Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет187/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

11 буынды өлшем
: «
Ащы мен тұщыны татқан білер. Алыс пенен 
жақынды жортқан білер
». Бұл – осы өлшемнің соңғы бунағы 4 буынды 
болып келетін ең көп тараған түрі. 
Сегіз буынды өлшем:
«
Иттің бәрі тазы болмас. Еттің бәрі қазы 
болмас»
. Бұл өлшемнің екі бунағы да 4 буыннан келетін түрінен бас қа, 
өлең-жырда қолданылмайтын 3 буын + 3 буын + 2 буын бо лып келетін 
түрі де кездеседі. «
Баланың күлкісі қанбас. Жаманның ұйқысы қанбас
».
Жеті-сетіз буынды өлшем
:
Бір түйенің екі емшегі,
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші
Бірі кетсе, күші жоқ.
Жолдасы жақсы жігіттің 
Жолын құдай оңдайды, 
Жолдасы жаман жігіттің
Жолы қабыл болмайды.
Бұл шумақтардың алғашқысында 8 буынды тармақтардың соңғы 
бунағы 4 буынды, ал соңғысында 3 буынды. 
Жеті буынды өлшем
:
Таяқ тайға жеткізер, 
Тай құнанға жеткізер
Құнан атқа жеткізер, 
Ат мұратқа жеткізер.
Қайраңы жоқ көлден без,
Қайыры жоқ елден без.


345
Алты буынды өлшем: 
Сенікі, менікі, 
Көңілдің тарлығы; 
Әрі жат, бері жат, 
Төсектің тарлығы.
Екі бунағы да 3 буынды болып келетін бұл өрнекті Абай «Көзімнің 
қарасы», «Антпенен тарқайды» өлеңдерінде қолданған. Осы өлшемнің 
бунақтары 2 және 4 буыннан да келетіні бар:
Ат жалдаған өтер,
Ит жалдаған кетер.
Байлық мұрат емес, 
Жоқтық ұят емес.
Бес буынды өлшем:
Балаға тиме, 
Бәлесі жұғар. 
Қазанға тиме, 
Қарасы жұғар.
Осындай ырғағы 3 буын + 2 буын болып келетін 5 буын ды тармақтарды 
өлең өлшемінде басқа ұзынырақ тармақтармен араластырып қолдану 
Абайдан бастап поэзияда кең орын алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет