278
қайтпайтынын сездіреді. Одан ары келетін жайлаудан көшкен ел,
даланың күзгі соққан ызғарлы желі – бәрі де егде тартқан адамның
қалпын анық аңғартады.
Халықтық
нақыл сөздерде
кездесетін мұндай сөз нұсқаларында
бейнелі теңеуге тән бір нәрсенің қасиет-белгісі арқылы екінші нәрсені
сипаттау жоқ. Бұлар тек жұптап алынған екі ұғымның арасында мағыналық
жақындық бар екендігін аңғартады. Халық ақын-жырауларының терме,
толғауларынан көркем сипаттаудың алуан түрін кездестіруге болады.
Арту-арту бел келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Алыстан қара көрінсе,
Арғымақ шабар тігіліп.
Алыстан жанжал сөз келсе,
Азулы сөйлер жүгініп.
Бұл – Бұқар жырау поэзиясындағы терме үлгісінде айтылған бір сөз
нұсқасы. Осындағы
бүгіліп, тігіліп, жүгініп
деген сипаттама сөздердің
өзі-ақ бұл қысқа өлеңде өмірдегі шындықты, әртүрлі қимыл-әрекет,
тіршілік белгісін ұтымды мүсіндейтін шеберлік бар екеніне айғақ бола
алады. Сонымен бірге осы мысалдармен қазақ поэзиясында, өлең тілінде
осындай етістіктен жасалған эпитеттердін өте келісті, суретті болып
келетінін және айқын байқауға болады. Келтірілген өлеңдегі бірнеше
сөйлемнің қай-қайсысын алсақ та, соларға бейнелілік сипат дарытып
тұрған ең алдымен осы аталған эпитеттер екеніне кез жеткізу қиын
емес. Мысалы, бірінші сөйлемде ойдың тереңдігі атан түйе артылған
жүкті
бүгіліп
тартар деу арқылы айқындала түскен. Бұл си паттама биік
белден асарда ауыр жүкті ерге қарай тартудың орасан қиындығын анық
аңғартатын мағыналылығымен де, нақтылы қимыл-әрекетті айнытпай
бейнелеген суреттілігімен де көңіл аударады. Сол сияқты, алдына
қара салмайтын арғымақтың көз ұшынан ат кергенде соған беттеп қуа
шабуын
Достарыңызбен бөлісу: