Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет144/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Метафора
немесе 
теңеу
бірнеше эпитетпен жалғасып, ұласып 
келсе, күрделі метафора, күрделі теңеу, не тұтасқан сөз өрнегі жасалады. 
Тегінде, қандай да болсын бейнелі сөздер, әсіресе эпитет пен теңеу, 
эпитет пен метафора, бір-бірімен жалғас, қат-қабат алынып қолданыла 
береді.


257
Қаптаған қара бұлыттай, 
Қайнап біткен болаттай. 
Тұлғасына қарасам, 
Сайдан шыққан бұлақтай.
(«Ер Тарғын»)
Бұл мысалдан эпитеттің теңеуге оп-оңай қосарланып отыратынын 
көреміз. 
Жорғамын шаршы топта самғайтұғын
дегенді алсақ, мұның 
өзі тұтасқан көркем бейне. 
Жорғамын
деген балама бейне – метафора 
десек, 
шаршы топта самғайтұғын
деген сипаттама сөз – эпитет. Бұл тек 
жүйрік аттың бейнесін ғана беріп қоймайды, жарыса шапқан аттарды, 
ентелеген топты да елестетеді.
Кейде теңеуге 
метафора түрінде
қолданылған бейнелеу де ілесе 
туады. Мысалы, Ақтан (Керейұлы) ақын: «
Қатты жауған жаңбырдай 
алдарыңда қаптайын»
деген сөзі бейнелеу теңеуден басталып, метафораға 
ауысқан. Ақын өзін алдымен жаңбырмен жай ғана салыстырса, одан әрі 
сөзді төгілтіп, саулатайын деген ойын қалың жаңбырдай қаптайын деп 
астарлап айтады.
Метафорада астарлы, ауыспалы мағына екі нәрсенің ұқсастығы 
негізінде туатын болса, 
метонимияда
олардың бір-бірімен жалғастығы, 
байланысы негізінде туады. Әйелді – «ақ жаулық», әскерді – «қол» (қалың 
қол), малды – тұяқ («қара тұяқ қарында жатпас»), бүркітті – «ақиық», 
«мұзбалақ», қылышты – «наркескен» деу осыны көрсетеді. Ойы ұшқыр, 
сезімі өткір, тілі шешен деудің орнына «қаламы жүйрік» деу немесе 
жазушының шығармасын ұнатамын, жақсы көремін деген мағынада 
оның өзін, мысалы, Гогольді немесе Бейімбетті жақсы көремін деу де сол 
секілді. Көбінесе заттың, нәрсенің орнына оның бір белгісі, сипаты, кейде 
бүтіннін орнына бөлшегі алынады. Әйтеуір бір нәрсенің орнына қалайда 
оған жалғас, сабақтас екінші нәрсе айтылады. 
Метонимия
– бір нәрсемен 
екінші нәрсені алмастырып айтудың өте ұтымды тәсілі. Мысалы, әскерді 
қол деудің өзі әншейін айтыла салмаған. Әскери адамның қарулылығын, 
күш көрсете алатынын, қорғаушы бола алатынын осылай айту арқылы 
бірден-ақ аңғартып тұр.
Символ
дегеніміз балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған 
нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету 
тән.
Символ көбінше адамның тұрпат-тұлғасын, кескін-кейпін, сымбатын 
тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі-сипатын ғана алса, оны бүтінге 
балап, тұтас бейне орнына алады. Символдағы екі нәрсені ұқсату, 
жақындастыруда шарттылык, бар және бұл жағынан ол метафора, 
метонимия секілді бейне леу тәсілдерімен салыстырғанда оқшаулау 
тұрады. Мұнда ақынның бейнелеп керсететін тұспал суреті басқа 


258
ештемемен байла нысы жоқ, өзімен-өзі жатқан бөлек дүние болып та 
көрінуі ықтимал. Оның нені мезгеп отырғанын тек ишарат арқылы ғана 
сеземіз, бірақ осы шарттылықтың өзі, айтылатын жағдай, суреттеу, тура, 
дап-дайын, сипат-белгілері ап-айқын күйінде көрінбей, тұспал сурет 
арқылы елес беруі адамның ой-қиялын шарықтатып, сезімін қозғайды. 
Шынайы көркем, мағынасы терең символ әлде қандай бір дерексіз өмір 
шындығын аңғартқандай ғана болмай, сөз жеткісіз нәзік жайды басқа 
бір тұспал бейне, сипаттар арқылы сездіріп, адам жанына аса күшті әсер 
етеді. Олай болса, символдың көркемдік қасиеті ондағы суреттеу тәсіліне 
тән шарттылықтан, астарлы мағына туғызудан келіп шығады, демек 
символдың мазмұндылығы, көркемдігі дегеніміз – сол тұспал бейненің, 
суреттің ой-сезімге толы, астарлы мағынасы терең, әсерлі болып келуі.
Тегінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет