде қимыл суретке көшіп, юмор араласқан да, 
үшіншісінде сурет қаһарманның көңіл күйімен астастырылған... Егер 
әр үзіндінің аяғында авторын атамаған болсақ, бәрібір, қай үзіндінің 
кімдікі екенін адаспай тапқан болар едік. Өйткені үш автор да – нағыз 
суреткер. Ал нағыз суреткерде әрқашан тек қана өзіне тән творчестволық 
ерекшелік болады. Әдебиетші неғұрлым нұсқалы суреткер болса, оның 
өзіндік әдеби беті де соғұрлым айқын танылмақ.
Әдеби бет туралы әңгімені 
стильден
бастаған жөн. Ал стиль деген не?
Жазушының шығармашылығы оның ғұмырнамасымен тығыз 
байланысты. Жазушы творчествосы оның адамдық болмысымен, 
азаматтық бітімімен, өзгеден ерек өз өмір тәжірибесімен, білімімен, 
мәдениетімен, дүниетанымымен ұласып, керек десеңіз, бірігіп, біте 
қайнасып жатады.
Өз көзімен көрмеген немесе өзі сезіп-білмеген шындықты жазушы 
жаза алмайды. Гетенің сөзімен айтсақ, жазушы творчествосында оның 
өз өмірбаянына (биографиясына) енбейтін бірде-бір сызық жоқ, жалғыз-
ақ, бірде-бір сызық сол қалпында емес, ылғи ғана аунап түсіп отырады. 
Бұған қарап, әрине, жазушы суреттеген өмірлік құбылыстардың бәрі 
оның өз басынан кешкен шындық екен деуге болмайды. Мәселен, 
жазушы бір шығармада өзінің бір қаһарманының өлімін жазды делік. 
Оны автор өз басынан кешіргесін жазып отыр деуге, әрине, болмас еді. 
Ендеше, жазушы творчест восы оның өмірбаянынан әлдеқайда кең; бірақ, 
тағы да айтамыз, бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Әр жазушының қаламынан туған бар шығармада, алдымен, идеялық 
бірлік болатынын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында 
әр түрлі өмірлік проблема қояды да, оны шешуге бір ғана тұрғыдан – 
өзінің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді. Мәселен, С.Мұқанов, ол 
қай тақырыпта жазбасын, қандай кездің шындығын суреттемесін, мейлі, 
әйтеуір барлық проблеманы бір-ақ тұрғыдан – шындыққа большевиктік 
көзқарас яки өзі жарты ғасыр сапында болған коммунистік партияның 


224
саясаты тұрғысынан шешеді. Мұның өзі жазушының әр жанрда жазған 
барлық шығармасына бір ғана идеялық ерекшелік бітіреді. Бұрыннан 
осылай болған, кеше осылай болды. Бүгін Сәбеңнің өзі жоқ, Енді бұл 
беттен оны ешбір күш қайтара алмайды. Тарихта осылай болып қалады.
Идеялық бірлікпен қатар, әр жазушының творчествосынан тақырып 
ерекшелігін аңғару да қиын емес. Мұның өзі әр сипатта көрінеді. Орыс 
әдебиетінің теоретиктері (әсіресе Л.Тимофеев), мысалы, Шолохов ылғи 
Дон казактары туралы жазатынын, Фадеев көбіне Сибирь партизандары 
жөнінде жазған болса, Панферов Поволжье шаруалары жайлы 
жазғанын айтады. Бұл заңды да: жазушы қандай шындықты жете білсе, 
шығармасына соны тақырып етпек. Мұндай жағдай қазақ әдебиетінде 
де бар, мысалы Ғ.Мұстафиннің көп шығармаларына («Миллионер», 
«Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген», т.б.) арқау болған шындық 
Қарағанды маңындағы қазақтар өмірі болса, Х.Есенжанов трилогиясы 
мен дилогиясы Орал қазақтарының, Ә.Нұрпейісов трилогиясы Арал 
қазақтарының өмірінен туды. Жазушы творчествосы оның өмір 
тәжірибесімен тығыз байланысты екеніне, суреткер нені жақсы білсе, 
сол жайлы жазатынына дәлел.
Тақырып ерекшелігімен қатар, әр жазушының творчествосында 
мінез 
(характер) бірлігі деген болады. Мұны, әрине, бір жазушы он образ 
жасаса, бәрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; он образ он 
түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тәсілдері 
бір-біріне ұқсап отырады. Бір жазушы, айталық, адам мінезін қимыл-
әрекет үстінде танытута бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл күйін, 
сезім-сырын, ой-арманын, әр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу 
арқылы ашуға шебер...
Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының творчествосынан оның тек 
өзіне ғана тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет