313
сұлу болып сипатталады да, ал жігіт қыздың қаталдығын, жан түршігерлік
жауыздыққа бейім тұрғанын сезіп, айнып жиіркенген кезде ол енді түсі
суық, адам шошып, безінетіндей жан болып суреттеледі. Осыған орай
Қарашашты сипаттауда қолданылатын
теңеу, эпитет, метафора
,
бейнелі сөздер
де мүлде өзгеріп отырады, оларды қатар қойса, бір-біріне
қарама-қайшы сурет, бояулар боп шығады. Бірде әйелдің кескін-тұлғасын
мадақтап суреттеуге, кейде оның бейнесін сынап, әшкерелеп сипаттауға
мүкіндік туады.
Қара қас, қылаң қабақ, кер құба
қыз,
Қара шаш, алма сағақ, құралай көз
.
Сырықтай ортадағы сымдай бойы,
Тал шыбық, қыпша белдің
өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал
қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша қар
қыз.
Қымыздай
балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз-ақ сұқтанарсыз.
Осындай сұлу кескінді деп сипатталатын ханыша енді бірде «
әзірейіл,
ажал түсті», «жын патшасы секілді», «аю қыз», «кәрлі қыз
». Оның
ашуға булыққан қалпын ақын:
Ай құлап аспандағы соқты жерді,
Отаудан дүр-дүр етіп тұрды пері.
Төсекте қыз киініп жатқанында
Айдаһар ысқырынған секілденді, – деп сипаттайды.
Ақын осы бір шумақта бірнеше бей нелеу тәсілін қатар қолданған.
Алдымен айды
құлап түсті
деуі
әсірелеу
–
гипербола
болса (оның да
адам айтқысыз сұмдық болғанын аңғартатын тұспалдық мағынасы
бар), Қарашашты меңзеп, тұрды
пері
деуі
метафора
, ал соңғы қызбен
айдаһарды салыстыруы теңеу түрінде берілген. Бір сәт ақын:
Бұрқырап
ашық аспан кетті қайнап,
Найзағай сатыр-сұтыр нөсерді айдап,
Дауылдап, жер сілкініп, тау күрсініп,
Боп кетті қап-қараңғы көзді байлап, –
деп табиғаттың бір сұрапыл, керемет
көріністерін көз алдымызға
алып келгендей болады. Бірақ бұл тура мағынасында беріліп отырған
табиғат құбылысы емес, ханышаның кәрінен үрейленген күйші
жігіттің көңіл күйін білдіру үшін жасалған символ-сурет екенін
314
көреміз. Қыздың көңіл ауаны, күйге елтіп толқыған сәттері өмірдегі,
табиғаттағы болатын әртүрлі нақтылы құбылыстармен өте орынды,
шебер салыстырылады.
Ханыша осылайша ауырғандай,
Аһласа,
кейде демі тауды ұрғандай,
Жатады күйді тыңдап, кейде жылап,
Жастыққа жылы жаңбыр жаудырғандай.
Қояр ма жылан күйге жан жынданбай?
Бей-жай боп жалғыз өзін жау қуғандай.
Еріксіз домбыраны тыңдай-тыңдай,
Қалады айдалада қаңғырғандай.
Қыздың демі тауды ұрғандай
немесе
жастыққа аққан көз жасы
жылы жаңбыр жаудырғандай
деген сипаттаулар көрнектілік,
бейнелілік жағынан құнды болса, адамның көңіл жайын айтқанда оны
әртүрлі әрекет-қимыл үстінде жүргендей қуғыннан қашқандай, иен
далада қаңғырып, сенделгендей етіп көрсету, көзге елестейтін айқын
суреттер арқылы таныту әсіресе бағалы.
Ілияс
Достарыңызбен бөлісу: