Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет140/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

түн, ай, сай, ағаш, бұлт, қас, көз
деген сөздерді осы тұрған қалпында жекелеп алып қарасақ, олардың да 
суреттілік, бейнелілік күші солғындап, жай ұғым-түсінік болып шығады. 
Бейнелі сөз
не сөз тіркесінің өлеңнің мазмұнынан, идеясынан нәр 
алып, қуаттанып, әдеттегісінен гөрі анағұрлым зор мағынаға ие болып 
шығатынын мазмұн мен түр байланысының, мазмұнның көркем түрге 
жасайтын әсерінің, мазмұнды көркем түрге айналдыратын поэзияның 
керемет күшінің ғажап бір көрінісі деп ұғуымыз керек. Өлеңдегі сөздің 
мағыналылығын, салмағын, суреттілік, бейнелілік әсерін үстемелеп, 
арттыруға шығарманың көркем түрін құрайтын ұтымды, орамды 
композиция, лирикалық жанрлық түрлерді қолданудың бай мүмкіншілігі, 


248
өлеңде бейнелі сөздерді қолдану әдісінің молдығы, өлең сөз синтаксисінің 
бірталай өзгешеліктері, өлең сөздің ерекше әуезділігі, әсерлі ырғақ-
интонациясы, дыбыс үндестігі септеседі.
Осындай сан алуан көркемдік құралдардың түйісуі арқылы 
жеткізілетін ақындық сезімнің қуат-күші, шығарманың көркемдік қасиеті 
жеке сипаттамалардан, бейнелі сөздерден, әрине, толық, көріне бермейді.
Бейнелі сөздерді
алсақ, олар ақындық, эстетикалық сезімнің, дүниені 
образды, бейнелі түрде танып-білетін және та нытатын, көрсететін көркем 
ойдың бір үрығы іспетті. Әрбір бейнелі сөз – әдеби шығарманың көркемдік 
түрін түгелдей алғанда – бүтіннің бөлшегі. Ол – сөз кестесіндегі көркемдік 
жасаушы көп әшекейдің бір кішкене айшығы ғана. Бейнелі сөздердің, 
көркем баламалардың маңыздылығы әдеби шығарманың мазмұнын 
ашуға, ондағы айтылатын ойды әсерлі етіп жеткізуге қаншалықты себі 
тиетіндігімен өлшенеді. Жекеленген ауыспалы мағына алған сөз бен сөз 
тіркестері кейде тіпті алғашқы, бастапқы мәнін мүлде жоғалтып алуы да 
ықтимал. Мысалы, 
қара ниет
дегендегі қара өзінің тікелей мағынасында 
емес, 
арам
деген мағынада, немесе нар тәуекел дегендегі алғашқы сөз де 
өзінің тура мағынасында емес, зор, үлкен деген мағынада қолданылатыны 
белгілі. Бірақ қалайда ауыспа лы, астарлы мағына сол салыстырыла 
суреттелетін құбылыстардың нақтылы қасиеттерін айқын түсініп-білу 
негізінде туатыны даусыз. Ендеше салыстыру негізінде жасалған бейнелі 
сөздерді олардың әдеби шығармадағы беретін мағынасы, айтылатын 
ойды жеткізудегі қызметі жағынан қарап бағалаумен ғана іс бітпейді. 
Сонымен бірге, салыстыруға қандай нәрселер алынып отырғанын да 
ескермеуге болмайды.
Поэзияда не нәрсені болсын көбінесе жалпыға түсінікті, күнделікті 
өмірде неғұрлым көп ұшырасатын, халық ұғымына әбден сіңіскен 
заттармен салыстырады. Сондықтан астарлы сөзде салыстырма бейнелер, 
әртүрлі көркем баламалар халық өмірінің шындығы мен еліміздің арғы-
бергі тарихынан елес береді.
Өлең тілі, оның сөз кестесі, жалпы поэзия, әдебиет сияқты, халықтың 
өмірімен біте қайнасып жатады. Қоғамдық құрылыс, халықтың өмір-
тұрмысы, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, дүние тануы, философиясы, 
эстетикасы – осының бәрі поэзияның мазмұнынан ғана көрініп 
қоймайды. Сонымен бірге бұлар поэзияның, әдебиеттің көптеген 
көркемдік ерекшеліктерінің, тілдегі суреттеу, бейнелеу тәсілдерінің, сөз 
кестесіндегі бір қыдыру өзгешеліктердің қалыптасу, дамуына әртүрлі 
әсер етеді.
Мұны біз, басқаны былай қойғанда, көптеген бейнелі сөздердің 
білдіретін мағынасында ғана емес, ой-пікірді айту тәсілі, салыстыру, 
суреттеу ерекшелігінде де айқын ұлттық өрнек-бедері болуынан жақсы 
аңғарамыз. Поэзияда ғасырлар бойы шыңдалып, әбден екшелген осындай 


249
сөз нұсқаларындағы ұлттық сипат-белгі олардың халық тарихындағы
өмір-тұрмысындағы елеулі жайлармен, халықтың өте маңызды 
эстетикалық түсінік-ұғымдарымен терең қабысып жатқандығына 
байланысты. 
Тілдің, сөздің ұлттық белгі-бедерін сан-қилы сөздер тобынан, тіпті 
кейде екі сөздің бірінен дерлік ап-айқын байқауға болады. Мысалы, ақ 
көңіл, ақ жүрек дегендер орысша белая душа, белое сердце емес. Ал 
черные мысли қазақша қара ой емес, арам ой дегенге келеді. Қазақ тілінде 
қара ниет деп те, ақ ниет деп те айтыла береді. Ал орыс тілінде черные 
мысли делінсе де, белые мысли боп айтылмайды. Орысша добрая душа, 
низкая душа дейді. Қазақша бұл сөздерді, орысша өрнегін сақтамай, ақ 
көңіл жан, пасық адам деген сияқты етіп айтқан болар едік.
Қазақ тілінің өзінде де қара шаңырақ, қара табан, қара өлең, қара 
адам, қара орман деген сияқты тіркестердегі қара деген сөздің беретін 
мағынасы әртүрлі. Сондай-ақ, қара бет деген арсыз деген мағына берсе, 
ақ бет деген бетінің түсі ақ деген мағына береді. 
Қай тілде қолданылатын сөздердің болсын бірталайының айтылу 
түріндегі өзгешелік сөз өрнегінің тек солай қалыптасқанына яғни 
сөздердің құралып, айтылу тәсілі солай екендігіне бай ланысты. Бұл 
тұста сөз тіркестерінің басқаша қолданылмай, тілде орныққан түрлеріне 
сәйкес алынуын көбінше шартты нәрсе деп қарауға болады. Сонымен 
бірге көптеген сөздердің бітіміндегі, қолданысындағы ерекшеліктер 
халықтың эстетикалық, көркемдік ұғым-түсінігіндегі айырмашылықты 
анық байқатады. Мысалы, бота көз, қой көз, құмай көз деген сияқты сөз 
тіркестерінің айтылу қалпынан қазақ халқының ақындық ой-сезіміне тән 
ұлттық өзгешеліктерді де аңғарамыз. Сондықтан, осы аталған немесе тал 
бойы, бұраң бел, аш бел, сүмбіл шаш, қолаң шаш, қалам қас, қиғаш қас 
деген тіркестер көркем ой, түсініктің өзгеше ұлттық бітім-сипатымен
сөздердің жасалу ерекшелігімен қызықты. Қоңыр дауыс, қоңыр кеш, 
қоңыр бел деген үйреншікті, қарапайым сөздерде (немесе, әнді ал қоңыр 
деп атауда) қанша поэзиялык нәзіктік бар!
Халықтың тіршілік-тұрмысымен, тарихи-қоғамдық жағдайлармен 
байланысты туған, халықтық, ұлттық бояу-өрнектің айқындығымен 
көзге түсетін бейнелі сөздерді, эпитет, теңеу, метафора, метонимия
символ, гипербола тағы сондай суреттеу, көркемдеу құралдарын түгел 
қамтып, тұтасымен алсақ, оларды біз халықтың ой-санасындағы, көркем 
ұғым-түсініктеріндегі ұлттық сипаттардың жарқын көрінісі дей аламыз. 
Ал енді осындай сан алуан сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын қай 
тілде болсын айтып жеткізуге болғанымен, ол сөздердің өзіндік құрылыс-
бітімін, айтылу қалпын түгел сақтау қиын, мүмкін де емес. Бұдан 
(мысалы, өлеңдерді аударғанда) поэзия тілінің ұлттық сипат-белгілерін, 
өзгеше суреттілік ажар-көркін неғұрлым толық жеткізу міндетін қоюдан 


250
бас тарту керек деген қорытынды шықпайды. Бұл арада тек аударма 
алдындағы міндеттің қаншалықты қиын да күрделі екендігін айрықша 
атап өтуді орынды көрдік.
Поэзия тіліндегі сан қилы ерекшеліктерді, халықтың тарихи-қоғамдық 
өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан 
туатын сипат-белгілерді, бейнелі сөздер, сөз тіркестерінің суреттілік 
бітімін, жасалу, айтылу қалпындағы қисапсыз мол ерекшеліктерді 
барынша толық, жан-жақты, терең зерттеп білу қажет екендігін түсіну 
қиын емес.
Поэзияда әртүрлі теңеу, салыстырулардың, бейнелі сөздердің 
қолданылуында бұрыннан келе жатқан әдеби дәстүрдің әсері күшті 
болады. Ақиқат өмірде мүлде жоқ, бірақ ежелгі аңыз-ертегілерден 
ауысқан, қиялдан туған, немесе түбі ескі діни ұғым-нанымдармен 
жалғасып жатқан бейнелер де (мысалы, періште, пері, бейіштегі хордың 
қызы сияқты) кездесе береді. Олай болатын себебі бұлар – шартты түрде 
алынып, өзінің түпкі мағынасынан айрылып, басқа мағынаға ие болған, 
қоғамдық ой-санаға кірігіп кеткен, сондықтан әркімдер айтып, пайдалана 
беретін ұғымдар.
Халықтың көркемдік, әдемілік туралы ұғым-түсініктердің 
қалыптасуына, поэзия тілінде бейнелі сөздердің орнығып, өріс алуына 
әдеби дәстүрдің қаншалық әсер ететінін Л.Толстой жіті байқаған: 
«Сүйтіп біздің ортада әр түрлі аңыз, хикая, ертегілер көркем сюжет деп 
танылады. Көркемдік, поэзиялық сипаты бар деп саналатын кейіпкерлер 
мен заттар – қыз, жауынгер, бақташы, елсізде жүрген дуана, періште, 
неше түрлі жын-шайтандар ай сәулесі, найзағай, тау, дария, құлама жар, 
гүл, ұзын шаш, жолбарыс, қозы, көгершін, бұлбұл; жалпы алғанда, не 
нәрсені бұрынғы сөз шеберлері өз шығармаларында көбірек қолданса, 
соның көркем, поэзиялық сипаты бар деп саналады»
76
.
Ұлы жазушының бұл сөзі поэзиядағы көркемдік, әдемілікті белгілі бір 
нәрселермен ғана ұштастырып, тар мағынада түсінуден сақтандырады, 
машықты үлгі-өрнектердің, бейнелі сөздердін төңірегінен айналсоқтап 
шыға алмаушылыққа сын көзімен қарау қажеттігін аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет