273
Эпоста портреттің әрбір бөлшегінің өзі әдетте жеке бір теңеу, метафора
не эпитет арқылы сипатталып отырады. Осы тұрғыдан қарағанда халық
поэзиясының маржаны «Қыз Жібек» дастаны айрықша назар аударарлық.
Бұл дастанды Мұхтар Әуезовтің аса жоғары бағалауы тегін емес:
«Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем
болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көріктеу, ұқсатулардан басқа
кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық»
79
. «Қыз Жібек»
жырында сұлу қыздың бейнесін суреттеп беру үшін өте ұтымды
композициялық әдіс қолданылған. Жібекті іздеген Төлеген бір көштен
асып, тағы бір көшке келіп, көш алдында келе жатқан қыз ол болмай
шыққан соң, одан ары өтіп, өз ғашығын тауып алуға ынтық күйінде ұзақ
жол шегетіні белгілі. Осылай баяндаудың өзі жырда бірінен-бірі асқан
жеті қыздың портретін жасау үшін қажет болғаны айқын. Сондай-ақ,
басқа қыздардың бәрін жаннан асқан көрікті, керемет сұлу етіп сурет теу
де Жібектің сымбатын солардың бәрінен артық қып көрсе ту мақсатынан
туған. Жырдағы осы тізбектеле жасалған қыз бейнелері қазақтың
халық әдебиетінде әйелдің дидарын, ажар-көркін сипаттау өзгешелігі
жайлы толық түсінік бере алады. Қыздардың портретін суреттегенде
қолданылатын бейнелі сөздер мағыналық сипаты, құрылыс-бітімі,
жасалуы жағынан да алуан түрлі болып келеді. Мұнда әйел тұлғасын
түгелдей мүсіндеп-суреттейтін теңеу, салыстырмалар да, сонымен
бірге арудың бет-бейнесін, дене мүшелерін, сын-сымбатын, қимыл-
қозғалысын нақтылы, айқын елестететін теңеу, эпитет, анықтамалар да
көптеп кездеседі. Және нағыз халықтық көркемдік, эстетикалық ұғым-
түсініктерді айқын танытатын, ешбір қоспасы жоқ, мөлдір, таза бейнелі
сөздердің молдығы назар аударады. Жас арудың ғажайып көркемдігін таң
жұлдызы Шолпанмен салыстырудан да, оның ақ бетінің ажарын айдын
көлдің қуындай, құбылған көз қарасын желбіреп, жайнаған батырдың
алтын туындай, жалтылдаған танадай, лебізін сары алтынның буындай
деп бейнелеуден де халықтық сипат-белгілерді айқын көреміз.
Осы секілді теңеу-салыстырулар өмір шындығынан туатын нақытлық
сипатымен де, заттық мағынаны білдіретін қасиетімен де көз тартады.
«
Достарыңызбен бөлісу: