Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет129/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

тартыс. 
Көлемді эпикалық шығарманың сюжеті секілді, драмадағы тартыстың 
да кезең-кезендері – басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі 
болады; драматургиялық шығармалардың классикалық үлгілерінде 
бұл кезеңдер композициялық жағынан шебер қиыстырылып, оқиғаны 
өрбіту тәртібі жазылмаған заң ретінде сақталған. Мәселен, өзінің әйгілі 
«Ревизорында» Н.В.Гоголь драма заңдарын айта қалғандай ұтымды 
қолданған. Драматургке қажет шеберлік сырының байыбына бара түсу 
үшін осы жайға аз-кем тоқталып өту артық болмайды.
Драмадағы хал-күйдің 
басы
(экспозиция) әрине, пьесаның кіріспесі 
іспетті, алғашқы актіде жатады. Мұның міндеті – көрерменді пьсааға 
қатынасатын адамдармен (персонаждармен) таныстыру. Экспозиция 
екі түрлі (жағдай экспозициясы, мінез экспозициясы) болуы мүмкін. 
Мысалы, «Ревизордың» бірінші пердесіндегі Дуанбасының «мырзалар, 
мен сіздерді бір орасан жайсыз хабарды естіртуге шақырып едім; бізге 
ревизор келе жатыр!» деген сөзінен кейін оған сыбайлас жемқорлар 
арасында туған ұйқы-тұйқы абыржулар мен сол арада көрінген әр түрлі 
мінездер – экспозицияның екі түрінің де тамаша үлгілері.
Байланыс
(завязка) көрерменге қаһармандар арасындағы болашақ 
қақтығыстардың себебін аңғартып, сахнадағы біртұтас қимылды 
бастайды. «Ревизорда» мысалы, бірінші перденің үшінші көрінісі яки 
ит қуған тайлақтай желпілдеп жүрген Бобчинский мен Добчинский 
туғызатын алатопалаң түп-түгел байланыс, бар пәленің бас себебі – сол.
Біртұтас қимыл
(единое действие) – тартыстың ұлы арқауы, 
шығармадағы шиеленістер оқиғаның дәл өзі. Бұл – аса күрделі дүние, 
мұның түр-түрі, тарам-тарам даму жолдары болмақ. Бір ғана «Ревизорда» 
біріне-бірі өріле өрбіп жатқан үш түрлі тартыс бар: өзара арбасқан 
Дуанбасы мен Хлестаковтың арасындағы негізгі тартыс, Дуанбасының 
Хлестаковқа таласқан әйелі мен қызының арасындағы қатар тартыс және 
бірін-бірі мезі қылған Хлестаков пен Осиптің арасындағы қиғаш тартыс.
Драмадағы 
хал-күйдің аяғы
(развязка) – пьесаның шешімі, 
шиеленіскен оқиғалардың соңынан ақырғы актіде келеді. Тартыстардың 
немен тынғанын көрсетеді. Мұның да бірнеше түрі бар: трагедиядағы 
тартыс көбіне бас қаһарманның өлімімен тынса («Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу»), комедияда («Ревизор») ешкімді өлтірмей-ақ, кінәлілерді рухани 
жағынан күйретіп барып біте береді.


220
Осының бәрі – драма теориясының тек бір қыры, бірер сыры, 
драматургиялық шығарманың архитектоникасына тән ерекшеліктердің 
бір мысалы, бірер сипаты ғана. Мұны да драма жазудың әдісі емес, 
драмалық шығарманы түсінудің тәсілі ретінде ұсынып отырмыз.
Тәсіл демекші, драматургия үшін орасан қажет нәрсе – тәсіл. Мұның 
түрлері тіпті көп: тартысқа адамдарды еселеп кіргізу (постепенный ввод) 
тәсілінен әдемі әсер, сұлу сыр (лирическое замедление) тәсіліне дейін, 
оқыс танысу (неожиданное узнание) тәсілінен зат (вещь) тәсіліне дейін 
ондаған типін тізіп көрсетуге болар еді. Бірақ бұларда да схема жоқ, әр 
драматургтің өз тәсілдері бар, сондықтан әр тәсілді жеке-жеке мінездеу 
артық.
Эпос пен лирика сияқты, драманың да бірнеше жанрлық түрлері 
бар. Соның бірі – 
трагедия
(грекше 
tragoidia
– текенің әні) – құдіретті 
күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, 
жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен 
кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-өзінің 
іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы 
оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап тұтасады да, бас 
қаһарманның қазасымен – мұңмен, зармен – бітіп отырады.
«Трагедия – поэзияның шыңы, – дейді Илья Сельвинский. – Сөз 
өнерінің (тек сөз ғана емес-ау) барлық түріне трагедия тигізген құдіретті 
ықпал бағзы заманнан бері әмбеге аян. Бүкіл оркестрдің бар екпінін өз 
уысында ұстап тұратын контрабастың байыпты философиясы секілді 
трагедия пафосы да әдебиет дәрежесін ұлы дәуірдің иығына көтеріп 
тұрады». Осы пікірде үлкен шындық бар.
Трагедия ежелгі Эллада елінде, адам баласының сәби санасы іңір 
қараңғысындай Миф тұтқынында тұрған тұста, көне гректерге көктем 
сайын жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартатын теке тұрпатты Дионис 
құдайдың күдіретіне бас ию сауығы мен салтанатынан туғаны белгілі. 
Мұндай сайранды ұйымдастырушы топ хор боп қосыла жамырап, 
Дионис туралы аңыз – трагедия (трагос – теке, одэ – ән) яки текенің әнін 
орындайтын болған. Келе-келе текенің әнін орындаушылар түсін бояп 
кәдімгі теке түрінде киініп, қимыл-қозғалыстары арқылы қалың жұртқа 
текенің азабы мен ажалын көрсеткен. Одан жұрт үрейленген, өлген текені 
аяған. Трагедия дүниеге о баста осылай келген. Кейін бұл шын мәніндегі 
театр өнеріне айналған.
Дүниежүзілік драматургияда трагедияның тұңғыш классикалық 
үлгілерін көне грецияның ұлы драматургтері Эсхил (б.э.б. 525-456 жж.), 
Софокл (б.э.б. 496-406 жж.), Эврипид (б.э.б. 480-406 жж.) туғызған. 
Бүгінгі өнер сүйгіш қауымда, айталық, «трагедия атасы» эсхилдің 
«Бұғауланған Прометей» мен «Парсыларын» немесе «Орестейя» 
трилогиясын, Софоклдың «Эдип патшасы» мен «Антигонасын», 


221
Эврипидтің «Медеясы» мен «Электрасын» білмейтіндер кемде кем 
шығар. Осылардың бәрінің пафосы адамға тән сана мен сезімнің күшін, 
адамның ұлылығы мен рухани сұлулығын дәріптеу. Бұлардың мәңгілік 
шығармалар болу себебі де сол.
Батыс Европа әдебиетінде трагедия Ренессанс дәуірінде дамыды: 
Англияда Марло мен Шекспир, Францияда Корнель мен Расин, Германияда 
Гете мен Шиллер туғызған кең тынысты эпикалық сипаттағы ұлы 
шығармаларда адамға тән керемет құштарлықтар мен өшпенділіктерге 
толы трагедиялық образдардың не бір тамаша типтері бар. Пушкиннің 
«Борис Годуновы» мен «Шағын трагедияларынан» да бүтін бір образдар 
галереясын жасап алуға болар еді. Ал И.Сельвинскийдің «Командарм 
2» мен Вс. Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясы» бұл жанрдың 
орыс кеңес әдебиетіндегі, М.Әуезовтің «Еңлік–Кебегі» мен «Қаракөзі», 
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» мен «Ақан сері–Ақтоқтысы» 
– қазіргі қазақ әдебиетіндегі жақсы үлгілері.
Егеменсіз ел-жүрттың есірме әкімшілік, елірме белсенділік есін 
тандырған кешегі жалған жалаулы тұста кейбір әдебиет сыншылары бұл 
жанрдың күні өтті, ғұмыры бітті, біздің кеңес шындығынан трагедиялық 
шығарма туғызуға болмайды десті. Ағат пікір! Әбден болады. Айталық, 
кеңес адамдарының басынан өткен отызыншы жылдардағы аштық пен 
қырғын, қырқыншы жылдардағы сұрапыл соғыс, елуінші жылдардағы 
қуғын мен сүргін ше, бүкіл халықтық қасірет емес пе? Жылдар бойы 
сахнада түспей келе жатқан Ш.Айтматовтың «Ана–Жер ана» пьесасы ше; 
қаһармандық трагедия емес пе?! Сол пьесадағы Толғанай ше; қайғылы 
образ емес пе?!
Кеңес драматургиясында да трагедиялық жанр бар. Бұл жанрдың 
туындыларын И.Сельвинский былай сипаттайды: «Кеңес трагедиясы – 
философиялық трагедия, бірақ біздің қоғамның философиясы дерексіз 
философия емес, миллиондаған адамдардың үміт-арманымен терең 
тамырлас философия, демек, кеңес трагедиясы – терең психологиялық 
трагедия».
Драматургияның бір түрі – 
комедия
(грекше 
komadia
– күлкілі 
қызық, ән) – өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылысты, адам бойындағы 
қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге 
айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, «өмірдің 
биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын, 
ұсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын» (Белинский) суреттейді.
Комедияның басы да, трагедия сияқты, баяғы Дионис мейрамында 
жатыр: өлген «текенің» қайта тірілуін көне гректер енді комедиямен 
(космос – көңілді топ, одэ – ән) яки көңілді әнмен, қызық бимен, күлдіргі 
ойындармен құттықтаған. Кейін шын мәніндегі театр өнеріне айналған 
комедия да дүниеге о баста осылай келген. 


222
Комедияның тамаша үлгілері – көне Грециядағы «комедия атасы» 
Аристофанның (б.э.б. Y-IV ғғ.) «Салтаттылар», «Бұлттар», «Бақалар» 
және басқа шығармалары. Аристофан өз кезіндегі қоғамның саяси-
әлеуметтік өміріндегі сорақылықтарды ащы сынға алып, мазақ етеді. 
Аристофан дәстүрін Римде Плавт пен Теренций жалғастырып, комедияға 
қоғам өмірімен қатар семья тұрмысын да тақырып етті.
Комедияның Батыс Еуропа әдебиетінде мықтап өрістеген тұсы – 
классицизм
кезі. Әсіресе Мольердің «Сараңы» мен «Тартюфін» атауға 
болар еді. Комедияның орыс әдебиетіндегі айрықша асыл үлгілері – 
Фонвизиннің «Тоғышарлары» мен Грибоедовтың «Ақылдан қайғысы», 
Гогольдің «Ревизоры» мен «Үйленуі». Ал кеңес драматургиясындағы 
комедиялық 
шығармалар 
В.Маяковскийдің 
«Қандаласынан» 
Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірігіне...» дейін ондап, жүздеп саналады.
Комедияның күші – күлкіде, күлкінің күші – шыншылдық пен 
табиғилықта. Шыншыл һәм табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, 
толыққанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, 
парасатты биік идеяға шебер бағындырылғанда ғана комедия жалаң 
водевиль, жеңіл фарс, арзан мелодрама сипаттарынан аулақ, бұл жанрдың 
шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет