343
жанрлық түрлер орнығып, молайған сайын өлең жүйесі, құрылысы
шыңдалып, өрістей түсіп, оның сипат-белгілері де, қолданылатын
өлшем-өрнектер де толысып келгені түсінікті.
11 буынды өлең өлшемінің түркі
елдерінің поэзиясында
қалыптасуы жайлы айтылған кейбір пікірлерге де тоқтала кету қажет.
Ф.Корш 7 буынды өлең тармақтың басында не аяғында ырғақтық
бөлшегі (яғни бунағы) қайталану арқылы 11 буынды өлшемге айналуы
мүмкін деп санаған
102
. 11 буынды өлең өрнегін Т.Ковальский 7 буынды
өлшемнің өзгерген түрі (видоизменение) десе,
103
В.Гордлевский оны
бас жағы қосарланып өсірілген 7 буынды өлең болады деп санайды
104
.
11 буынды өлшем мен 7 буынды өлшемнің ырғақтық құрылыс-
бітімінде бірлестік бар. Бір жүйедегі буын санына, буындардың
тармақ ішінде бірнеше топ болып топтасуына негізделген өлшем
болғандықтан, оларда ондай бірлестіктің болуы заңды. Бұл
өлшемдердің ырғақтық құрылысындағы бірлестікті арттыра түсетін
– олардың екеуінде де буындардың
тармақ ішінде төрттен, үштен
топтасып келуі. Тармақ ішіндегі ырғақтық бөлшектердің бұлай
4, 3 буыннан топтасуы басқа өлшемдерде де кездеседі, сондықтан
11 буынды өлеңді 7 буынды өлшемді жәй өзгерту,
өңдеу арқылы
жасалына салған деп қорытынды шығару қисынға келмейді. 11
буынды өлең өлшемінде бұрыннан белгілі өлшемге қосымша кіргізу,
өзгеріс енгізу арқылы пайда болған кейбір өрнектегідей жасандылық
жоқ. Ол бөлекше, дербес сипаты бар, өзінің бірнеше түрлері,
варианттары бар, ырғақтық құрылыс-өрнегі мейлінше ширақ және
жатық, әуезділік, үнділігі жағынан әбден келісті, кең тынысты болып
келген, соның нәтижесінде аса кең тараған өлшем.
Қазақ поэзиясының
ырғақтық өрнегі, өлшемдері
жайлы айтқанда
мақал, нақыл сөз, жұмбақ секілді сөз нұсқаларын да шет қалдыруға
болмайды. Бұлардың ішінде белгілі өлең өлшемдері үлгісімен
жасалғандары да, өзінше қалыпты ырғағы барлары көп кездеседі. Мақал,
нақыл сөз, жұмбақтарды ырғақтық құрылысы жағынан еркін және
алуан түрлі, өлең сөздің, ырғақты сөздің мейлінше қарапайым алғашқы
үлгілерінің белгі-нышандарын жақсы танытады. Бұлардан біз өлең сөздегі
өлшем-өрнектердің
бастапқы, жаңа қалыптасқан түрлерінің сөйлем
құрылысы мен әсіресе синтаксистік параллелизммен тығыз байланысты.
Көп жағдайда синтаксистік құрылысы ұқсас, ықшамды, айтуға жеңіл
сөйлемдер қатар алынады да, мұның өзі ырғақтың айқындалып, күшейе
түсуіне себепші болады. Мысалы:
102
Ф.Корштің жоғарыда аталған еңбегінің 24-беті.
103
Т.Ковальскийдің жоғарыда аталған еңбегінің 24-беті.
104
В.Гордлевскийдің жоғарыда аталған еңбегінің 70-беті.
344
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Мыңнан біреу – көсем,
Жүзден біреу – шешен.
Қалауын тапса,
қар жанар,
Қалауын таппаса, май да жанбас.
Осындай екі жолды мақал, жұмбақ, нақыл сөздердің көпшілігінде,
ал төрт жолды нұсқалардың бәрінде белгілі өлшем, ұйқас қолданылады.
Бұлардың алғашқыларында қолданылатын тармақтардың буын саны
көбінесе төрттен сегізге дейін болады. 11 буынды тармақ аз, ал
соңғыларында ең жиі қолданылатыны 7, 8 буынды тармақтар. 11 буынды
тармақтар жұмбақтарда да мол ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: