Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет177/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

шалыс ұйқас – 
абаб
 
орыс поэзиясында да, қазақ 
поэзиясында да (әсіресе аса ұзын емес тармақтарда) көп қолданылады.
Өлең өлшемдері ақынның алдына белгілі талаптар қоятыны рас, 
бірақ ол талаптарды қол байлайтын, кедергі келтіретін тосқауыл 
деп түсінбеу керек. Керісінше, өлшем-өрнектер қисынымен шебер 
қолданылса, өлең сөз әуезділігін арттыруға себепші құрал бола алады, 
өйткені өлеңнің өлшемдері сырттан пішіп, өлең сөзге әкеп кіргізе 
84
Салтыков-Щедрин М. Сочинения. СПБ, 1890. том. 9. ХХ стр. 
85
«Русские писатели о языке». Л., 1954. стр. 582.


322
салған үлгілер емес. Олар сөздің өзінде көп кездесетін ырғақ-үлгілердің 
ең ұтымды, ықшамдыларын іріктеп екшеу, таңдау, жинақтап, жүйеге 
салып, өңдеп-толықтыру, орнықтыру негізінде қалыптасқан. Шығармада 
қолданылатын өлшемді, оның құрылыс-кестесіне сәйкес туатын өлең 
ырғағын өлең сөздегі сан құбылып тұратын дауыс толқынының негізгі 
арқауы деп қарау керек. Белгілі өлшеммен жазылған өлеңнің өзіндік 
ырғағы, әуенділік сипаты болғанымен, олар дауыстың, үннің мазмұн-
мағына, сезім-әсер байлығына сай түрленіп, еркін өзгеріп отырады.
Қай елдің поэзиясында болсын өлеңдегі ырғақты туғызатын 
өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек, 
қазақ поэзиясында ырғақ туғызатын өлең сөздің буын саны тұрақты 
бөлшектері. Осындай бөлшектердің негізгісі, бастысы – 
тармақ
яғни 
өлең жолы

Өлеңді сөзді оқып, айтып қарағанда тармақтың өлшеулі шегі бар екені 
ерекше көзге түседі. Тармақтың бірлік-тұтастық тауып, оқшауланып, 
бөлініп тұратыны тегін емес. Оның шегі берік сақталып, өрнегі үнемі 
қайталанып отырады. Әрбір тармақ көбінесе тиянақты ойды не оның 
бір түйін-тарауын білдіреді, дауыс толқыны, сөйлем құрылысы жағынан 
да бөлекше болады. Ал тармақты бунаққа бөлу ырғақтық жағынан 
анық болғанымен, 
синтаксистік
(сөйлем құрылысы), 
интонациялық
(дау ыс толқыны) жағынан көзге түсе бермейді. Шумақтың құрылысы 
тармақтар төрт-төрттен топтасса да не алты-алтыдан топтасса да, көбіне 
өлең сөздің интонациялық, синтаксистік ерекшеліктеріне сәйкестелініп 
алынады.
Өлең өлшемдері әдетте тармақтағы буын санына қарап ажыратылады. 
Мысалы, 11 буынды өлең, 6 буынды өлең, 7-8 буынды жыр өлшемі, т.б. 
Тармақ ішінде өлең ырғағын белгілейтін, дәлдеп анықтайтын – 
бунақ

Ырғақты күшейтіп, толықтыра түсетіндер – 
шумақ, ұйқас
.
Қазақ поэзиясында өлең ырғағының тірегі – 
буын
. Ырғақ буын 
санымен өлшенеді, сондықтан қазақ өлеңі 
силлабикалық
(силлабо 
– грекше 
буын
деген сөз) жүйеге жатады. Буын санына негізделетін 
силлабикалық өлең жүйесі қазақ поэзиясын да басқа түркі тілдес қырғыз, 
өзбек, татар, түрікмен, әзербайжан, башқұрт секілді халықтардың 
тілінде, сонымен бірге фран цуз, чех сияқты халықтардың тілінде де 
қолданылады.
Буын силлабикадан басқа жүйедегі өлең құрылысында да ескеріледі, 
бірақ оларда ырғақты силлабикалық өлеңдегідей, қазақ өлеңіндегідей, 
буын саны, буынның аз, көбі туғызбайды. Тоникалық өлеңде екпінді 
буындар ғана есепке алынса, силлабикалық-тоникалық өлең 
екпінді 
буын
мен 
екпінсіз буындардың
белгігі ретпен алмасуына, 
метрикалық 
өлең
созылып айтылатын буындар мен қысқа буындардың алмасуына 
негізделеді. Силлабикалық өлең жүйесінде буынның бәрі ырғақтық 


323
сапасы, сипаты жағынан тең саналады, мұнда өлең ырғағын туғызатын 
да, ол ырғақтың қандайлығын анықтайтын да буын са ны болады. 
Сондықтан силлабикалық өлең жүйесін, соның ішінде қазақ өлең 
құрылысын буынға негізделген деу әбден дұрыс.
Силлабикалық өлең жүйесінде буындардың өлең ырғағын 
туғызуға, белгілеуге қатысы, қызметі біркелкі сипат алуы, әрине, тіл 
құрылысының түпкі, түбегейлі ерекшелігімен терең байланысты. 
Қазақ тілінде екпінді буын мен екпінсіз буын арасында орыс 
тіліндегідей немесе басқа тілдердегідей зор айырма жоқ. Орыс тілінде 
екпінді буын айрықша көтеріңкі, неғұрлым күштірек айтылса, екпінсіз 
буын әлдеқайда бәсең, әлсіз айтылады. (Ал араб, парсы тілдерінде 
созылыңқы дауысты дыбыс қысқа дауысты дыбыспен салыстырғанда 
екі есе ұзақ айтылады да, өлеңде бір ұзын буын екі қысқа буынға тең 
болады).
Қазақ өлең жүйесінің орыс поэзиясындағы силлабикалық-
тоникалық өлеңнен өзгешелігін белгілейтін тек қазақ тіліндегі екпіннің 
орыс тіліндегідей аса күшті болмауы ғана емес. Сондай-ақ, қазақ 
тілінде екпіннің орыс тіліндегідей жылжымалы емес, тұрақты, көбінше 
сөздің соңғы буынына түсетінін де басты айырмашылық деп қарауға 
болмайды. Қазақ тіліне орыс тіліндегідей екпінді буынды ерекше 
күшпен, ал екпінсіз буынды әлсіретіп, тым бәсең айту тән нәрсе емес. 
Мұның, сөзсіз, үлкен мәні бар. Ал буынның дыбыстық құрамын алсақ, 
бір буында бір дауысты дыбысқа қоса көбінесе бір не екі дауыссыз 
дыбыс болады, үш дауыссыз дыбыс болуы өте сирек. Қатарынан екі 
дауыссыз ды быс келуі де кемде-кем және кейінгі кездерде кірген сөздер 
бол маса, мұның өзі де буынның басында емес, тек соңында, аяғында 
ғана кездеседі
86
.
 
Қазақ өлеңінде барлық буындардың ырғақтық сапасы 
жағынан бірыңғай, тең болуына себепші жағдайлар. Дауысты дыбыстың, 
сол себепті буынның, бәрі де біркелкі айқын айтылатын, екпінді буын 
екпінсіз буынға қарағанда пәлендей оқшауланбайтын тілдерде өлең 
тармағында буынның аз-көптігі өзінен-өзі-ақ сезіліп тұратынын және 
осын дай тілдерде силлабикалық өлең жүйесін қолданудын, өзі бірден-
бір қонымды, ұтымды, әрі өнімді деген пікірді кезінде В.Брюсов 
дәлелді айтқан болатын
87
. Ол силлабикалық өлеңнің мүмкіншіліктері 
орасан мол, бай екіндігін атап көрсетіп, (силлабикалық өлең) басқа өлең 
жүйелерімен салыстырғанда өлең сөз ырғағын түрлендіру жағынан 
артып түседі деген
88
.
86
Кеңесбаев С. «Қазіргі қазақ тілі» атты кітаптың «фонетика» бөлімі. 139-140-бб. 
87
Брюсов В. Опыты по метрике и ритмике, по евфонии и созвучиями, по строфике и формам. 
М., 1924. стр.12 
88
Брюсов В. Ремесло поэта. Избранные сочинения в 2-х томах. М., 1955. Т.2. стр. 300.


324
Кейбір әдебиетшілер қазақ өлеңінің силлабикалық жүйеге жататынын 
дәлелдегенде қазақ тілінде екпін үнемі соңғы буынға түседі дегенді тірек 
етіп келді. Қазақ тіліндегі екпін орыс тіліндегідей сөздің басына, ортасына, 
соңына да түсе беретін жыл жымалы емес, көбінесе соңғы буынға түседі 
деуде әрине, қателік жоқ. Мұны жоғарыда біз де атап керсеттік, бірақ 
осыған ғана сүйеніп өлең жүйесі жайлы байлам пікір айтудың ағат жері 
бар. Бұл ағаттық қазақ тілі мен орыс тіліндегі екпіннің сөздегі орнын 
ғана ескеріп, сапасын ескермеуден, осы екі тілде екпіннің күші бірдей ме, 
жоқ па оған мән бермеуден туады. Орыс тіліндегі екпінді буынның екпін 
түспеген буынмен салыстырғанда айрықша көтеріңкі, күшті естілуінің 
барлық тілдерге бірдей тән құбылыс емес екені еске алынбайды. Осыдан 
келіп орыс тілінде екпін жылжымалы, тұрақсыз болғандықтан өлең 
әдетте силлабикалық-тоникалық, жүйемен жазылады яғни екпінді буын 
мен екпінсіз буындардың алмасып отыруына негізделіп құрылады. 
Қазақ поэзиясында екпінді буын мен екпінсіз буындардын кезектесуіне 
негізделетін силлабикалық-тоникалық өлшемдер қолдануға болады 
деген пікірде қисын жоқ дедік. Кейбір әдебиетшілер осыдан біраз бұрын 
поэзияда өте-мөте Абайдан бастап кең тараған 6 буынды өлшемді, т.б. 
кейбір өлең өлшемдері силабикалық-тоникалық өлшемдерге жатқызуға 
болады дейді. «Көзімнің қарасы» секілді 6 буын ды өлеңнің тармағында 
екпін үнемі үшінші
буын мен алтыншы буынға түседі дегенді тірек етеді. Сонда осы 6 
буынды мен орыс поэзиясындағы екі екпінсіз буыннан кейін бір екпінді 
буын келіп отыратын (ﮞﮞ –ﮞﮞ –) анапест өлшемімен жазылған ал ты 
буынды өлеңге сәйкес келеді деп түйіндеді
89
.
Байыптап қарасақ, «Көзімнің қарасы» сияқты 6 бу ынды өлеңде екпін 
үнемі тармақтағы үшінші буын мен алтыншы буынға ғана түсе бермейді, 
басқа буындарға да келіп отырады. Мысалы:
Жүректен қóзғайын,
Әдептен óзбайын 
Өзі де білмей ме? 
Көп сөйлеп созбайын.
Төмендеп қарàйсың,
Телміріп тұрмàйсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынàйсың.
Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдàйсың. 
Күйемін, жанàмын,
Еш рақым қы̀лмайсың. 
Жалпы алғанда, 6 буынды өлшем қолданылған өлеңде екпіннің көп 
жағдайда шынында да үшінші буын мен ал тыншы буынға түсетінін 
мойындамауға болмайды. Мысалы:
89
Кенжебаев Б., А.Жовтис. Заметки о ритмике стихов Абая. Вестник АН Каз ССР. 1954. № 9. 
стр. 122-124.


325
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып 
Өзд (і) өзі керегі. 
Аяңдàп ақырын,
Жүрекпен алысып.
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен танысып.
Екі жүйедегі өлең құрылысында осындай сырттай ұқсастық болған 
күнде де, жоғарыда айтылғандай үзілді-кесілді тұжырым жасау қате. 
Осы ұқсастық деп атап отырған орыс өлеңі мен қазақ өлеңіндегі 
ерекшеліктердің табиғаты, тегі мүлде бөлек. Қазақ тіліндегі екпін мен 
орыс тіліндегі екпіннің сипаты, сапасы бірдей емес. Екпіннің әр тілде 
сипаты және атқаратын міндеті әртүрлі. Қазақ тіліндегі екпін орыс 
тіліндегідей айрықша күшті емес, екпінді буынның айтылуы мен екпінсіз 
буынның айтылуында орыс тіліндегідей ырғақ-интонациялық жағынан 
зор айырма жоқ. Қазақ өлеңінде екпінді буындар орыс тіліндегідей 
екпінсіз буындардан әлдеқайда күшті болған күнде де, силлабикалық-
тоникалық өлшемдер қолдану лайық келмейді. Себебі, біріншіден, қазақ 
тілінде екпін негізінен алғанда сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. 
Бұған қоса өлең тармақтары бунаққа бөлінетінін еске алсақ, бунақтың 
бірыңғай соңғы буынында ғана екпін күшті болып шығар еді. Мұндай 
біркелкілік жалықтыратыны өзінен-өзі айқын.
6 буынды өлшем қолданылып жазылған, екпін үшінші және алтыншы 
буындарға түсіп отыратын орыс өлеңін алып қаралық:
В том лесу соловей.
Громко песни поет. 
Молодая вдова 
В хуторочке живет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет