Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет185/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

а-ә-о; е-ұ-ү-і; о-ү-ұ-ы.
Ұйқас құратын негізінен дауысты дыбыстар, ал дауыссыз ды-
быстар қосымша, жанама міндет атқаратындықтан, қайсысы қалай 
үйлесетінін үзілді-кесілді айту қиынға соғады. Алайда, ұйқастарда 
өзара үйлесетін мына бірнеше топ дыбыстарды атауға болады: 
б-ғ-г; б-д-п-к-қ; с-ш; м-н-ң.
Бұдан басқа дауыссыз дыбыстар да бір-
бірімен жақын, үйлес естілуі мүмкін. Мысалы: 
м-н-л; ғ-г-д-б
(
құ
м
ар 
– шы
н
ар – бұ
л
ар – шы
ғ
ар; шы
д
ар – шұ
б
ар; ке
м
ін – се
н
ің–те–
г
ін 
–е
д
ім – е
б
ін
).
Ұйқасқан буындардың, сөздердің үйлестік жақындығы алдымен 
сәйкес дыбыстардың сапасына байланысты, бірақ дыбыстардың 
сөздің ішінде қай буында, буынның ішінде қай орында тұрғандығында 
да үлкен мән бар. Ұйқастағы ең соңғы буынның үйлесетін буынмен 
дыбыстық үндестігі өте-мөте толық болуы шарт. Оның алдындағы 
буында өзіне сәйкес буынмен дыбыс үндестігі жағынан аздап болса 
да алшақтық, ал соңынан санағанда үшінші, әсіресе, төртінші буында 
бірталай алшақтық болуы ықтимал.
Мысалы: «
Мен көрдім ұзын қанат көбелекті. О да білер өмірді 
іздемекті
»
 
(Абай). Мұндағы 
көбелекті – іздемекті
боп үйлескен 
сөздердегі төртінші буында (
кө... –із...
) айтарлықтай үндестік 
болмағанымен, осы сөздер толымды ұйқас құрайды. Ал, осындай 
буын үйлесі соңғы буында келсе, тіпті болмаған күнде екінші 
буында кездессе, онда ұйқастың сапасы көп өзгеретін еді. Үйлескен 
буындағы жеке дыбыстардың буын ішінде қай жерде тұрғанын да 
ескеру керек. Алдыңғы дауыссыз дыбыс сөздің басқы буынында 
бір-бірінен қанша алшақ келсе де, ұйқасты әлсіретпейді: 
желбіреп 
– зеңбірек; берік – серік – теріп; кім – мұң – тү
н.Ұйқастағы кейін 
тұрған буындарда, әсіресе, соңғы буында дыбыс үндестігі бұдан 
әлдеқайда жақын болуы шарт.
Буын ішіндегі ақырғы дауыссыз дыбысты алсақ, ұйқастағы соңғы 
буында ол өзі үйлесетін дыбыспен барынша үндес болуға тиіс. 
Сондықтан әдетте не бір дыбыс қайталанады не үндестігі жағынан 
өте жақын дыбыстар алынады: 
мақтап – жақтап – сақтап; еткізбес 
–жеткізбес; тіл – біл; өтіп – жетік – күтіп; кейін – бейім
.
Ұйқастың буындық құрамы қандай болады яғни ол неше бу-
ыннан құралуы мүмкін? Буынға (силлабикалық) негізделген өлеңнің 


341
табиғатынан туатын бір ерекшелік – ұйқаста бірімен-бірі үйлесетін 
сөздердегі (
шырақ – бұлақ
) буынға буынның сәйкес келуі, соңғы 
буын мен соңғы буын (...
рақ –...лақ
), оның алдындағы буын сәйкес 
буынмен (
шы... – бұ...)
үндесетіні.
Қазақ өлеңінде үйлесетін сөздер буын саны жағынан тең бол са, 
ұйқасқа түгелдей кіреді. Мысалы
: ұнасымы – жарасымы – таласуы; 
шырақ – бұлақ
. Ал, егер бір сөздің буын саны көбірек болса, мысалы, 
жоғарыда келтірілген 2 буынды сөздермен (
шырақ – бұлақ
) 3 буынды 
сөз (
қысырақ
) үйлесіп келсе, онда ұйқасқа соңғы 2 буын ғана кіреді.
Ләйлім шырақ дегенге, Ләйлім шырақ, 
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ.
Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ.
(Біржан)
Өлеңнің ұйқасы 2 буынды: 
шы-рақ – бұ-лақ – (қы) сы-рақ
. Басқаша 
айтқанда бір-бірімен үйлескен сөздердің қысқарақ сөзі неше буынды 
болса, ұйқас та сонша буынды болады. Егер өз ара үйлескен сөздердің 
ішінде бір буынды сөз кездессе, ұйқас та бір буынды, ал ең қысқа 
сөз екі буынды болса, ұйқас та екі буынды болуы ықтимал. Жырдың 
соңғы бунағы үнемі 3 буынды болғандықтан, ұйқасы да көбінше 3 
буынды болады. Поэзия нұсқаларында 3 буыннан ұйқасатын үнділік, 
әуезділігі күшті сөздерді қолдану өте жиі кездесетінін көреміз. 
11 буынды өлең өлшемін алсақ, мұнда соңғы бунағы 4 буынды 
ұйқастарды қолдану көбірек.


342


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет