Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


III тарay АБАЙДЫҢ ТІЛ ҰСТАРТУ ӨНЕГЕСІ



Pdf көрінісі
бет160/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

III тарay
АБАЙДЫҢ ТІЛ ҰСТАРТУ ӨНЕГЕСІ
Абай поэзиясы – ұлы ақын өмір сүрген замандағы қоғамдық өмірдің 
ең күрделі, ең жанды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Қазақ 
топырағында адамгершілік пен әділдікті, еңбекті, өнер мен ғылымды 
қастерлеген басқа да ақындар аз болған жоқ. Абай шығармаларының 
қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өресі биік, мүлде жаңа 
ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абай поэзиясының ішкі 
рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай 
дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады. Ақын поэзиясына 
осындай қуат-күш, көркемдік сәулет беріп тұрған – оның шығармасында 
қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің, 
шындығы терең, бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркем ой, 
өмір құбылыстарын сөзбен бейнелеу, мүсіндеу шеберлігінің жарқырап 
көрінуі. Абай поэзиясының тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі қоспасы 
жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен, тартымды, 
тыңдығымен құнды. Ұлы ақынның шығармаларында ойшылдық пен 
суретшілдік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды қоғамдық, адамзаттық, 
халықтық мәселелерді терең толғайтын жаңа сапалы поэзияның тууына 
негіз болды. Қазақ әдебиеті реалистік жазба әдебиет үлгісіндегі нағыз 
лирикалық туындылардың жаңа түрлерімен молықты және осының өзі 
Абайдың ұлттық поэзиямыздағы ой-сезім жүйесін шексіз байытып, 
сөздің мағыналық, суреттілік қуатын арттыруына, тіл ұстартуына зор 
мүмкіншілік туғызып, бұл салада ақынның өнімді жаңалық табуына жол 
ашты.
Қазақтың өлең тілін дамытуға Абайдың қосқан үлесі айрықша бағалы 
екенін әдебиет зерттеушілер әр кез мойындап, жан-жақты дәлелдеп 
айтып келеді. Осы мәселені арнайы тексерген Қ.Жұмалиевтің пікіріне 
назар аударалық: «...Қазақтың өзіне дейінгі тіл байлығын, шығыс, 
орыстың клас сик поэзияларының үлгілерін меңгере отырып, қазақтың 
әдеби тіліне өзіне дейінгі әдебиеттерде қолданылмаған жаңа сөз, жаңа 
сөйлем құрылыстарын енгізді. Әйтсе де, Абай тіл жөніндегі енгізген 
жаңалықтарының негізі етіп жасалынды жаңа сөздерді емес, жаңаша 
сөйлем құрылыстарын алды. Бұрынғы әдебиеттерде қоданылмаған, бірақ 
қазақтың жалпы тілінде бар сөздердің жақсыларын теріп, өлеңдеріне 
кіргізіп, өзінің тілдегі жаңашылдығының негізгі тірегі етті»
80
.
Әрине, поэзияда, әдебиет шығармасында сөз, тіл жаңалығы деген 
80
Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: 
Жазушы, 1948. 201-б.


288
жеке сөздерді қолданудағы жаңалық кана емес, ол алдымен белгілі бір ой-
пікірді, сезімді айтып жеткізудегі шеберлік, көркемдік. Зор қоғамдық мәні 
бар пікірді, көркемдік қуаты күшті ақындық ой-сезімді барынша жатық, 
тауып айтылған сөздермен жеткізу поэзияның таңдаулы туындыларында 
үнемі кездеседі және мұның өзі асқан шеберліктен туады.
Абайдың «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деген өлеңін алсақ, 
мұндағы 
өкінішті өмір
әр жерде-ақ айтылатын ұғым, бірақ әрдайым осы 
өлеңдегідей терең мағына бермейді. Ақынның өмірді не себепті өкінішті 
деп отырғаны, осы сөздің білдіретін мағынасы өлеңнің мазмұнынан 
туады. Ақын 
талапсыз, ойсыз өмір
өкініш туғызады деп, адам өз алдына 
зор мақсат қоя білу керектігін аңғартады. 
Кірлемеген көңіл
дегендегі 
сипаттама сөздің (
кірлемеген
) беретін мағынасы осы ой желісіне жалғас. 
Ол өкініші жоқ, үміті мол жас адамның көңіл күйін көрсетіп тұр. 
Үлгісіз 
жұрт
дегенде де («Үлгісіз жұртты үйретіп қалдық кейін») ақын оны 
өлеңдегі негізгі ой-пікірге байланыстырып айтып отыр. Қазақ арасында 
үлгі, дәстүр әрине, аз емес, бірақ ақын соның бәрін былай қойып, бүгінгі 
күннің талабына бірден-бір қажетті нәрсе ғылым, білім деп, оған жету 
жолын аңсап, соған бастайтын қалыптасқан үлгі жоқ деп отыр. Осы 
өлеңдегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет