тіл ерекшелігін
аңғарамыз. Бізде Сәбиттің тілі, Ғабиттің
тілі, Мұхтардың тілі дейтін көп тіл жоқ, бір ғана қазақ тілі бар; Мұқанов
та, Мүсірепов те, Әуезов те сол бір ғана қазақ тілінде жазған. Бірақ
үшеуінің тіл мәнері (жоғарыда келтірілтен үш үзіндіге қараңыз – З.Қ.)
сөз қолдануы, сөйлем құрауы, сөзбен сурет салуы не баяндап беруі,
сыр ағытуы не сезімді жеткізуі... үш түрлі. Үшеуін тіпті шатастыру
мүмкін емес. Өйткені тіл ерекшелігі шешуші ерекшелік. Әр жазушының
тіл ерекшелігіне қарап, оның бір шығармасы емес, кейде тіпті бүкіл
суреткерлік бітімін бір қырынан байқап қалуға болады. М.Әуезов бір
жолы бір топ ақынға мынадай бір-бір мінездеме берді: «Қырғи тілді
Асқар, сыршыл үнді Әбділда, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр,
күйлі-мұңды Қасым, ізденгіш те тапқыш Хамит, өзіне бөлек сырлы сазды
Сырбай, салқын ойлы Саин...» Осы сипаттарды берерде Әуезов әркімнің
ақындық сырына бәрінен бұрын әрқайсысының тілі арқылы кілт тапқаны
даусыз.
225
Әрбір жазушының бүкіл творчествосының өн бойынан идеялық-
көркемдік негіздің (идея–тақырып–мінез–тіл) тек сол жазушыға ғана тән
ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының
мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайлардан да іздеп таба беруге
болады. Міне,
стиль
әр суреткерге тән
осындай творчестволық,
ерекшелік.
Стиль
(грекше – stylos) деген терминнің мағынасы әртүрлі. Байырғы
римляндар сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір
таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі,
одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге
тән өнер ерекшелігі стиль атанған. Соңғы анықтама белгілі ғалым
Бюффонның жалпы жұрт нақылға айналдырып әкеткен «Стиль – адам»
деген тұжырымына сай келеді. Бюффон ғана емес-ау, мұндай пікірді
«Мінез қандай болса, стиль де сондай» деген Платоннан «Адамның
барлық қасиеті стильде тұрады» деген Стендальға дейін талайлар
айтқанын тағы ескеру керек.
Стиль хақындағы бүгінгі ұғымдар да әр алуан, бір ғана академик
В.В.Виноградовтың өзінде бірнеше пікір бар («Авторлық проблема һәм
стильдер теориясы» деген еңбегін қараңыз). Бірақ ол стиль мәселесін
көбіне лингвистикалық тұрғыдан байыптайды.
Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және
олардың әр саласындағы сипаты әр бөлек. Ғылым мен өнер ғана емес-
ау, бұл ұғым тіпті өмірдің өзінде қаптап жүр. Жұмыс стилі, кеңсе стилі,
газет стилі, шахмат стилі, т.б.
Жә, біздің айтып отырғанымыз – бұлардың бірі де емес, әр
қаламгердің әдеби бетін айқындайтын жазушылық стиль. «Ақындар
өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызық» – дейді Блок. Ал енді, әр
қаламгерде осынау әдеби бет, творчестволық ерекшелік дегендер бірден
бола қала ма? Жоқ, бірден емес, бірте-бірте қалыптасады. Ендеше, әдеби
стиль – әрқашан эволюция үстінде, диалектикалық даму үстінде деп ұғу
қажет.
Творчестволық ерекшеліктің қалыптасуында, Гетенің айтуына
қарағанда, үш кезең бар: 1. өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген
шақ; 2. өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс; 3. өзінен
басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез. Соғңы кезең яки
шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез творчестволық эволюцияның
ең жоғарғы сатысы, бұған жету үшін әбден шындалған суреткерлік
шеберлік керек. Әдебиетпен әуестенгеннің бәрі үшінші сатыға (стильге)
жете бермейді, мықтағанда, екінші сатыға (мәнерге) жақындайды,
әйтпесе, бірінші сатының (еліктеудің) өзінен аса алмай, қалып қояды.
Себебі: «Стиль – шын талант, ұлы ақын-жазушылардың қаламдарына тән
сипат. Кез келген ақын-жазушылардан стиль іздеу бекершілік, өйткені
226
барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы
десек, қателескен болар едік. Дарын жоқта стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас.
Оқырмандарының ойына азық, жанына сусын бермейтін можантопай
шығармалар жазып, «жазушы» атану мүмкін. Бірақ ондайлардың өзіне
тән стилі болады деу қате. Құбатөбел қойторыларда стиль болмайды.
Олардың бірінің шығармалары егіз қозыдай екіншілеріне ұқсас келеді.
Жаман шығарманы жағымпаз сыншы, жандайшап әдебиетшілер қанша
мақтаса да жандандыра алмайды. Барлық сыншылардың ішінде ең ұлы,
ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы — мезгіл деп В.Г.Белинский
айтқандай, жаман шығарма, дарынсыз жазушы мезгіл сынын кетере
алмақ емес. Демек, стильді нақтылы талант, ұлы жазушылардың
туындыларынан іздеген жөн»
70
.
Стильдің жазушы творчествосындағы көрінісі күрделі әрі қызық.
Жазушы не жазса, соның бәрінде оның өзіндік стилі төрт бұрышын
түгел танытып тұра қалады деуге бол майды. Жазушының творчестволық
ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан – повесте сюжет құру
ерекшелігі көрінсе, әңгімеде образ жасау ерекшелігі, эсседе тіл ерекшелігі
айқынырақ аңғарылуы мүмкін. Демек, жазушының стилі жайлы бір емес,
барлық шығармасын оқып барып байлау жасаған дұрыс.
Стильдің өзгеруі де мүмкін. Егер суреткердің дүниетанымында
немесе идеялық бағытында өзгеріс болса, стиліне де ықпал ететіні
даусыз. Мәселен, М.Әуезов 1959 жылы «Қаракөз» пьесасының жаңа
вариантына жазған алғы сөзінде мынаны айтты: «1922 жылы осы
пьесаның салт-саналық, идеялық, саясаттық қателігін жұртшылық
әділ, қатал сын түрінде айтқанын мойындап, баспасөз жүзінде менің
өзімнің де жариялаған сөзім болатын. Қазірде мен осы шығарманы
қайта қарап, идея-көркемдік жағындағы бұрынғы терістік, қателіктерін
түзеп, қайтадан жазып шығуды өзімнің азаматтық, жазушылық қарыз-
борышым деп санадым». Пьесаның жаңа вариантында «идея- көркемдік
жағындағы бұрынғы терістік, қателіктер түзелген» болса, сөз жоқ,
жазушы творчествосының идея-көркемдік негізімен сабақтас стилінде
де бірсыпыра өзгеріс болды деуіміз керек. Осы секілді стильдің
өзгеруін, С.Мұкановтың өз сөзімен айтқанда, бұрын «Адасқандар», енді
«Мөлдір махаббат» аталып... басынан аяғына дейін қайтадан жазылып
шыққан романынан да байқауға болар еді. Ол ол ма, кейде, тіпті, стиль
ешқандай тосын ықпалсыз, жазушының әдеттегі заңды творчестволық
эволюциясына сәйкес те кәдімгідей құбыла береді: Ғ.Мүсіреповтің
«Қазақ солдаты» мен «Оянған өлкесін» салыстырсақ, арада әжептәуір
стильдік метаморфоза бар
Стиль – адам. Ендеше, адамды ұзағырақ уақыт бірге тұрып, бірге
70
Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Ғылым, 1966. 23-24-бб.
227
жүріп, оның мінез-құлқын, ой-арманын, іс-әрекетін неғұрлым молырақ
байқасақ, соғұрлым анығырақ танитынымыз сияқты, стильді де жазушы
творчествосың неғұрлым толық, неғұрлым терең тексерсек, соғұрлым
айқын анықтай аламыз. Қысқасы, шын мәніндегі ірі жазушының стилін
оның суреткерлік бітімінен бөліп қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен
бағытын, бүкіл творчествосының мазмұны мен рухын белгілеген өзге
«құпиялардан», айталық, ағымнан, не әдістен ажыратып әкетуге тіпті де
болмайды.
II
Стиль – өнер ерекшелігі. Әр стиль – бір-ақ суреткердің өнеріне тән
ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән
болуы мүмкін бе? Әбден мүмкін.
Әдеби ағымды дәл осы тұрғыдан пайымдау керек.
Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының
бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады.
Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан
жасап, жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ
жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің
өзі дарытады.
Дәлелдейік. Ерубаев – Мұстафин – Шашкин; «Менің құрдастарым»
– «Қарағанды» – «Теміртау»; Рахмет – Мейрам – Қайыр... Үш жазушы,
үш роман, үш қаһарман. Сөз жоқ, үш түрлі жазушы, үш түрлі роман, үш
түрлі қаһарман!.. Бірақ бұлардың әрқайсысына тән өзгешелікті көре тұра
бәріне тән бірлікті де байқауға болады. Қандай бірлік?!
Алдымен үш жазушыда әдіс бірлігі бар, содан соң үш романда
тақырып бірлігі бар. Ақыр аяғында, үш қаһарманда идеялық бірлік бар,
басқасын айтпағанда, тек осы бірліктердің өзі-ақ үш әдебиетшіге тән
өзара ұқсас сыр мен сипатты аңғарта алады.
Ал осындай бірлік яки өзара ұқсас сыр мен сипат тек осы үшеуіне
ғана тән бе? Жоқ, қазіргі қазақ жазушыларының бәріне тән. Қалайша?
Қазіргі қазақ жазушылары қай тақырыпқа жазбасын, бәрібір,
шындыққа тек қазіргі қоғамдық таным тұрғысынан қарайды. Қандай бір
күрделі шығарма (поэма, пьеса, роман) болсын, бәрібір, бас қаһарманы
– халық. Суреткер шығармасын кешегі шындықтан туғыза ма, болмаса
бүгінгі шын- дықтан туғыза ма, бәрібір, әйтеуір халықтың ертеңгі
болашақ жолындағы күресін суреттейді. Қысқасы, осындай көп-көп
сыбайлас сырлар, ұқсас сипаттар бір емес, бір топ жазушының бүкіл
суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық-
көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік әдеби ағым. Байқап қарасақ,
стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше
228
жазушыға тән творчестволық бірлік. Стиль – әр жазушының дара қасиеті
болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль – жалқыға тән
ұғым болса, ағым – жалпыға тән таным; стиль бір жазушының әдеби беті
болса, ағым – бір топ жазушының әдеби бағыты.
Пікір дәлелдеуге қажет бірер мысалды біз жоғарыда қазіргі қазақ
әдебиетінен алдық. Бұл әрине, әдеби ағым тек қазір туған және қазақ
әдебиетінде туған нәрсе деген сөз емес. Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде
әрқашан болған, қазірде де бар және бүгінгі біздегідей біреу емес,
бірнешеу.
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай
туғызады. Әрбір әдеби ағым – әр дәуірдегі идеологиялық күрестің
әдебиеттегі көрінісі.
Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі
кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен
бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Әлем әдебиетінің тарихыңда әрбір әдеби ағымның қалай пайда
болып, қалай дамығанын, қалай құбылып, қалай құрығанын әдебиеттің
теориясы емес, әдебиеттің тарихы тексереді. Сондықтан біз жалпы әдеби
дамудың кезең-кезеңдерінде туған кейбір әйгілі ағымдарды ғана мысал
ретінде атап, аз сөзбен мінездейміз де, қоямыз.
XVII ғасырдың аяқ жағыңда туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін
өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кең өpic
алған жұртқа мәлім ағым
Достарыңызбен бөлісу: |