Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет162/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Адасқан күшік 
секілді, Ұлып жұртқа қайтқан ой
» деген ақын поэзиясындағы ең бір 
келісті жасалған метафоралық бейне де оның осы асқақ арманымен 
ұштасып жатыр.
Абайдың адамгершілік, ағартушылық, ақындық биік мұрат-
мақсаттары айқын көрінген, көркемдік қуаты аса зор туындыларының 
бірі – «Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?». Бұл – Абайдың келешек 
ұрпаққа («артқыға») қаратып айтқан сөзі. Өлеңнің айрықша құндылығы 
– ақын алға, алысқа көз жіберіп, келер заман адамдарына сыр ашқысы 
келеді. Осындай күнге түсіп толғана отырып, ол өзінің өмір жолы, алдына 
қойған мақсаты жайлы түйінді ойларын ақтарады. Өлеңдегі әр сөз, бейне 
шынайы терең мағыналы, шығарманың зор әлеуметтік, философиялық 
мәнін жеткізіп тұр.
Өлеңнің басында Абайдың өткір тіл мен ұялшақ қыз бейнесін 
шендестіру әдісі арқылы бір-біріне қарама-қайшы алуы өте әсерлі. Осы 
арқылы ол соңғы демі біткенше күресуден, зұлымдықты әшкерелеуден 
таймайтын ақын тұлғасын шебер танытады. Сол секілді адамның жүрегі 
мен мұзды қарсы қою да ақынға тән ерекше жалындылық, қызулық, 
албырттықты, алдына қойған арман-мақсатына шын ынта-пейілімен 
беріле білушілікті айқын аңғартады. 
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
деген мүлде тың, бұрын айтылмаған сөз тіркесі екені әркімге аян болар. 
Абайдың махаббат, достық жайын толғайтын басқа бір өлеңінде «асау 
жүрек» деген сөз тіркесі кездеседі және мұндағыдан басқарақ мағына 
береді:
Кейде есер көңіл құрғырың 
Махаббат іздеп талпынар
Ішсем деп бейнет сусынын 
Асау жүрек алқынар.
Ал «асау жүрек аяғын шалыс басқан» деген әрине, одан күрделірек, 
келісті жасалған бейнелі сөз, бірақ оның да айтып жеткізетін мазмұны 
шығарманың идеясына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Осы сөздер басқа 
ақынның өлеңінде айтылып, «мыңмен жалғыз алысқан», қоғам көшін 
ілгері бастайтын, мүлде жаңа жол: іздеп шарқ ұрған ойшыл, күрескер 
ақынның бейнесімен жарастық тауып тұрмаса, онда ол сөздердің беретін 
мағынасы әлдеқайда тар болар еді. Әлденендей жай бір асаулықты, 
шалыс жүрушілікті білдіріп, сондайлық зор қоғамдық, әлеуметтік мәнге 
ие бола алмас еді.
Махамбеттің «Шамдансам жығар асаумын» дегенін білеміз, Өзін 


292
асаумен салыстыру бұл жерде от жүректі ақынның асқан ерлігін, халықты 
қан қақсатқан қас жауымен кескілеспей басылмауға бел байлаған 
табандылығын танытады. Бұл метафора да айрықша, мазмұндылығымен 
көз тартады. Құрылысы жағынан да оның Абай қолданған бейнелеу 
тәсілімен түпкі негізі бір: екеуі де халықтық үлгіні тірек етеді. Алайда 
Махамбет сол үлгіні тікелей пайдаланған да, Абай түрлендіріп, жаңаша 
келтірген.
Соқтықпалы, соқпақсыз жер
– өте терең мағыналы 
метафоралық 
бейне
. Қазақтың кең даласында әрине, жол да, соқпақ та жеткілікті. 
Ақынның айтып отырғаны ол емес, мұндағы соқпақ деп отырғаны 
бұрынғылардан қалған үлгі, өрнек, жол-жоба десек, тіпті осылар да 
ел ішінде аз ба?! Қазақ ортасында жалпақ жұртқа атағы жайылған «не 
дүлдүл көсем не бұлбұл шешендердің» ұстаған жолы, беттеген бағыты 
Абайға әбден қанық қой, бірақ Абай бар, белгілі соқпақты айпаған. Ол 
сол қоғамдық ортада, қазақ халқының өмірінде көпшілікті ұлы ақын өзі 
арман еткен әлеуметтік тілек-мақсатқа, үлкен жаңалыққа, прогрестік 
қоғамдық даму жолына бастайтын соқпақтың болмағанын аңғартып 
отыр. Ендеше жерді соқпақсыз деуде, осы бір ғана сипаттама сөзде, 
Абайдың өзіндік ақындық бейнесін, өмірдегі, өнердегі ұстаған жолының, 
мақсат-нысанасының қаншалықты жаңа екендігін танытатын терең 
мағына жатқаны ешбір талассыз. Сөйтіп, ақын аса маңызды әлеуметтік, 
қоғамдық ой-пікірін жер, соқпақ сияқты үйреншікті, қарапайым 
сөздермен өте шебер, ұтымды айтып, көркем түрде жеткізіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет