Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


 буынды тармақтарға 8 және кейде  18 буынды



Pdf көрінісі
бет194/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

13 буынды
тармақтарға 8 және кейде 
18 буынды
тармақтарды қосып 
отырған. Оларды шумақ ішінде белгілі ретпен кезектестіріп, келісті 
өрнек жасай алған.
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, 
Осынша мені арман қып келдің неге сен. 
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, 
Мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана,
Асқақтау басып, бақытты болдым. 
«Сонда да
Жан жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой» демесең,
Мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен, 
Сен екеніңді білген бе ем...
Әйтеуір, жаным, 
«Бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой» демесең, 
Мен саған ғашық емес ем.
(Ф.Оңғарсынова)
Алғашқы екі шумақтың ырғақтық құрылысы бірдей: бастапқы екі 
тармақ 13 буынды, үшінші тармақ 18 буынды, төртіншісі – 8 буынды. 
Соңғы шумақтың олардан бір ғана айырмасы бар, оның екінші тармағы 
13 емес, 8 буынды. Өлеңде тармақтар 5 буыннан (кейде 3 буын + 2 буын) 
және 3 буыннан бунақталған.
Қазақ поэзиясында қазіргі заманда 11, 7-8, 7, 6 буынды өлшемдермен 
қатар 9, 10, 13 буынды өлшемдер де, бұрыннан белгілі өлең түрлері кейде 
басқаша өрнектеліп, ырғағы өзгертіліп те қолданылады. Мысалы:
10 буынды өлшем
(өрнегі 3 буын + 2 буын + 3 буын + 2 буын):
Өңімде ме еді,
түсімде ме еді, 
Көріп ем ғой бір
армандай қызды. 
Бір нәзік сәуле
күлімдеп еді, 
Сұрапыл соғыс
соқты да, бұзды.
(Қ. Аманжолов)


360
10 буынды өлшемнің
өрнегі (3 буын + 3 буын + 4 буын):
Халқымның жастық шақ көктеміндей
Ел көркі алқызыл еккен гүлдей. 
Жас жігер, жас ойды құлшындырған 
Комсомол – ерліктің мектебіндей.
(М.Әлімбаев)
13 буынды өлшем
өрнегі (3 буын + 3 буын + 2 буын + 3 буын + 2 буын 
+ 3 буын):
Сондықтан таңда басыма ой кеп әр түрлі, 
Сүйемін күліп, сонау бір оттай шалқуды.
Жүргендей болам ішінде аппақ боранның
Боранға қарсы қамшылап қойып атымды.
(Т. Молдағалиев)
Маяковский ... Өлеңнің асқақ өркеші... 
Металдай даусын көтерген әзер жер төсі. 
Орыстың жері ұлы ғой, рас, бауырым, 
Орыстың жері – классиктердің өлкесі.
(Т. Есімжанов)
9 буынды өлшем
(3 буыннан бунақталған):
Алысқа созылған жол еді
Жол бойы сыңсыған ел еді.
Қызыл күн сәскеден нұр шашып, 
Қарсыдан жай ескен жел еді.
(Сәкен)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет