321
өрнектерінде халықтың творчестволық-жасампаздық қабілетінің
шексіздігін, эстетикалық-көркемдік талабын жоғары танытатын ғажап
сырлар мол. Өлең сөздің табиғаты, оның қара сөзден бөлек, мөлшерлі
ырғақ, өрнегі болатыны, осындай өлшеуліліктің сыры, қажеттілігі
жайлы талай ғалым-зерттеушілер, әдебиетші-ойшылдар пікір қозғаған.
Кейбір әдебиетші, жазушылардың күнделікті сөйлеу тілінің қалпын
өзгертудің, өлшеулі тармақ, шумақ,
ұйқастарды қолданып, өлең сөздің
ырғағын ектеп, белгілі шеңберден шығармай қоюдың қандай қажеті бар
деп шүбәланған кездері де жоқ емес. Салтыков-Щедриннің мынандай
белгілі сөзі бар: «Еркін, табиғи қалпында сөйлемей, күндіз-түні сөзді бір
өлшемге келтіріп, үйлестіремін деп бас қатыруды дені дұрыс адамның
істейтін ісі деуге болар ма екен? Мұның өзі адамша жүрмей, арқан
тартып, соның үстімен шайқалақтап басып жүру секілді ғой»
84
. Осыған
ұқсас пікір Л.Н.Толстой сөздерінде де кездесіп отырады. Кейде ол үзілді-
кесілді тұжырым да айтады: «Сөз адамның ойын, шындықты білдіріп,
рухын танытатындықтан, ол өте маңызды нәрсе, ал енді оған әкеліп
өлшем, ырғақ, ұйқасты кіргізуге тырысу, сөйтіп сөздің айқындығы мен
қарапайымдылығына нұқсан келтіру сөздің
қадірін кетірушілік және
мұның өзі соқамен жер жыртып келе жатып, би билеп, түзу жүрмеу
секілді жөнсіз қылық»
85
,— дейді.
Өлең жүйесі тіл құрылысына негізделе отырып, мүлде жаңа
сапа, қасиетке ие болады. Өлең сөздің өзіне ғана тән белгілі заңдары
қалыптасқан. Сөздерді буын санына қарай қолдану, мөлшерлі буын сақтау
өлеңде ғана бар, ал қара сөзде мұндай заңдылық жоқ. Өлең сөздегі кейбір
қарапайым ырғақ-өрнектер жай сөйлеу тілінде де кездесетіні болады,
бірақ күрделі өлең өрнектері сөйлеу тілінде дайын қалпында көзге
түспейді. Өлең құрылысының, өрнектерінің әртүрлі қырлары, әр сатылы
сипаттары бар. Олардың тілмен қатынасы да біркелкі емес.
Ұйқастың
құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ал ұйқастың кезектесу реті
тілдің синтаксистік құрылысымен көбірек байланысты. Орыс поэзиясы
мен қазақ поэзиясындағы ұйқастың дыбыстық құрылысы мүлде бөлек
болып келеді. Ұйқастың кезектесу реті кейде бір-бірімен жақын бола
береді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: