тігіліп
шабар деуде, дауға түсер шешенді
жүгініп
сөйлер деуде
айтылып, баяндалып отырған жағдай, әрекетке хас ерекшелікті дәл тауып
керсетуден туатын көркемдік, суреттілік бар.
Халық поэзиясының тіл кестесіне тән ерекшеліктерді айтыс өлеңдерден
де, мысалы, «Біржан мен Сараның айтысынан» да анық байқаймыз.
«Біржан мен Сараның айтысы» – қазақ поэзиясында айтыс өнерінің
шырқап өскендігін көрсететін үздік туынды. Айтыстың көркемдік қуаты
зор, тілі айрықша бейнелі екендігін әдебиет зерттеушілері бір ауыздан
мойындап келеді. Мұндағы бейнелеу, сипаттаулар айтыс дәстүріндегі
әр ақынның өзін мақтап, дәріптеп көрсету әдетімен жалғасып жатады.
Біржан да, Сара да өз артықшылығын, өз қасиеттерін тіл жеткенше
көркемдеп суреттейді. Әр ақынның айтысқан адамын мінеп, оның
кемістігін табуғa тырысуы, өзін көтермелеп көрсетуі бәрі де сөзбен
жығудың, қалайда қарсыласын ықтырып, жаңылдырып, жеңіп кетудің
279
амал-тәсілі деп есептеледі. Сондықтан өзін мақтау оғаш, ерескел нәрсе
деп қаралмайды, керісінше, қиыстырып, әсемдеп, мәнерлеп, шебер
тілмен айта білу – ақындық шешендіктің, тапқырлықтың белгісі. Бұл әр
ақынның айтыста өзін-өзі жан-жақты, барынша толық сипаттап айтуына,
сөз өрнектерін молынан қолдануына мүмкіндік береді.
Айтыстағы Сараның өзі мүсіндеген портреті ерекше көз тартарлық.
Өз басым ұрғашының қызыл тілі.
Иранбақ бет бітісім піскен гүлі.
...Майысып нәзік белім бұраң қаққан,
Қырық түрлі, дана кеудем өнер тапқан.
Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім,
Сықылды гәуһар сағат нақыс шапқан.
Ажымсыз он саусағым бәрі де аппақ.
Болғанда аузым сағат, ернім кақпақ.
Міні жоқ отыз тісім меруерттей,
Ерінбей тіздіргендей адамзатқа-ақ.
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судын,
Қаққанда төңкерілген қас бітісім.
Ашылған айбатындай жібек тудың.
...Тамағым жас баланың білегіндей,
Иығым нақ сандалдың тірегіндей.
.
Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,
Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей.
Осындағы қыздың кескін-тұлғасын, келбетін суреттеуден біз ежелден
қанық эстетикалық ұғым-түсініктерді, оларды нақтылы түрде көрсететін
бейнелі, көркем сөз нақыштарын мол табамыз. Сонымен бірге ақынның
көп қолданылып келген сөз үлгілерін өзінше түрлендіріп, оларға ерекше
көркемдік қуат бітіре алатын озық шеберлігін көреміз. Әсіресе қыздың
төңкеріліп қарағандағы қасының әсем қимыл-қозғалысын жалтылдап
желбіреген тумен салыстыруы, «аузым – сағат, ернім – қақпақ»
деген теңестіруі қарапайым, көркем, үлкен тапқырлықты танытатын
суреттеулер.
Эпостық жыр-дастандарда адамды әртүрлі затқа, жанды нәрсеге балап
айтатын мағыналы, тартымды метафоралар жиі кездеседі. Солардың
ішінен қазақ тілінің өзгеше ұлттық рухын бояу-бедерін жақсы байқататын
бір тобын ғана алсақ та бола ды. Мысалы: адамға ең туыс, жақын, іні-
қарындасының немесе сүйген жарының көркем сипат-символы іспетті
метафоралар.
280
Анау-мынау кісі емес,
Бірге туған қозымды...
Бірге туған бауырым,
Қос қанатым, құйрығым.
Ақ мандайда тұлымым,
Бірге туған құлыным.
Алтыннан соққан қияғым,
Күмістен соққан тұяғын.
Көлге біткен құрағым,
Сурылып озған пырағым.
Айналайын, қарағым,
Жауға барсам – жарағым.
Қол қанатым құйрығым,
Судан шыққан сүйрігім,
Сурылып озған жүйрігім.
Тауға біткен андызым,
Суға біткен құндызым.
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Дүниедегі іңкәрім,
Жұрт иесі сұңқарым.
Осы халықтық үлгі-дәстүрді ақындар жан-жақты дамытып, әрқайсысы
өзінше түрлендіріп, толықтырып отырған. Бұл тұста көркемдік шеберлік
тапқан ақынның бірі – Махамбет. Оның мына бір сөздерін еске түсірелік:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау
Саған да менің арманым.
Кермиығым, кербезім,
Құландай ащы дауыстым
Құлжадай айбар мүйіздім.
Қырмызыдай ажарлым.
Хиуадай базарлым.
Теңіздей терең ақылдым.
Тебіренбес ауыр мінездім..
Ақын Исатай бейнесін қадірлі, қасиетті адам туралы халық ұғымына,
көркем ойлау өзгешелігіне сәйкес тартымды суреттеген. Исатай батырды
тарланым, арыстаным деу де – халықтық үлгідегі метафоралар. Құланға
теңегенде даусы зор, айбынды дегенді аңғартса, құлжадай айбар
мүйіздім деп, әрине, ауыспалы мағынада, айбаттылық, қаһарлылық
секілді сипатты таныту үшін айтып отыр. Хиуадай базарлым деген де –
мазмұны өте бай метафора. Базар қазақ ұғымында, кейбір туыстас шығыс
елдерінің түсінігінде де көңілді жиын, көпшілік бас қосатын қызықты
орын деген мағына беретін болса, бұл жерде батырдың төңірегінде тобы
көп, ұғысатын көңілдес, сырлас адамдары мол деген ойды аңғартады.
Махамбет өз жайын баяндап, өзінің бейнесін суреттеген жырларында
халық әдебиетінде мол орын алған дәстүрді – ақындардың өзін, өз
басын ұтымды, өрнекті теңеу, салыстыруларды көп пайдалана отырып
сипаттайтын дәстүрін өте қызықты пайдаланады, бұл дәстүрге көп
жаңалық қосып, жандандырады.
Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, –
Жандаспай ақыры бір тынбан.
Томағалы сұңқар мен едім,
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
281
Бұл жырда жалпыға түсінікті байырғы символдық образдармен
ақын бейнесін, іс-әрекетін тікелей, дәл көрсететін нақтылы, айқын
сипаттамалар орынды ұштасып жатқанын көреміз. Ма хамбет өзінің
қайсар, берік, шымырлығын боз ағашпен салыстырып айтқанда, не
өзін томағалы сұңқарға теңегенде, осындай халық ұғымына сіңіскен
символдық бейнені әдемі қолдануын байқатса, «
Достарыңызбен бөлісу: |