327
әдебиет әсері ұлттық әдебиеттің бар байлығының көзін тереңдеп ашып,
өркендете беруге себебі тию арқылы көрінуі заңды құбылыс. Басқа
әдебиеттегі дайын үлгі-өрнекті көп қиналып ізденбей-ақ қазақ өлеңіне
әкеліп қондыруға болады деуі дұрыс емес.
Осы айтылғанның дұрыс екендігін Абайдан бергі әсіресе, со-
вет дәуіріндегі әдебиетіміздің өркендеу тәжірибесі толық дәлелдейді.
Абай Пушкин, Лермонтов поэзиясының ырғақ-өрнек, интонациялық-
синтаксистік құрылысындағы бірталай үлгілерді қа зақ поэзиясында
өңдеп, түрлендіріп, шебер пайдаланған. Сәкен, Ілияс, Сәбит секілді
ақындарымыз Маяковский поэзиясының ырғақ-интонациялық байлығын
еркін игеру арқылы қазақ өлеңін, оның өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін
молықтырып, байыта түсті.
Қазақ өлең жүйесінің өзінше бітімі болуы, ырғақтың буынға
негізделуі, тармақтың да буын санымен белгіленуі – мұның бәрі тілдің
құрылысына, алдымен дыбыстық яғни
Достарыңызбен бөлісу: