Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет170/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

қазақтың ай мүйізді ақ серкесі
» 
деп сипаттағанда бұрыннан келе жатқан халықтық үлгіге сүйенген.
Ақындардың әйел бейнесін суреттеудегі шеберлігінен де халық 
поэзиясының үлгі-өрнектерін жақсы меңгеріп, өзінше еркін қолдана 
білгендікті көреміз. «Дала» поэмасында Ілияс қызды:


307
Ақ сұпыдай
бет біткен, 
Оймақ ауыз, күлім көз, 
Ақ шыныдай
ет біткен.
Қайың сынды, мүсінді, – деп сымбаттаған. 
Жалпы халықтық тілге, сөйлеу тіліне тән бейнелілік, көркемдік 
қасиеттер поэзияда жаңа арнаға түсіріліп, жаңаша мағына алады. Ақындар 
тілдің бейнелілік, суреттілік ерекшеліктерін молынан пайдаланып, 
оларды дамыта, күшейте түседі.
Сұңқардың баласындай торға түскен,
Құланның құлынындай орға түскен,
Тұтқын қыз жауларына жаутаңдайды 
Киіктің ылағындай қолға түскен.
Сәкен жау қолына түскен тұтқын қыздың аянышты халін әсерлі 
жеткізу үшін бірін-бірі толықтырып, күшейтіп тұрған ұқсас үш теңеуді 
қатарынан алған. Аяулы деп ардақтап, қастерлеген сұлу қызды ақын 
халықтың ұғымындағы ең асыл саналатын құс пен аңның баласына 
теңеген. 
Ілиястың халықтық үлгіні пайдалану тұрғысынан қарағанда құнды 
шығармасының бірі – «Әнші» атты өлеңі. Автор оны Әсет ақынның 
атынан айтады. Бұл бір жағынан, Ілиястың осы тұста Әсет нұсқасын 
негізге алғанын байқатса, екінші жағынан, оның халықтық үлгіні 
қызықтап, халық поэзиясына тән суреттеу тәсілін өрістете қолдануға күш 
салғанын да айқын аңғартады. Ілияс халықтық поэзиядағы сөз кестесін, 
бейнелеу тәсілін сол қалпында алып қана қоймайды. Халық тілінің, 
көркем ой-сезімінің сөлін, нәрін қоспасыз, сап таза қалпында жеткізеді. 
Халық поэзиясындағы бейнелі сөздердің мәнін, рухын сақтай отырып, 
оларды жандандырып, жарқырата түседі. Алуан түрлі сипаттама сөздерді, 
көркем салыстыруларды қолданады. Осының бәрін әнді аспандата 
шырқайтын асқақ, үнді, өрен шабытты даңғыл, жүйрік әнші-ақынның 
тұлғасын бейнелеу мақсатына әбден үйлесімді. Әншінің адуындылығын, 
шабытының қуаттылығын, ол айтқан әннің қарқынын, тасқындаған 
екпінін әсем теңеу-салыстырулардың бейнелі мазмұндылығы арқылы да, 
өлең сөздің кемерінен асып төгіліп, саулап, құйылып тұруы арқылы да 
өте шебер елестетеді.
Ән салсаң, өзімдей сал аңыратып, 
Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып. 
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп, 
Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып. 


308
Боздатып саулы інгендей күңірентіп, 
Нөсердей нөпір төккен жауындатып,
Қазандай қарсы соққан дауылдатып, 
Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып. 
Соқтырып ай астынан алтын күрек, 
Қақтырып, бұрқақтатып, қағылдатып, 
Жүйткітіп, сонарлатып, саяттатып, 
Қыранды қыр жонында шаңқылдатып; 
Жүгіртіп, жүрдектетіп, жорғалатып, 
Аңқытып, аңқылдатып, ағындатып; 
Қаусырып қағып, түйіп, төгіп әнді,
Қайырып, қалтылдатып, қалтыратып.
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп, 
Қоздырып делебені дәсерлетіп. 
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, 
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп, 
Талдырып, талықсытып, тамылжытып, 
Орғытып, орағытып, баса өрлетіп... 
Бұл өлең алдымен, сөз кестесі, бейнелеу тәсілдері жағынан ерекше 
қызықты. Ілияс қазақ ақынының әншілік шеберлігін халықтың санасында 
өлең-ән туралы қалыптасқан ұғым-түсінік, теңеу-салыстырулар арқылы 
көрсетуді мақсат еткен. Өлеңнің басында-ақ әншінің аузына 
бұлбұлмын, 
тұлпармын, жорғамын
деген сөздерді салып, өлең сөзді, әншілік өнерді, 
ақындық шабытты суреттегенде халықтық үлгідегі бейнелеу тәсілін 
қолданады. Әннің айтылуын, шырқалуын, әнішінің дауысын әуелеп 
ұшқан аққуға, жерге қонып мамырлаған қоңыр қазға, боздаған інгеннің 
күңіренген үніне, нөсерлеп жауған жауынға, желмен жапырылған 
қамыстың шуылына, т.б. қимыл-әрекетке, дыбыс-үнге теңеуі дайын 
үлгіге бой ұрғандықты емес, халық поэзиясындағы сөздің суреттілігін, 
мағыналы мәнерлігін ұстартып, өңдеген, кемеліне келген көркемдік 
шеберлікті танытады. Осындағы теңеу-салыстыруларды қатар-қатар 
тізіп, жиыстырып келтіруі де өлеңді суырып салып шығарып, ағыл-
тегіл нөсерлететін айрықша өнерпаздықты елестетеді. Шешендікті, 
тапқырлықты ерекше қастерлейтін халық ақынының әдетінше Ілияс 
үстемелеу, үдетіп әкету әдісін қолданып, мағынасы жағынан жақын, 
үндес сан алуан бейнелі, сипаттау сөздерді бірінің мағынасын бірі 
күшейтетін етіп, еселеп келтіреді. Өлеңнің өн бойында, өте-мөте екінші 
жартысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет