Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет195/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

7-8, 8 буынды
өлеңдерде сирек кездесетін үйлесім үлгілері де аз емес. 
Мысалы: Төрт тармақты шумақ (ұйқасы 
аабв-ггдв
):
8 буынды
өлеңнің тармағы (2 буын + 3 буын + 3 буын): 
Достар көп едік, сансыз ек,
Жастар қайғыдан қамсыз ек. 
Өтті от күндер қаһарлы, 
Кетті кетік қып қатарды.
Дейік: «Өткенге салауат, 
Болсын тірілер саламат».


361
Күндер келеді-ау ғажайып, 
Достар барады-ау азайып.
(М.Әлімбаев)
7-8 буынды
, сондай-ақ 
6 буынды
өлеңдерде ең жиі кездесетін үйлесім 
– 
кезекті ұйқас
 абаб
(мұны 
айқас ұ йқ а с
деп те атайды). Мысалы:
Менсінбеуші ем наданды
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек ем заманды,
Өзімді тым-ақ зор тұтып 
Қызарып сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.
(Абай)
Бұл өлшемдерде 
ааба
түріндегі 
ақсақ ұйқас
та көп қолданылады. 
Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдерінде 
бар.
Қазақ поэзиясында, әсіресе 7-8 буынды өлеңдерде 
аттамалы 
ұйқаста
қолданылады. Қысқа тармақтар осылай аттап ұйқасып, тек жұп 
сандылары ғана үйлессе де өлеңнің үндестігі кемімейді. Мысалы:
Солқылдата соғылсын 
Ол жаққа тағы қараймын,
Бесжылдықтың балғасы. 
Қолға алам да картаны.
Арқырасын асаудай
Шығыста туған елім бар,
Өндірістің арнасы.
Жүрегім соған тартады.
(Т. Жароков) 
(Ж. Молдағалиев)
7-8, 8 буынды өлеңде сирек кездесетін үйлесім үлгілер де бар, мысалы: 
Төрт тармақты шумақ
(ұйқасы – 
аабв –ггбв
) :
Сұлудай толып бұралған,
Ұялшақ көркем келіндей,
Жібекке жасыл оранған,
Сүюге тосқан еріндей,
Жас өрім талдың жапырағы
Албырап тұрған қызыл гүл
Сарғайып түсті үзіліп.
Солды қурап, бұзылып.
(Сәкен) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет