бота көз,
құралай көз, мөлдір көз, күлім көз, қара көз
деген сияқты сипаттамалар
қолданылады. Осының бәрі әйелдің тек сырт көрінісін ғана танытып
қоймайды, өйткені мұндай сипаттаулар әйелдің байсалды, нәзік көз
қарасын, әлдеқандай бір тәкаппарлық аңғартатын сүйкімді күлімсіреуін,
әсем қара көздердің сәуле шашқан, шаттық нұрына толы жанарын көз
алдымызға елестетеді. Сондықтан олар асыл жанды әйелге тән өзгеше
нәзіктілік пен сүйкімділікті, сезім сұлулығын айқын байқатады. Осы
секілді көптеген сөз тіркестері (мысалы,
бота көз
) әйелдің асқан
көркемдігін бейнелейтін
символдық мағынасы бар
сөз үлгісі болып
қалыптасқан. Мал баққан, түйе ұстаған, елдің ішінде сұлудың мөлдіреген
әсем қара көзі ботаның көзімен салыстыра сипатталатыны, сөз жоқ, өте
заңды және әбден орынды. Әр елдің поэзиясында сол халықтың көркем
ой-сезіміне тән ұлттық сипат-ерекшеліктерді әсіресе айқын танытатын
бейнелі сөздер болатынын мойындасақ, бота көздің де беретін мағынасы,
271
айтылу қалпы және суреттілігі жағынан сондай аса ұтымды сөз нақышы
екенін мойындауға тиіспіз.
Құралай көз, құмай көз
де ген секілді сөз
тіркестерінің де мағынасы, жасалу ерекшеліктері осыған ұқсас екенін
көреміз.
Әйел портретін сурет-бояуы жағынан алғанда адам бейнесінің,
өң-түсінің ашықтығы, айшықтылығы назар аударады. Жарқырап
көзге ұратын және бірін-бірі күшейтіп, ашып тұратын, айқын рең-
түстерді
сипаттайтын ақ, қара, қызыл
сияқты
эпитеттер
әсіресе жиі
қолданылады.
Халықтың ән-өлеңдерінде қыз бен жігітті
тұспалмен
сипат тайтын
дәстүрлі қос мүшелі
символ-бейнелер
де жиі қолданылады. Мысалы: қыз
– ақ қоян, жігіт – оны қуған ақ тұйғын. Кейде ән-өлеңдерде қыз бейнесін
күнделікті тұрмыстан алған ба рынша қарапайым затпен теңестіріп
сипаттау да кездеседі. Мы салы, қыздың ақ жарқын, ойнақы мінезін
тасындай тиірменнің ойнап тұрған
деп суреттеу.
Халықтың ән-өлеңдерінен
бейнелі сөздер, теңеу, салыстырудың
күрделі, ұлғайған түрлерін де көп табуға болады. «Алдаш» атты өлеңде
қыз айдын келдің бетінде жалғыз жүзген аққу бейнесінде көрінеді.
«Шапибай-ауда» қыз су бетіне кенет шыққан, көлде шомылып жүрген
аққу болып сипатталады. Өлеңдерде сол секілді қыз көлден көтеріліп
ұшқан аққумен немесе айдындағы таранған аққумен салыстырылып,
бұл теңеу түрленіп, айтылатын ойдың ыңғайымен өзгеріліп қолданыла
береді. Белгілі халық әні «Ғайнидың» өлең шумағында ұялшақ қыздың
қорғанып жаутаңдаған көз қарасы қолға түскен қоянның көзіне ұқсатылса,
тағы бір өлеңде қыздың көзі ұясынан жаңа ғана ұшып шыққан қаздың
балапанының көзімен салыстырылады.
Қыз мінезін тау ішінде еркін өскен еліктің ылағымен теңеу де
(«Илигай») назар аударарлық. Бұл теңеу қыздың, ерке, өршіл мінезділігін
және басы бос, азат жан екендігін де жақсы аңғартады. «Қарғам»
атты өлеңде қыз мінезі былай сипатталады: «Маңыңа ешбір адам
бара алмайды. Көкше мұз төңірегің тайғанақтап». Мұнда
салыстыру
арқылы
қыздың тікелей өзі сипатталмай, оның айналасындағы жер кісі
тайғанақтап, табан тіреп тұра алмайтын мұзбен теңестірілген. Осының
өзі де қыз бойындағы жарасымды ұстамдылық пен тәккаппарлықты
шебер бейнелеп жеткізеді.
Апалы-сіңлілі Хұсни мен Хорланды («Хұсни-Қорлан») бір енеден
туған екі бағланмен салыстыру да қазақ ұғымына әбден сәйкес және өте
қызықты. «Ал Қоңыр» атты өлеңде бойын түзеп серуенге шыққан қыздың
сәнді кербез жүрісі жаратқан ақбоз аттай сылаң қағып деп бейнеленеді.
Белгілі «Қызыл бидай» атты өлеңді алсақ, мұнда дәні толып, ырғалып
тұрған қызыл бидай мен әбден пісіп-жеткен қызыл өрік бой жетіп
толықсыған қыздың балама бейнесі ретінде алынған («Қамбар батыр»
272
жырында сабағынан үзілгелі тұрған піскен өрік бойжеткен қыздың
кейпін тұспалдап көрсетеді: «Үміткер боп барша тұр, сабағынан үзіп ап,
жесем деп піскен өріктен»).
Бұған дейін біз көбіне лирикалық өлеңдердегі әйел портретін сөз
еттік, бірақ жоғарыда айтылғандардың дені эпикалық жыр-дастандарға
да қатысты. Ақжүністің, тіпті есіміне «ақ» деген эпитет қосылып
айтылатын бұл арудың, ақтығы «ақ ұндай». Ал Назым сұлу болса бейне
жаңа шешек жарған гүлдей; тамағы ақ, беті-жүзі бұлттан шыққан айдай
нұр сәулелі немесе жазылмаған ақ қағаздай аппақ; қимыл-қозғалысының
әсемдігі ақ бозаттың жорға жүрісіндей.
Эпикалық шығармада
Достарыңызбен бөлісу: |