Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет159/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

қанатынан қайрылу, табанынан тайрылу 
деген секілді ұғымдардың кісінің жақын адамынан мүлде қол 
үзіп қалған қайғылы қалпын тұспалдайтынын айта кетуге бола ды. 
«
Табанынан тайрылған
» деу мен «буыршын мұзға тайған» деудің 
арасында сабақтастық бар екені талассыз. Одан әрі өлеңдегі «бура 
атанға шөккен күн» дегені құлақ естімеген, болатын ешбір қисыны, 
жөні жоқ сұмдық іс болды деген ойды аңғартады. 
Тұспалдап бейнелеу
тәсілін «Ер Тарғындағы» мына сөздерден 
кездестіреміз.
Көкті бұлыт құрсайды, 
Күнді байқап қарасам, 
Күн жауарға ұқсайды. 
Айды бұлыт құрсайды, 
Айды байқап қарасам, 
Түн жауарға ұқсайды. 
Көлде қулар шулайды, 
ІІІулағанға қарасам,
Көктен сұңқар шүйіліп,
Соғылғанға ұқсайды.
Бойды байқап қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным сіресіп,
Алланың хақ бұйрығы
Таянғанға ұқсайды.
Халық поэзиясында сөзді әлденендей бір жансыз нәрсеге, затқа 
қаратып айту да жиі қолданылатын тәсіл – 
арнау сөздің
әсерлілігі 
сезімнің күшінде деп білу керек. Тілсіз дүниеге, затқа, құбылысқа 
қаратып сөз айтушы адам солар өзін тыңдап, ден қойып тұрғандай, 
солармен тілдескендей тебірене сөйлейді. Ал мұның өзі адамның 
толғанған, ой-сезімге берілген шағын танытады. Халық поэзиясында 
жиі кездесетін арнаудың үлгілерінде сөздің қандай заттарға, 


284
құбылыстарға қаратып айтылатыны, олардың қалай сипатталатыны 
көңіл аударарлық. 
Халық поэзиясындағы 
арнаудың
нұсқасы «Қыз Жібек» жырындағы 
«Әуелеп ұшқан алты қаз» деп басталатын Төлегеннің өлердегі сөзінде 
кездеседі. Төлегеннің қоштасу сөзін жай ғана айта салмай, аспанда ұшып 
бара жатқан алты қазға қаратып айтуы оның жай-күйін суреттеп жеткізуде 
эпос тілінің асқан шеберлік танытатындығының белгісі. Мұнда ұтымды, 
көркемдік туғызатын жайлар көп-ақ. Төлегеннің жапанда жалғыз көз 
жұмғалы жатқанда көргені әуедегі қаздар болғаны өте әсерлі. Ел жаққа 
қайтқан қаздар жаз келгенін байқатып, тіршілік тынысын сездіреді 
де, жас өмірдің өшіп бара жатуы қандай аянышты екені онан сайын 
айқынырақ байқалады. Төлегеннің қоштасуының сезімге әсері сонша, 
бұл арнау сөзді оқыған, естіген адамның: «
Қандай арманды өлім! Қандай 
аяулы жан!
» деп аһ ұрмасқа амалы қалмайды.
Арнау
тәсілі қолданылып, сөз жанды, жансыз бір затқа, құбылысқа 
қаратып айтылғанда, оның өзі бірталай тұстарда айтушының бейнесімен 
салыстырылып, не қатар, не қарама-қарсы қойылады. Осыған мысал 
етіп Махамбеттің «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс» деген өлеңін алуға 
болады.
Ay, қызғыш құс, қызғыш құс, 
Қанатың қатты, мойның бос. 
Исатайдан айрылып, 
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен,
Көл қорыған сен едің, 
Сен де айрылдың көліңнен. 
Аспандап ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай не керек,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні! 
Өлеңді ақынның қызғыш құсқа қаратып айтуында үлкен мән бар. 
Бір жағынан ақын сол қызғыш құсқа тіл қатқандай, сыр шерткендей 
болса, сонымен бірге өзін сол құсқа ұқсатып отыр. Қызғыш құсты 
көргенде күрескер ақынның өз жайын ойлап, толғанып, ерекше 
тебіреніске түскені өлеңнің лирикалық лептілігін, әсерлілігін арттыра 
түскен. Елден айрылып қапаланған, ханнан зорлық көрген батырдың 
көңіл күйін, асқақ арманын біз оның өзін, өз жайын қызғыш құс 
бейнесімен теңестірулері арқылы айқын, анық сезінеміз. Ақын 
жыртқыш лашыннан тепкі көріп, мекен еткен көлінен безген қызғыш 
құсқа аянышпен қарап, оны өзіне жақын сезінетін секілді. Осыдай 
ақын жанының сезімталдығы, нәзіктігі аңғарылады. Көңіл аударарлық 
нәрсе – ақынның өзін қызғыш құспен салыстыруы түрленіп, сатылап 


285
дамып, өлеңдегі ой желісінің негізгі арқауын құрайтын 
психологиялық 
параллелизм
болып шығады. Бірін-бірі толықтырып, айқындай түсіп, 
жарыса көрінетін жанды суреттерден біз адам тағдыры мен табиғаттың 
арасындағы ұқсастықты ғана емес, бірлікті, жалғастықты көргендей 
боламыз, адам өмірі мен табиғат-жаратылыстың тұтастығын сезінеміз, 
қоғамдық өмірдегі шиеленіс-тартыстың сыры, адамның еркіндігі, 
бақыты үшін күрестің биік мақсаты, мәні жайлы еріксіз терең ойға 
түсеміз. Батыр жүректі, ақын жанды Махамбеттің бейнесі ерекше бір 
айқындықпен көз алдымызға келеді.
Өлең тілінің суреттеу, бейнелеу құралдарын қолдануда халықтық 
үлгі-дәстүрлерді берік сақтаған ақынның бірі – 
Ақан сері
. Көркемдік, 
эстетикалық талғамы зор, халық поэзиясының тіл байлығын жете 
меңгерген ақын өз шығармаларында әркімнің қолынан келе бермейтін 
шеберлік табады. Ол көп жағдайда дайын, дағдылы сүрлеумен жүре 
бермей, қалыптасқан бейнелі сөз үлгілерін өзгертіп, құбылтып 
пайдалануды, өмір шындығын нақтылы сипаттау үшін поэзия 
тілінде өзіндік өрнек-нақыштар іздеуді қатты құныттаған. Мысалы, 
«
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
» атты өлеңді алсақ, мұнда әртүрлі 
теңеу, салыстыру, баламалардың
өте мол қолданылғанын және олар 
өлеңнің өн бойында тізбектеле алынып, сөз өрнегінің негізгі арқауы 
болғанын көреміз. Ақын көбінше қыздың бейнесін, кескін-сымбатын, 
мінезін суреттейді. Арасында өзін де қосып отырады. Сіз – гүл, мен 
– иран бағындағы бұлбұл; сіз – қоңыр қаз, мен – сұңқар деген сияқты 
сипаттамалар қыз бейнесін көркемдеп мүсіндеу мақсатына сабақтас 
екені сөзсіз.
Ақан сері жасаған әйел портретіндегі бір көңіл қоярлық өзгешелік 
– теңеу, салыстырулардың көбі қыз бейнесін, ажар-көркін бүтіндей 
сипаттайды. Бұл тәрізді бейнелі сөздердің де халық поэзиясында мол 
кездесетінін және олардың халықтың эстетикалық ұғым-түсініктерімен 
өте жақын, жалғас келетінін дәлелдеп жатудың өзі артық. Өлеңнің 
суреттеу тәсіліндегі ұтымдылық осындай ыңғайлас сипаттау, салыстыру 
тәсілдерін шығармадағы айтылып отырған ой-пікір, мазмұнмен терең 
қабыстырып, еркін пайдалана білуден көрінеді. 
«Жайықтың түлкісі 
және 
аралдағы түлкі 
деуі немесе 
Ертістің құба талы секілді 
деп 
салыстыруы осы дағдылы теңеулерді түрлендіріп, өлеңдегі суретке 
нақтылық сипат дарытқан. Сол сияқты тұманды күні алыстан бұлдырап 
көрініп, ұстатпай қойған түлкіні айтуы да айырықша мағыналы. Бұл 
қолға оңай түспейтін, құланның кер тағысы сияқты ерке қыздың 
ұстамды, тәкаппар мінезін айқындап, ашып көрсетуге мүмкіндік 
береді, сонымен бірге бұл салыстырма сурет өзінің шынайылығымен, 
яғни түлкінің әрекетін, табиғат көрінісін өмірдегі қалпындай бейнелеп 
айтып беруімен де бағалы.


286
Ақан сері сияқты қазақ поэзиясының ірі өкілдері ауызша 
поэзияның үлгілерін, тіл байлығын молынан пайдалана отырып, 
халық поэзиясының шеңберін бұрынғыдан әлдеқайда кеңітіп 
әкеткені дау туғызбайтын шындық.
Сөз өнері, өлең-жыр, поэзия – халқымыздың ең бай, ең мол, баға 
жетпес құнды қазынасы. Халықтық поэзия – қазақ елінің. ғасырларға 
ұласқан ұзақ тарихының, өмір-тұрмысының, армап-мүддесінің, 
тілек-талабының, еңбекші қауымның игілік, бақыт жолындағы 
күресінің тамаша куәсі. Сонымен бірге ол – халықтың ақындық 
дарынының, асқан суреткерлігінің, көркем ой-сезімі қуаттылығының 
айғағы, ұлттық эстетикалық сананың, халықтың көркемдік ұғым-
түсініктерінің ең бір жарқын көрінісі. 
Халықтық поэзиядағы бейнелеу үлгілері, сөз нақыштары ұшан-
теңіз, сондықтан ол – бүгінгі әдебиетіміздегі ақындық шеберлікті 
шыңдау, сөздің суреттілік күшін арттырудың сарқылмас көзі. 


287


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет