Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет142/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Бейнелі сөздердің
жоғарыда көрсетілген түрлерінің қай-қай-сысының 
болсын құндылығы, түптеп келгенде, өмір құбылыстарының ұқсастығын 
тап басып, дәл көре біліп, мол әсер, бай ассо циация туғызатын, 
оқушының ойын қозғап, терең сезімге бөлейтін шеберлікте жатқанын 
естен шығармауымыз керек. Поэзияда, әдебиетте салыстыру арқылы 
аңғартылған шындық дайын күйінде айтылған ақиқат-тұжырым емес, 
ол әдетте оқушының жан-сезімін оятып, оған ой салатын және көбінше 
астарлы мағынасы бар, кейде тұспал, ишара секілді мағынасы бар 
бейне, сурет түрінде көрінеді. Сөйтіп, 
эпитет
(кейбір түрлері), 
теңеу, 
метафора, метонимия, аллегория, символ
секілді 
бейнелеу, көріктеу
тәсілдері не екі нәрсені тура, тікелей салыстыру түрінде жасалады не 
болмаса, екі нәрсе арасындағы жалғастық, ұқсастық ескеріліп, соның 
негізінде ауыспалы, астарлы мағынасы бар бейнелі сөз туады.
Бұл айтылған жайларды бейнелі сөздердің түрлерін жекелеп 
қарастыру арқылы да анық байқауға болады. Мысалы, теңеу «шоқпардай 
кекілі бар» деген секілді әдетте қос мүшелі болып келеді. Мұнда аттың 
кекілі де, теңеп отырған шоқпары да аталып, көрсетіліп отыр. Үнемі дәл 
осындай қатар, анық айтылмағанымен, теңеудің екі мүшесін де тауып 
алу қиынға соқпайды.
Метонимия, аллегория, символда
, көбінесе метафорада, осындай екі 
мүшенің біреуі тасаланып, жасырынып тұрады. Мы салы, «Шындықтың 
ауылын іздеп түстім жолға» дегенді алсақ, мұнда шындық іздеу идеясы 
бейнелі суретке айналған. «Шындықтың ауылын іздеу» дегеннің 
керек ауылды іздеп, сұрастырып жүретін сахара адамының бұрыннан 
үйреншікті, таныс кейпі арқылы жасалып, соның негізінде жаңа мағына 
алып отырғаны белгілі. Осының бәрі екі нәрсені тікелей салыстыру 
түрінде берілмей, «шындықтың ауылы» деген бір ғана бейнелі сөздің 
аясына сыйып тұр. Соның нәтижесінде біздің көз алдымызда, ой-
сезімімізде екі түрлі сурет, екі түрлі көрініс жалғаса қабаттасып, алмасып, 
бірін-бірі толықтыра түседі.
Теңеу
– екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. 
Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. 
Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салысты ру арқылы жасалса, енді бірде 
айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы 
басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде 
туады. Бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қозғалысындағы ұқсастықты 
тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі.


253
Бір-біріне мүлде жанасымы жоқ сияқты көрінетін екі нәрсенің қандай 
да бір қасиет-белгілерінен, не қимыл өзгешелігінен ұқсастық, жақындық 
тауып, теңестіруге болатынын атап айта кету қажет. Бұдан теңеуді 
әдебиетте, поэзияда бейнелеу құралы етіп пайдаланудың шексіз бай 
мүмкіндігі бар екені айқындалады.
Теңеу
– белгісіз нәрсені белгілі нәрсе арқылы, күрделі нәрсені 
қарапайым нәрсе арқылы, алысты жақын нәрсе арқылы айқындап 
көрсету деген пікірді жиі кездестіруге болады, әрі осы лай түсіндірудің 
бір қарағанда ұтымды көрінуі де мүмкін. Мұның өзі әсіресе әдебиетті, 
поэзияны сөз еткенде, шындыққа жанасымды болып шықпайды, өйткені 
көпшілікке белгісіз, түсініксіз нәрсені түсінікті, белгілі нәрсемен 
салыстырып айту бір-басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем теңеу 
жасау – бір басқа. Поэзиялық шығармадағы теңеуді алсақ, мәселе 
салыстырылып отырған нәрсенің белгісіз немесе белгілілігінде емес, 
сол айтылатын өзгешелік бұлардың бірінен екіншісінде айқынырақ, 
көрнектілеу екенінде, салыстырудың өзінен көп мағына туатындығында. 
Қалам қас
дегенде қалам белгілі, түсінікті нәрсе де, ал 
қас
белгісіз нәрсе 
деу дұрыс болмас еді. Айтылып отырған сипат – түзу, тура деген мағына 
– қаламнан айқынырақ көрініп тұр. Қастың қиғаштығын сипаттамақ 
болғанда, мысалы, қарлығаштың қанатындай деу ұтымдырақ.
Теңеудің өзгешелігін, мазмұндылығын, тереңірек түсіну үшін тағы 
бірер мысал келтіруге болады. Алдымен «көптің күші көлдей, кешіп 
жүрген елдей» деген теңеуді алайық. Осы теңеулер біздің көз алдымызға 
шалқар айдын көлді, шетсіз, шексіз сияқты болып, шалқып жатқан 
суды, не болмаса, үдере көшіп келе жатқан көп адамның, елдің бейнесін 
елестетеді. Сондықтан біз көптің күші мығым, зор деген тұжырымды тек 
ұғым күйінде ғана қабылдап қоймаймыз, көз алдымызда айқын елес беріп 
тұрған көлдің, елдің көрініс әсері, суреттілік, бейнелілік әсері арқылы 
терең сезіне отырып та қабылдаймыз. Немесе қақтаған ақ күмістей 
деп қыздың маңдайын сипаттайтын теңеуге зер салып қарасақ, мұның 
мағынасы өте кең бай екенін көреміз. Бұл теңеу сұлу қыздың маңдайының 
ақ, кең деп тікелей көрсетілген сипаттарымен қатар жарқыраған, жазық, 
нәзік, ешбір мінсіз, көз тартарлық көркем деген сияқты талай қасиеттерін 
де қоса аңғартады.
Теңеу туралы айтылғанда салыстыру үшін қандай нәрсе алынып 
отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселе тек онда ғана емес. 
Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған құбылыс, нәрсе қандай, 
оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңестірудің 
өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады – міне, алдымен осылар 
толық ескерілуге тиіс. Теңелген нәрсе мен салыстыру арқылы сипатталып 
отырған нәрсені, құбылысты жеке, бөлек алу көп жағдайда дұрыс 
болмайды. Мысалы, Абайдың «өз үйінде өзендей күркірейді», – де ген 


254
сөздерін еске түсірейік. Бұл жерде мәселе тек кісіні өзенмен «алыстыруда 
деп ұқпаған жөн. Даукес кісінің әрекетін, дарылдаған даусын тасқынды 
өзен суының күркіреген үнімен салысты ру – өте орынды, тапқыр теңеу.
Ілиястың «Күйші» поэмасындағы: «Ұйлыққан сең үстінде қойдай 
қорқып» деген өлең жолын алсақ, мұны тек адамды қоймен салыстырған 
екен деп ұғу ағаттық. Ақын қойды қандай жағдайда алып отыр, оның 
қандай ерекшелік-қасиетін көрсетіп отыр және олармен салыстыру 
негізінде адамның қандай күйі сипатталады – осылар түгел ескерілуі 
ке рек. Қысталаңда жол таппай, шошып сасқан жұртты сең үстінде 
ұйлыққан қоймен салыстыру оп-оңай табыла қоятын, жадағай теңеу 
емес. Бұл теңеуде өмір шындығын көріп-байқағыштық пен тапқырлык, 
көркемдік шеберлік – бәрі бір жерден келіп тоғысқан.
Теңеліп отырған нәрсе де айтылатын ойдың орайына байланысты әр 
тұста әр қырынан алынып, қилы-қилы мағына туғызуға қызмет етеді. 
Айталық, Абай жартаспен салыстыру арқылы бірнеше жерде өз ойын 
көркемдеп, шеберлеп жеткізген. Бірде теңіздің толқыны «жағадағы 
жартасты жыға алмайды» деп, жартасты топас, қараңғы, жұрттың 
ырқына көнбейтін табанды, бетінен қайтпайтын адамның балама бейнесі 
ретінде алса, бірде «биік мансап – биік жартас» деп, жартасты мүлде 
басқа мағынаны білдіру үшін қолданады. Ал енді «Сегіз аяқта» Абайдың 
айдалада мелшиіп тұрған жартастың жаңғырығын суреттей отырып, сол 
арқылы ақыл сөзге жүрегі жылып, селт етпейтін ынтасыз қауымды, надан 
ортаны ерекше тапқырлық, шеберлікпен бейнелеп көрсететіні белгілі.
Әрбір теңеу, салыстыру мейлінше айқын, дәл айтылғанда ғана және 
орнымен қолданылғанда ғана құнды болмақ. Теңеу мағынасы жағынан 
да, сезімге әсері жағынан да баяндалып отырған жай, жағдайға, айтылып 
отырған пікірге, ондағы ой тізбегіне жалғас, жанасымды болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет