352
Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он
сегіз толған жасына
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды,
Болса деп бізбен ашына.
Қазақ пен қалмақ қанша жан,
Хабарланды сұлудан
Дабысы жұртқа шашыла.
Жолбарыстай алты ұлдың
Айбатынан сескеніп,
Келе алмады еш пенде
Әзімбайдың қасына.
Даусы құстай түрленіп,
Қоңыраудай алтын күңіреніп,
Ертелі-кеш
серуенге
Шығады майлап шашын да.
Жәннаттен шыққан хорлардай,
Форымына қарасаң,
Қызықпастай қай адам,
Ол Назымның нашына.
Сүйегі асыл дүр еді,
Құдайдың өзі біледі,
Он төртінші айдай боп
Түседі кімнің қасына?!
(«Ер Тарғын»)
Түйдекте бірыңғай бір ұйқас қана қайталана бермейді, түйдекке
қазық болған негізгі ұйқасты толықтырып отыратын
қосымша ұйқастар
болады:
қанша жан – сұлудан, түрленіп – күңіреніп, қарасаң – қай
адам, дүр еді – біледі
. Қатар тармақтардың өз ара үйлесін туғызатын
қосымша, жанама ұйқастар арасына түскенде, негізгі, желілі ұйқас
бірнеше тармақты орап, айналып келіп, үсті-үстіне қайталанып отырады.
Желілі ұйқас
бұлай бірнеше жолды аттап өтіп, қайта оралғанда, ой
желісінің түйінді-түйінді жеріне, дауыс толқынының тынып, сөйлемнің
тиянақталған жеріне келіп түседі. Жырда негізгі, желілі ұйқастың үнемі
қайталанып, ұзақ сақталуы көбіне-көп сөйлемдердің бір тек тес құрылып,
тармақтың соңындағы ұйқасқа кіретін сөздердің грамматикалық тұлғасы
жағынан ұқсас болуымен сабақтас келеді.
Жыр ұйқасының ең көп қолданылатын басты түрі – қосымша, жанама
ұйқастардың желілі ұйқасқа қосарланып, өріліп отыруы. Бұл ұйқасты
шұбыртпалы жырдың табиғатын танытатын қазақ өлеңінің елеулі бір
өзгешелігі деуге болады. Жырда түйдектің басынан аяғына дейін басқа
ұйқас араластырмай, бір ғана ұйқасты қолдану әдісі де жиі кездеседі.
Бірыңғай ұйқасатын өлең жолдарының әрқайсысында бір жол үнемі
үйлессіз қалып, келесі жол үйлесіп отыра ды. Жыр ұйқасына ерекше
тән нәрсе – тармақтың соңында бір сөзді ұзақ қайталап отыру. Бұл
ұйқасқа белгілі дәрежеде біркелкілік сипат береді. Мысалы, Ақжүністің
толғауындағы
шашым көр – басым көр
деп тізбектеле беретін ұйқасты
алалық. Мұндағы ұйқас әрине, жалаң бір сөздің ғана (көр) қайталануы
арқылы жасалып тұрған жоқ. Бұған кейде алдыңғы сөздердің де ұйқасуы
(
шашым – басым – қасым, қолым – жоным, етім – бетім
) қосылады.
Оның үстіне ұйқас синтаксистік параллелизм, сөздердің грамматикалық
құрылысындағы ұқсастық
(мұрным көр – көзім көр – тісім көр
) арқылы
да күшейе түседі. Осы айтылған жайларды Махамбеттің мына өлеңінен
де көруге болады.
353
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн.
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден,
Бұрынғы бақыт тайған күн.
Қатарланған
қара нар
Арқанын қиып алған күн.
Алма мойын аруды
Ат көтіне салған күн...
Жыр ұйқасындағы сөздер үндестігі жағынан бір-бірімен
түгелдей айтарлықтай жақын болмаса да, олардың синтаксистік,
грамматикалық құрылысының бірлігі және көптеген үйлес
тармақтардың шоғырланып келуі ұйқасты күшейтіп, оған біркелкілік
сипат береді. Мысалы, Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмайын»
алсақ, ұйқас сөздері жұбын жазбай қатарласып, сыңғырлап,
құйылып тұрған осы жырда бірімен-бірі үйлес емес тармақтар
кемде-кем-ақ.
Тармақтардың жаппай, түгелдей ұйқасқа кіретіні
және, жоғарыда айтылғандай, үйлескен сөздердің грамматикалық
тұлғасының біркелкілігі, олардың үндестігін арттырады.
Жырда әр жерде егіз ұйқасы бар тармақтар
Достарыңызбен бөлісу: