Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет175/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

От жүрек, дауыл тұлға
» Маяковскийдің жалынды 
жырларын, оларға тән ұрандылық, екпінділікті былай мүсіндейді:
Оның үні асқақ үн, шыңнан шығар, 
Революция екпіні, тың күші бар. 
Оның жыры – найзагер, батыр жырлар, 
Советтік поэзия тұңғышы олар.
Әдебиетіміздің саяси-әлеуметтік, халықтық мазмұны толысып, 
байыған сайын ақын тұлғасы, ақын бейнесі жайлы ұғым-түсінік те 
тереңдеп, толыға беретіні заңды құбылыс. Ғафу Қайырбеков совет 
ақынының алдындағы зор қоғамдық мақсат-нысана жайлы толғанғанда 
ақын жанына тән жалындылық пен оттылықты космосқа қарыштап 
ұшатын ракетаның қуатына ұқсатып, ақын бейнесін жаңа қырынан 
қисынды бейнелеп көр сете білген.
Ракеталар жүзінде көктің жоғалған,
Өз отын сарқып өшкен соң онда жоқ арман.
Алайда маған оттарды жеңер от керек,
«Востоктай» сонау жеріне қайтып оралған.
Көремін қазір алғы бір ұрпақ сүретін, 
Жанатын әмән, жануды аңсап жүретін. 
Қалатын әмән қалыңға түссе қайыспай. 
Қаз-қатар маздап, қадірлес өмір сүретін.
(Ғ.Қайырбеков)
Өлеңде өзгемен ұқсастығы жоқ, бір түрлі ғаламат, тіпті ғажайып дүние 
секілді көрінетін ракетаны және ақын бейнесін қатар қойып суреттеу 
бірден тосын, үстірттеу айтылғандай сезілуі де ықтимал. Байыптап 
қарасақ, ақынның ракеталары қуатты оттың өзі өмірден, табиғаттан 
алынған, өмір-болмыстағы қуат-күштердің шексіздігінің бір ғана дәлелі 
дегендей ой түюі көңілге қонады. Өмір – «
асыл, қуатты оттын дүниесі
», 
адамның бойына біткен керемет қасиеттер де өмірдің от-жалынды күш-
қуатымен жалғас, тектес деп, бізге осы тұжырымды еріксіз мойындатады. 
Осыдан келіп ақын рухының шарықтауын, адамның, биікке, зор мақсатқа 
ұмтылып құлаш ұруын, адамды ракетамен салыстыра отырып, жану, 


317
маздау, қалың ayаны тіліп өту тәрізді ұғымдар арқылы жеткізу мейлінше 
ұтымды болып шыққан.
Қазіргі заман қаламгерлерінің ой-сезім әлемі, көркемдік дүние 
танымы, эстетикалық, ақындық ұғым-түсініктерінің байып-толысуы 
бейнелеу, суреттеу тәсілдерінің молаюына мүмкіндік туғызады. Қазақ 
ақындарының өлең-жырларында осы күнгі өмір, еңбек, күрес дәуірі 
туғызған жаңа ұғым-түсініктер, көркем бейнелер ұлттық поэзиямыздың 
мөлдір тұнығынан алынған сөз нақыштарымен ұштасып жатады. 
Орныққан, қырланған сөз үлгілерінің, жаңа мазмұн, тың ой-пікірлердің, 
асқан ақындық сезімнің қуатымен мағынасы кеңейіп, тереңдеуі поэзия 
тілін байыта түсуге үлкен себін тигізді. Орыс әдебиеті мен дүние жүзі 
әдебиетінде қалыптасқан көркем бейнелер мен ұғым-түсініктер де 
тиісті жерінде қисынымен қолданылып, поэзиямыздың сөз кестесін 
түрлендіріп, молықтырып келеді.
Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын!» дастаны – публицистикалық 
поэзияның туындыларының бірі. Шығарма белгілі сюжетке негізделмей, 
автордың атынан айтылған жүйелі 
толғау сөз
түрінде құрылған. Автор 
«
мен
» деп өз атынан айтып отырса да, поэмада жинақталған халық 
тұлғасын бейнелеуді мақсат етілген. Ақын халық тұлғасын, оның 
ұлттық мінез-өзгешеліктерін суреттегенде бірнеше басты-басты тарихи 
кезеңдерді бөліп алып, халық санасының есіп, дамып отырғанын, 
советтік дәуірде мүлде өзгеріп, жаңарғанын көрсетеді. Автордың өз 
атынан айтылған лирикалық толғаныстары арқылы халықтың көркем 
бейнесін нанымды, тартымды етіп елестете алуы, осы орайда халық 
тағдырын қоғам өміріндегі әртүрлі аса маңызды әлеуметтік, тарихи, 
саяси жағдайлармен ұштастыра білгендігі поэма тілінің көркемдік 
сапасын арттыруға негіз болған. Ақын халық поэзиясында қалыптасқан 
бейнелеу-көріктеу тәсілін орнымен пайдаланумен бірге, соны бейнелер 
мен сөз орамдарын да келісті етіп қолдана білген.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген...
(Ж.Молдағалиев)
Ақын тарихтың талай талқысына түскен азаттық сүйгіш, ба-
тыр халықтың тағдырын бірнеше бейнелі сипаттаулар арқылы айқын 
елестетеді. Халық тұлғасын анықтайтын «
мың өліп, мың тірілген
» 
дегеннің өзін ғана алсақ, осының терең астарлы мағына беріп айтылғанын 
көреміз. Бұл, бір жағынан, мыңдаған адамдардың, азаматтардың әртүрлі 
замандарда ел үшін, азаттық үшін күресіп, қаза тапқанын аңғартса, осы 


318
күрестің жаңа буын өскен сайын, халық қайта түлеп «
тірілген
» сайын 
жанданып отырғанын байқатады. Халық мәңгі өлмейді деген ойды 
мезгейді: «
Сансыз басты диюдай сан тіріліп. «Мен – қазақпын!» дегенді 
айта тұрдым
» дегенде ақын ескі аңыз-ертегілердегі бейнені қисынды 
қолданып, халық поэзиясына тән көркем символ арқылы да айқын 
көрсетіледі. «
Қаза тапқан солдаттай ізгі өліммен. Қалалар да өтіпті 
түз белінен
».
Халықтың ерлігін, қайсар, қуаттылығын ақын мына секілді теңеулер 
арқылы да айқындай түседі: «
Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда. 
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым
». Екі теңеудің соңғысы 
үйреншікті, алғашқысы сондайлық болмаса да, екеуі де орынды 
қолданылып отырғанын мойындау керек.
«
Мінезім бар таулардың қатпарындай», «Әжімім бар бейнеттің 
таптарындай
» деген теңеулер де халықтың ұлттық мінез-өзгешеліктерін, 
тарихи дәуірлерде бастан кешкен ауыр халын айқын елестете алады. 
Поэманың жаңа замандағы қайта туған қазақ халқының тұлғасы 
суреттелуі тұрғысынан қарағанда да ұтымдылық жағы мол.
Мен – қазақпын, мен енді Октябрьмін! 
Революция күшімін, нақ тәңірімін, 
Кейіпкері Лениндік декреттің, 
Мен жұлдызды халықпын, бақ тамырмын... 
Мен – Россия, мен – Совет Одағымын, 
Азаттықтың бірінші материгі.
Осындағы халықтың ұлттық бітім-тұлғасын сипаттайтын балама 
бейнелер мүлде жаңа, мағынасы жағынан жасалу, айтылу қалпы жағынан 
алғанда бұрынғы бейнелі сөздерден өзгеше болып келеді. Осының 
арқасында олар социалистік ұлт болып қалыптасқан қазақ халқының 
жаңарған сипат-тұлғасын әсерлі бейнелеп береді.
Еліміздегі орасан зор социалистік құрылысты жыр еткенде де, ақын 
ойды айқындап, бейнелеп жеткізетін теңеу, метафораларды ретімен 
қолдана білген. Соғыстан кейінгі жылдарды, космос дәуірін жыр 
еткенде халықтың тұлға-бейнесін тағы да толықтыра, терең суреттейді. 
Ақындардың өлең-жырларында жаңарған қазақ даласына көркем балама 
бейнелер ретінде бүгінгі өмірдің өзі туғызған құбылыстар – еңбек пен 
күреске байланысты нақтылы заттар алынуы, әрине, әбден орынды.
Қ.Мырзалиев «Қазіргі Қазақстан» өлеңінде 
қызыл ту, ірі завод, 
үлкен аэропорт, зор электр станциясы, космостық корабль
советтік 
Қазақстанның тұлғасын танытатын көркем символ-бейнелер түрінде 
көрсетеді.


319
Танымайсың бүгін Дала – ноянды, 
Ноян – дала қызыл ту боп оянды. 
Оянды ол тынысы кең завод боп,
Дауысы зор аэропорт боп оянды...
Көзін ашты шамы болып Ильичтің, 
Көзін ашты Қазақстан ГЭС болып... 
Дүр сілкінді енді далам старт боп, 
Далам енді корабль боп жұлқынды.
Осы символдық бейнелер терең мазмұндылығымен көз тартады, 
сондықтан ақындар өмірдің әртүрлі құбылысын суреттегенде жиі 
қолданады.
Қазақ совет ақындары ұлттық поэзиямыздағы өлең сөздің өзіне 
тән өзгеше суреттілік, бейнелілік қасиеттерін сақтай отырып, өлең 
тілінің бар мүмкіншілігін социалистік әдебиеттің алдына қойылатын 
міндет-мақсаттарға сай мейлінше толық, жан-жақты пайдаланып келе 
жатқандығын танытады. Жаңа өмірдің, социалистік дәуірдің жаршысы 
болған әдебиеттің идея-тақырып жағынан жаңаруы, мазмұны өлшеусіз 
тереңдеуі ақындық өнердің шарықтап өсуіне жағдай туғызды, соның 
арқасында поэзия тілінің ұлттық нәрі, ажар-көркі бұрынғысынан да 
күшейіп, жандана түсті.
Поэзияның, әдебиеттің алдына қойылып отырған осы замандағы өмір 
шындығын неғұрлым жан-жақты терең суреттеу міндеті ақындардан 
жаңа, батыл ізденістерді талап етеді. Орыс поэзиясының, дүниежүзі 
әдебиетінің озық тәжрибесіне үнемі көз салып, қадағалап отыру да 
қажет. Халық поэзиясының тіл, сөз байлығын пайдаланудың жаңа 
мүмкіншіліктерін таба білу – аса маңызды іс. Кейде ақын дардың 
шығармаларында бейнелеу амал-тәсілдерін қолдануда жаңалық нышаны 
бәсең сезіледі.
Поэзияда адамның келбет-кейпін, әсіресе 
әйел портретін
суреттеуді 
алсақ, тіпті талантты ақындарымыз да өлең-жыр, поэмаларында 
көбінесе қалыпты өрнек-үлгілерге ғана қол артып, өнімді тың соқпақ 
таба алмай қалатыны аңғарылады. Бұл салада өлең тілінің ұлттық бояу-
нақышын әлсіретпей, қалыптасқан әдіс-тәсілдердің ұтымды жақтарын 
орнымен пайдалана отырып, адамның кескін-келбетін, портретін, тілдік 
мінездемесін, кейіпкердің жан сырын көрсетуді, психологизмді жаңа 
биікке көтеру шарт. 


320


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет