Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет188/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Төрт буынды өлшем
:
Қарны қарташ, 
Мұрны бұрташ,
Атқа мінбес
Жаяу жүрмес.
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
Бунағы 4 буыннан келетін 8 буынды тармақтар ырғағы жағынан бұған 
өте жақын, тамырлас келетіні, түбі бір негізде құралғаны талассыз.
Ешкі бақтым – еңіреп бақтым, 
Қой бақтым – қоңырау тақтым, 
Сиыр бақтым – сидаң қақтым, 


346
Жылқы бақтым – жорғалаттым,
Түйе бақтым – түйме тақтым,
Ылақ бақтым – жылап бақтым.
Тармақтары түгелдей дерлік (біреуінен басқасы) 4 буын + 4 буын 
болып түсетін осы өлең үлгісі бұл өрнектің де қазақ поэзия сында ежелден 
үйреншікті. Халық поэзиясында өлең өрнектерінің әр алуан ырғағы, өз 
қисынымен түрленіп отыратын қызықты түрлері көп кездеседі.
Бір дегенім – білеу.
Екі дегенім – егеу. 
Үш дегенім – үскі,
Төрт дегенім – төсек, 
Бес дегенім – бесік, 
Алты дегенім – асық, 
Жеті дегенім – желке,
Сегіз дегенім – серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он дегенім – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.
Мұндағы тармақтар негізінен 7 буынды, кейбіреуі 6 буынды, бәрінің 
соңғы бунағы 2 буынды. Осындай өрнегі бар 7 буынды тармақтар кейбір 
өлеңдерде, басқа тармақтармен аралас болса кездеседі. «Қой мен ешкінің 
айтысы» атты өлеңді алсақ та болады.
Ешкі
: Менің жегенім – жантақ, 
Сенің жегенің – жантақ, 
Сенің құйрығың неден жалпақ?
Қой
: Менің жегенім – ошаған,
Сенің жегенің – ошаған,
Сенің құйрығың неден шошайған?
6 буынды
(соңғы бунағы 2 буынды) тармақтар кейде жеке де, кейде 
7 буынды тармақтармен (өрнегі 4 буын + 3 бу ын) аралас та қолданылып 
келгенін көреміз:
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неден жалпақ?
Көзің неден тостақ?
Бұтың неден талтақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Қарауылды көп қарап,
Көзім содан тостақ. 
Көп көсіліп үйімде, 
Бұтым содан талтақ.
Осы секілді халық поэзиясының мейлінше қарапайым үлгілерінде, 
тіпті ырғағы оп-оңай ғана өрнектелгеи секілді көрінетін өлең-жырларда 
шумақты, тармақты түрлендіріп, әр алуан нақыспен қолданудың 


347
тамаша үлгілері бар. Қазақ өлең құрылысының осынша орасан бай 
мүмкіншіліктерін толық ескеруіміз қажет. Сонда біз халық поэзиясында 
қолданылып келген өлшем, өрнектер санаулы ғана деген пікірдің мүлде 
оғаш айтылғандығын айқын түсінеміз. Халық поэзиясынан ұйқас 
қолданудың да ал уан түрлі шебер үлгілерін табуға болады. Мысал үшін 
тек шешендік сөздің бір нұсқасын ғана (Малайсары айтыпты дейтін) 
келтіреміз:
Жаман болса, жақын – жау, 
Шабан болса, атың – жау, 
Шайпау болса, қатын – жау, 
Тартыншақ болса, түйең – жау, 
Тебеген болса, биең – жау, 
Күнде келсе, күйеу – жау, 
Жымысқы болса, жиен – жау, 
Тіл алмаса, ұлың – жау, 
Бай алмаса – қызың жау. 
Ұйқас үзілмей, тізбектеліп, созылып отырады да, ұйқастағы соңғы 
сөз үнемі қайталанып, оған қоса алдыңғы сөздер тағы да топ-топ 
болып, өзара үйлесіп жатады. Бұл – жыр үлгісімен шығарылған өлең 
сөз нұсқаларында кездесетін ұйқастың байырғы, қолтума түрі. Оның 
қазақ өлең тіліне тән үнділік, әуезділік қасиеттерді жақсы таныта алатын 
өте келісті үйлесімдердің бірі екеніне шүбә келтіруге болмайды. Осы 
ұйқас өз сәнімен ғана көрікті емес, ырғақты былай қойғанда, барлық 
сөйлемдердің ықшамды, құрылысы біркелкі болуымен де байланысты. 
Мұндағы тармақтардың синтаксистік құрылысының үнемі бір қалыптан 
өзгермеуі де, ұйқастың соңғы сөзі ылғи қайталанып, бірыңғай үндесуі 
де шешендік сөздегі ойдың ұшқырлығына, әр сөйлемнің нақышты, өткір 
айтылуына, ой желісінің үзілмей, өрістей отырып бір-ақ аяқталатынына 
– осының бәріне мейлінше сәйкес келеді.
Халық поэзиясында өлең-жырдың тууы суырып салып айту өнеріне 
негізделгені, өлеңнің ел арасына ауызша таралғаны, жыршы-ақындардың 
өлеңді әдетте белгілі үйреншікті әуеннің сүйемелімен және домбыраға 
қосып айтуы – міне, бұлар тарихи-әдеби процестің аса маңызды, ғасырлар 
бойы сақталып кел ген өзгешелік сипатын танытатын ерекшеліктер.
Жыр
– эпостық жырлар мен толғау, терме секілді ықшам, желдірмелі 
әуенмен айтылатын, тармақтары 7-8 буынды түйдектеліп келетін 
шығармалар. Жырдың өлшемі мен өрнегі (түйдегі, ұйқасы) әсіресе 
эпостық шығармаларда көбірек кездесетін болғандықтан, жыр эпостық 
поэзияға тән өлең түрі. Қазақ поэзиясында өлең-жырды тақпақтап 
оқымай, әндетіп оқу жазба әдебиет әбден өркендеген осы күнге дейін 


348
мол сақталып, оны ақындар да, оқушы қауым да кеңінен қолданады.
Шоқан Уәлиханов жыр деген сөздің мағынасын халықтың ауызша 
тарайтын эпикалық поэзиясының үлгісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет