Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет161/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

өкпе сызы, жүрек жігі, көңіл жүгі 
деген сияқты 
метафоралар
да, жастық шақта шексіз бай, мол болып көрінген дүниені көлдей деп, 
достықты бұзған, арандатқыш адамды тікенекке толы итмұрындай деп 
салыстыратын теңеулері де ұтымды, өте келісті айтылған. 
Арнауды Абай осындай ұтымды көркемдік тәсіл етіп пайдаланып 
отырған ақын бір сәт тіпті өз көңілімен, жүрегімен көлденең, сырт 
адамша сөйлеседі:
Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа, 
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Немесе:
Күйесің, жүрек, күйесің, 
Күйгеніңнен не пайда? 
Дүниеде нені сүйесің, 
Өмір қайда, дос қайда?
Өнер иесінің өзіндік бетін, тұлға-бейнесін танытатын сипаттаулардың 
нелер нәрлі, әдемілерін де Абай шығармаларынан табамыз. Олар бір 
жағынан мейлінше қарапайым, жатық болса, екінші жағынан аса терең 
мағыналы келеді, ақын рухын, даралық сипатын, заман келбетін жақсы 
аңғартады, сонымен бірге олардан ұлы ақынның қолтаңбасы айқын 
көрінеді.


289
Қайратым мәлім, 
Келмейді әлім,
Мақсұт – алыс, өмір – шақ, 
Өткен соң базар, 
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?
Кеш деп қайтар жол емес, 
Жол азығым мол емес.
«Сегіз аяқтың» осы шумағындағы 
бейнелі сөздердің
қай-қайсысын 
алсақ та, ұлы ақынға тән зор мағыналы, көркемдік қасиетімен көзге 
түседі. «Мақсұт – алыс, өмір – шақ» дегендегі 
алыс, шақ
деген 
сипаттаулар қарапайым ғана сөздер екені рас, бірақ осы сөздерде үлкен 
мағына жатыр. Алыс деген сипаттауы арқылы ақын өзі алдына қойған 
мақсаттың, сөз зергері, қоғам қайраткері болғандағы негізгі міндетім деп 
түсінген мақсатының қаншалықты зор әлеуметтік, жалпы халықтық мәні 
бар екенін аңдатады. Осы мақсаттың жолына бар қалған өмірі жұмсалса 
да, аз екенін айтқанда да, ақын екі ұғымды (алыс мақсат пен шақ, аз өмір) 
шендестіру әдісімен қарама-қарсы келтіріп, негізгі ойын ширата, шыңдай 
түседі. Адам өмірінің ең қызықты шағы ретінде алынып отырған базар да 
өте мағыналы мета фора болып шыққан. Ақын өмірінің өнімді, қызықты 
кезі өтіп кетсе де, сол зор мақсат үшін күрестен таймайтынын айтады. 
«
Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол емес
» дегендегі 
жол, жол 
азық
дегендер де күнделікті тұрмысқа қатысты жай ғана ұғымдар секілді. 
Ал шынында бұлардың да мағынасы, көркемдік қуаты ерекше зор, өйткені 
олар өзінің әдеттегі мағынасынан басқа, әлдеқайда терең, мүлде тың 
мазмұнға ие болып, ұтымды 
метафораға
айналған. Біздің көз алдымызға 
әлдеқалай жолға шығып, кешеуілдеп, барар жеріне әлі жете алмай келе 
жатқан жолаушының бейнесі елестейтіні рас. Суреткер ақынның өз 
ойын, сезімін қазақ өміріндегі нақтылы бір шындықпен сабақтастырып, 
жанастыра білетін шеберлігінен туған 
көркем ассоциация
. Абайдың осы 
сурет арқылы аңғартып отырған ойы және ап-анық. Жол дегенде, алыс 
мақсатқа жетуге ұмтылған ағартушы, күрескер-ақынның жолын, өзінің 
өмір жолын қатар айтып отыр. Осы метафоралық бейнені Абай басқа 
бір өлеңінде тағы жаңаша жандандырып, мағынасың басқаша өсіріп 
қолданады.
Адасып, алаңдама, жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық қамалмай, 
Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ, 
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай, –


290
дейді. Мұндағы жол – көпшіліктің, қауым жұрттың жолы, қаптап келе 
жатқан жолаушылардың не бір көштің жолы секілді өзінің тура, заттық 
мағынасында емес, ауыспалы мағынада халықтың тарихтық, қоғамдық 
жолын білдіретін метафора. Ақын осы метафораны дамытып, тұтасқан 
көркем сурет жасаған.
Осы жолдағы елдің жөн таба алмай адасуы ескілік, қараңғылық 
шырмауынан шыға алмауы десек, Абай айтып отырған, елді оған бастап, 
бағыттап отырған жол – өрісті еңбектің, ғылым-білімнің жолы.
Жолдың әдебиеттегі көркем бейнесі әрине, әр қилы мағына беруі 
ықтимал ғой. Ақан серінің мына сөздерін еске түсірелік:
Болғанда мұндай күйде заманамыз, 
Жай жатып сахарада қамаламыз. 
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда, 
Қайткенде тура жолды таба аламыз.
Ақын бұл жерде қоғам көшін алға бастырмайтын шегіншектік пен 
бай, болыстардың топастығын әшкерелеп, тура жол деп сол ескіліктен 
құтылу жолын айтып отыр.
Абай өлеңіндегі түзу жолдың мағынасы одан әлдеқайда терең жатыр, 
өйткені ол осы бір қарапайым ұғым арқылы зор мәні бар қоғамдық ойды 
аңғартады. Ол жолдың – ақын солай қарай бастап, бағыт сілтеген жолдың 
ғылым, еңбек, елді түзету жолы екені айқын сезіліп тұр.
Шығармадағы ең бір өзекті, түйінді ой – арман-мұңым, сөзім 
көпшілікке жетіп, жұрт оны қабыл көрсе, ұға алса деген ақын тілегі – 
жартас бейнесі арқылы ашылады.
Жартасқа бардым, 
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық, 
Есітіп үнін, 
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып,
Баяғы жартас – бір жартас, 
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Құр жаңғырығынан басқа үні-тілі жоқ, мелшиіп тұрған меңіреу 
жартас –мешеулік, надандықтың, «көздің жасы, жүректің қаныменен» 
«ішкі мұзын» ерітуге болмайтын топас адамдардың символдық бейнесі. 
Бұл көркем бейне, бір жағынан, «моласындай бақсының» жалғызбын деп 
күңіренген ақынның трагедиясын танытса, екінші жағынан өнер, ғылым, 
прогресс жолына беттей ал май, тұйыққа қамалған елдің басына түскен 
трагедияны елестетеді.


291
Халықтың жүрегіне жол табуды, жаңа ой-пікір, соны сөзге жұрттың 
бетін бұруды армандау – Абай поэзиясында көркемдікпен бейнеленген 
және зор әлеуметтік мағына алған тақырып желісі. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет