Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет139/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Терең сай
деуі, өзен суының 
күрілдеп
жатқанын айтуы ауылдың таулы жер, тасып 
жатқан мол сулы өзені бар өлкеге, шөбі шүйгін өңірге келіп қоныс теуіп 
отырғанын, шаруақор елдің адамға да, малға да жайлы, мол ырысы бар 
жер іздейтінін байқатады.
Ұлы ақынның қысқа өлеңмен жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып 
отырған мал баққан ауылдың өмір-тұрмысын асқан суреткерлікпен 
бейнелуі ғажап-ақ. Қазақтың даласы, түні, айы, тауы, өзен-суы, жапырағы 
жайқалған ағашы, жазғы жердің көк майса жасыл шөбі, көшпелі елдің 
қоныс-жайлауы, баққан малы, түн күзететін малшылары, жастардың пәк, 
таза сүйіспеншілік сезімі, жастық шағын, алғашқы махаббатын сағынып 
еске алған адамның осындай айлы түнде ауыл сыртында, аулақта 
жолығатын шағын армандауы – біз өлеңнен осыншама мол шындықты 
табамыз, өткен ғасырдағы қазақ өмірінің тұтас бір картинасын көреміз. 
Осының бәріне қоса, әсіресе бізді тебірентетін жай – өлеңнен халықтың 
көркемдікті, сұлулықты сезінуінің қаншалықты терең, әсерлі екені де 
айқын танылады.
Даланың айлы түнінің осы бір әсем поэзиялық суретінің өзі-ақ қазақ 
әдебиетінде ақындық сезімнің, әдемілікті түсінудің дәуір шындығымен, 
өмір шындығымен қаншалықты қабысып, тамырласып жатқанына дәлел. 
Өлең тілінің, өлеңдегі сөздің бейнелілігі, суреттілігі туралы айтқанда 
мына бір жайды ескеруіміз керек. Өлең тілі, әрине, бірыңғай бейнелі, 


247
кестелі сөздерден құралмайды. Өлеңде айтарлықтай бейнелілік сипаты 
жоқ және ауыспалы мағына туғызбайтын, өзінің тура мағынасында ғана 
қолданылған сөздер де аз кездеспейді, бірақ поэзияда қандай сөз, сөз 
тіркесі болсын өмір шындығын бейнелі, образды түрде көрсетуге қызмет 
етеді. Мұны естен шығаруға болмайды, сондықтан жай қарағанда 
қарапайым, ешқандай көркемдік сапасы жоқ секілді сөздер де түрленіп, 
өзгеріп, өзгеше бір бейнелілік қасиетке ие болуы поэзиялық шығармада 
жиі кездесе береді. Жоғарыда келтірілген өлеңдегі 
желсіз түн, жарық 
ай, терең сай, қалың ағаш
деген сөз тіркестері, олардағы 
желсіз, жарық, 
терең, қалың 
деген эпитеттер бұған толық мысал бола алады. Қандай 
сөз, қандай сөз тіркесі болсын, өлеңде көп жағдайда жеке тұрғандағы 
мағынасынан әлде қайда терең, әсерлі мән-мазмұнға ие болып, өзгеше 
маңызды қызмет атқарады. Өлең шығармасында терең, тың серпінді ой 
айтылса, өткір, отты сезім берілсе, соған орай әр сөз, сөзбен мүсінделген 
әр сипат-бейненің де мағынасы зорайып, көтерген жүгі ауырлап, түрленіп, 
жарқырап тұрады. Поззиялық шығармада жеке сөзді сөз тіркесінен, сөз 
тіркесін, бейнелі сөздерді тұтас суреттен, жүйелі ой желісінен бөліп алу 
қиынға соғатыны сондықтан. Олай болса, сипаттау сөздерді – эпитеттерді 
де олар анықтайтын сөздермен бірге алу керек. Эпитетке тән көркемдік, 
бейнелілік сол сипаттауыш сөз бен сипатталатын сөздің бірлігінен туады. 
Жоғарыдағы мысалдағы 
желсіз, жарық, терең, қалың
де ген сөздерді 
өздері сипаттап тұрған сөздерінен бөлек алып қарауға болмайды. Не 
нәрсенің қасиеті, белгісі екені айтылмаса, ол белгі-сипаттар құр ұғым-
түсінік қана болып қалар еді. Мұны айқынырақ байқау үшін тағы бірнеше 
сөз тіркесін алып, қарастырып көрелік. Мысалы, 
сұр бұлт, қиғаш қас, 
қара көз дегендегі сұр, қиғаш, қара
сөздерінде жеке тұрғанда нақтылы 
көркемдік сипат бар деп айту қиын. Өйткені түсі сұр немесе қара нәрсе 
өте көп, сол сияқты қиғаш нәрсе де аз емес. 
Мына бояудың түсі сұр
немесе 
мынау ағаш қиғаш екен
дегендегі 
сұр, қиғаш 
сөздерінің беретін 
мағынасы бір түрлі де, 
сұр бұлт, қиғаш қас
де генде туатын мағына 
мүлде басқаша – мұндағы бейнелілік, суреттілік әлде қайда күшті. 
Жоғарыдағы келтірілген мысалдардағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет