Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет192/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

А
рнау деген 
а
з қала, 
А
лпыс атын бақтырған. 
А
ға-інісін жақтырған, 
А
қ себеннің баласы
А
қ 
а
юды жуыттың, 
А
тын алған мен едім. 
Сол сапардан қайтқанда, 
Балта кестім тал үшін, 
Т
алды кестім сал үшін,
А
йналасы 
а
лты айшылық Еділге 
А
т тарланды талай-талай салғанмын. 
К
өктен бұлыт су келсе, 
Кептеп болмас – не пайда?!
К
өкте жұлдыз сырылса,
Септеп болмас – не пайда?
К
өлденең тұрған тұлпарым,
Шабысың маған не пайда?!
А
лты жаста ақтаттым
А
лшақтаттым ойнаттым,
А
рпа, бидай асаттым,
Ж
еті жасқа келгенде,
Ж
ер дүңкілдей 
ж
елгенде,
Дұспан көзі қорықты. 
(«Ер Тарғын»)
 
 
Қазақ поэзиясында 11 буынды өлең өлшемі ежелден орнығып, аса кең 
тараған, халықтық ән-өлеңдерде айтыстарда, дастандарда, лирикалық 
өлеңдердің көпшілігінде қолданылған. Қазақ поэзиясындағы ең көп 
тараған өлең түрлері деп негізінен жыр өлшемін, 7, 7-8 буынды өлшем-
дерді және осы 11 буынды өлшемді айтуымыз керек. 11 буынды өлшемнің 
бір өзгешелігі – оның тармақтары буын саны жағынан ылғи тең болады. 
11 буынды болғанымен, тармақтардың ырғағы ауыр емес, ширақ. Әр 
тармақ бунаққа бөлінгенде, олардың екеуі 4 буынды, біреуі 3 буынды 
болады да, мұның өзі ырғақты түрлендіріп, ширата түседі.
11 буынды өлең тармақтарының құрылысы да, ұйқас, шумақ өрнегі 
де түгелдей жарастық, сәйкестікті, келісті үндестік, берік тұтастықты 
танытады. Осының бәрі сөздің әсем лебізділігі мен әуезділігін арттырып, 
дауыс толқынын еркін, үздіксіз өзгертіп отыруға, ырғақтың оралымды, 
байсалды, тиянақты болуына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ол 
мейлінше икемді, кең тынысты өлең өлшемі болып шыққан. Бұл өлең 
түрі – поэзиядағы өлшемділік, өрнектіліктің кемеліне кел ген, әбден 
шыңдалып, жетілген тамаша үлгісі. Қазақ өлең тілінің сан қилы ырғақ-
интонациялық сипат-қасиеттерін өз бойына жиған, ауқымы аса кең осы 
өлең өрнегі шексіз мол тарап, тіпті барлық поэзия туындыларының 
екеуінің бірінде дерлік қолданылатыны жайдан-жай бола қалған жоқ.
11 буынды өлшемді қазақтың әдебиет нұсқаларын жинап, 
зерттеген орыс ғалымдарының «кемеліне келген, айрықша үнділік, 
әуенділік сипаты бар, ырғағы жеңіл»
107
деп аса жоғары бағалауы назар 
аударарлық.
11 буынды өлеңде тармақтың басқы бірі – 3, бірі – 4 буынды екі 
бунағы еркін алмасып, орны ауысып отырады. Ал осының барлық 
тармағының буын саны тең өлшемде ырғақты түрлендіріп, жеңілдете 
107
Лаптаев И. Материалы по казахскому и киргизскому языку. М., 1900. ІІ. стр. 104.


356
түсу, оралымдылығын арттыру жағынан алғанда әсіресе зор мәні бар 
екенін және атап айту қажет.
Шоқан Уәлиханов 11 буынды өлшем қолданылатын поэ зия 
нұсқаларын өлең деп, оны жырдан бөлек алып қараған. Жырдың ішінде 
жоқтауды
жекелеп сипаттағаны секілді, өлеңнің ішінде айтыстың бір 
түрі деп 
қайым өлеңді
, шумақ өрнегінде, ұйқасында өзгешелік бар деп 
қара өлеңді
бөліп алады. 11 буынды өлшеммен шығарылған халықтық 
дастандардан Шоқан «Қозы Көрпеш–Баян сұлуды» атайды. Осы жырдың 
Жанақ ақынның аузынан өзі жазып алған нұсқасының бастапқы шумағын 
келтіре отырып, ол қазақ өлеңінің құрылысы араб поэзиясындағы өлең 
өлшемінен мүлде басқаша, бөлекше келетінін айқындап ашып берген.
11 буынды өлеңде төрт тармақты шумақ қолданылғанда ең жиі 
кездесетін дауыс толқынының-интонацияның өзгеру қалпы мынадай 
болып келеді. Бірінші тармақтың әсіресе, екінші тармақтың соңында дауыс 
толқынының тиянақтылығы айқын сезіледі. Үшінші тармақ аяқталғанда 
дауыс біраз көтеріліп тынып, дауыс толқыны мүлде аяқталмай, іркіліп 
қана тоқтайды да, төртінші тармақ біткенде ғана барып біржола тынады. 
Мұндағы тиянақтылық ерекше күшті болады.
Қара өлең түріндегі төрт тармақты жеке шумақтарда алғашқы екі 
жолдың негізгі айтылатын ойға кейде тікелей байланысты болмайды. 
Алдымен мұның өзі өлең шығарудың көне түрі әрі көбіне әнмен 
айтылатын өлеңдерде кездеседі. Әнге салып айтқанда бұл пәлендей 
ойсырап тұрған кемшілік болып саналмайды. Онан соң мұндай ұйқас 
үшін, шумақ құруға дәнекер үшін алынатын жеке жолдар әдетте ауыл 
арасында, ойын-тойда айтысатын талапкер жастардың өлең-жырларында 
кездеседі, ал шынайы жүйрік ақындарға тән нәрсе емес. Басқы екі тармақ 
негізгі оймен тіке байланысты болмағанымен, олардың арасында қалайда 
бір әсер жалғастығы секілді жуықтық болуы да ықтимал. Мысалы:
Қолымда бір қамшым бар мойнақтаған, 
Бәйгеден бір ат келеді ойнақтаған. 
Көрмегелі көп айдың жүзі болды, 
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.
Сырт қарағанда осындағы алғашқы екі жолдың негізгі ойға ешбір 
қатысы жоқ сықылды, бірақ екінші тармақ жайлы осылай десек те, 
бірінші тармақ туралы мұны айту дұрыс емес. Жігіттің басқа ауылдан 
келіп, көптен көре алмай сағынған қызын кездестіріп тұрғанын 
еске алсақ, оның атпен келгені, қолында қамшысы бары тектен-тек 
айтылмағаны байқалады. Жігіттің атпен жүргенін, қамшысының сәнді, 
әшекейлі екенін өлеңге қосуы қисынсыз деуге болмайды. Өлеңнің екінші 
шумағы да осылай басталады.


357
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, 
Бір сөз айттым құрбыға күлдіргелі. 
Орныңнан әрі отырған бермен отыр, 
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі.
Мұнда да жігіт алдымен өзін айтып, сонан кейін сүйген қызын айтады. 
Соңғы бунағы 3 буыннан келетін 11 буынды өлшем қа зақ поэзиясында 
кейінгі жылдарда кең қанат жайып келеді. Бұл өлшемнің артықша бір 
қасиеті өңдеп, түрлендіруге, өлең тармағын әр қилы өрнектеп, көлемі 
басқаша тармақтармен араластыруға қолайлы. 
Осындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет