Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет172/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

тұспал 
бейнелер
арқылы, терең символдық, тұспалды мағынасы бар суреттер 
арқылы көрсетілген. Ақын күйді басқа құбылыстармен, аттармен тек 
дыбыс-үн ұқсастығы негізінде ғана салыстырып қоймай, музыкалық 
шығарманың сазын, әр қилы мән-мағыналы әуенін түрлі қимыл-қозғалыс, 
әрекет, күй-жайлармен де жақындастырып, теңестіріп отырады.
............................................................
Кейде күй қыран болып қылмаңдаған, 
Алдынан қызыл алтай бұлаңдаған.
............................................................
Бұлбұл боп кейде қақсап, таңда зарлап, 
Торғай боп, аспанда ұшып, көкте шарлап. 
Басына аққу киіп, дуана боп, 
Қасына ханышаның кеп тұр сарнап.


311
Осындай алуан түрлі теңеу, салыстыруларға тірек, арқау болатын 
нәрсе алдымен дала өмірінің шындығы: қырдағы елдің жаңа қонысқа 
көшуі, мал-бағу, ат жарыстыру, бүркіт салу, түлкі алу сияқты үнемі 
кездесіп отыратын жайлар мен қыр табиғатының көріністерінен 
алынған әсерлер. Өмірдегі әр қилы құбы лыс, қимыл-әрекетті суреттей 
алатын күйді, оның үнін көркем сөзбен бейнелегенде күйдің өзін түрлі-
түрлі құбылыстармен салыстыру, соларға балап бейнелеу, сөз жоқ, 
әбден орынды.
Поэмада мұндай салыстыруларға негізделген 
теңеу, метафо ра
ғана 
емес, көптеген 
эпитеттер
де кездеседі.
Жорға күй
жолда шаңы бұрқыраған, 
Жалын күй
көкке шапшып лыпылдаған, 
Кәріні бала қылып ойнатқан күй, 
Бұлақ күй
сусағанға сыңқылдаған.
Тәтті күй
, құмарлық күй сылқылдаған, 
Ауыру асық дертпен ыңқылдаған... .
Мұндағы сипаттамалар жай анықтама – эпитеттер емес, ме тафора 
түріне ауысатын, балама бейне туғызатын әрі жасалуы күрделі сөз 
өрнектері. Сондықтан күй бірде бейне бір ойқастаған 
жорға
кейіпінде 
көрсетілсе, бірде шапшып ойнаған 
жалын
, тағы бір сәт сыңқылдаған 
бұлақ
болып елес береді.
Кейіпкерлердің сезімі түрленіп, ауысқан сайын күй де алмасып, 
мазмұны мүлде өзгеріп отыратынын күйді мінездейтін эпитеттерден анық 
байқаймыз. Бұл жерде бірнеше сөздерден не сөйлемнен тұратын күрделі 
эпитеттер мен теңеу түрінде берілген алуан түрлі сипаттамаларды былай 
қойып, тек мына төмендегі бір-ақ сөзбен анықтама беретін эпитеттерді 
атасақ та жеткілікті: 
зарлы күй, ащы күй, тәтті күй, мұңды күй, құмар 
күй, өткір күй, адасқан күй, жорға күй, жалын күй, шерлі күй, ескек күй, 
бұлақ күй, жынды күй, жынданған күй, бұлдыр күй, нәзік күй, күйік күй, 
жылан күй, күшті күй, жосыған күй, ырғалған күй, жандырған күй, 
сарылған күй, ауырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, кіжінген күй, 
сылқылдақ күй, т.б.
Ақынның көркемдік қиялы керемет қуатты, аса бай. Поэмада 
адамның ой-сезімі, жүрек толғанысы, жаратылыс-табиғат құбылыстары, 
неше түрлі жан-жануар, аң-құстардың әрекет-қимылы – барлық 
дүние бір түрлі ғажайып бірлестік тауып, тұтасып көрінеді. Сан алуан 
салыстыру, ұқсатулар, әр қилы өмір құбылыстарын жалғастырып 
көрсететін ой түйіндері өзінен-өзі туып жатқандай. Бұл – ақынның 
асқан сезімталдығының нәтижесі. Жарқ еткен бір ойдың, елес берген бір 
көрініс-бейненің ықпалымен ақынның сезімі үнемі тұ танып, ұшқындап 


312
отырады да, соларға сабақтас әртүрлі әсер-суреттерді поэма авторы 
шебер тізбектеп, көз алдымыздан өткізіп жатады.
Дуана ақтап отыр – я, аллайхақ! 
Сарынын ішіндегі шерге жалғап. 
Ойнақтап қара дауыл соқты қырдан,
Ебелек ел алдымен қашты қаңбақ.
Безектеп бір өткір күй құлдырады, 
Күйшінің көзіне қыз бұлдырады. 
Тамызда таңдай кеуіп талды күйші. 
Бір бұлақ мөлдіреген сылдырады.
Міне, бір сәт дуана болып ханшаның қасында келіп тұрған домбырашы 
жігіт те, қыздың өзі де көзімізден ғайып болады да, оларды енді тұспалдап 
көрсететін қашқан қаңбақ, оны қуған қа ра дауыл бейнелері елес береді. 
Бұл тұспал бейнелер күйші мен ханшаны сырттай мүсіндейді. Олардың 
көңіл күйін, күйші жігіттің елтіп ынтыққан, ханшаның салқын отырған 
кезін аңғартып, поэманың арқауы болып отырған психологиялық тартыс-
арпалысты шиеленістіре түседі. Құмарлық сезіміне берілген күйшінің 
бейнесін сусыз шөлде тарыққан адам кейпінде сипаттаған ақын, енді 
оның көз алдына бұлдыраған қыз тұлғасын бір сәт ығыстырып, тасалап 
қояды да, көзіне мөлдіреген бұлақты әкеп елестетеді.
Кейде метафора тәсілімен берілген бірнеше сурет бір-біріне ұласып, 
топтасып келетінін көреміз.
Ескек күй шалғынды есті, серпе соқты, 
Өрт қылды қыз бойындағы аз ғана отты. 
Толғантып тоқсан түрлі қыз көңілін, 
Жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті.
Күйдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет