364
Немесе:
Бір мен емес, Советтің бар адамы
Биік жанды боп өсті, денесі алып.
Барар
беті белгілі, нық қадамы,
Көш басшысы – партия, жолы жарық.
(С.Мұқанов)
Кезекті ұйқас қолдану бұл өлшемде өлең ырғағына жеңілдік бере
қоймағанымен, ол сөздің интонациясына біраз өзгешелеу сипат қосады.
Өлеңді осылай үйлестіргенде шумақтағы соңғы екі тармақпен қатар
алғашқы
екі тармақты да мағыналық, интонациялық-синтаксистік
жағынан біртұтас етіп құру қолайлырақ келеді.
11 буын ды өлшемді қолданғанда шумақты бес тармақты шумақ үлгісі
(ұйқасы –
ааббб)
:
Жолдар, жолдар мені алыс апарыңдар,
Апарыңдар, ұзаққа сапарым бар;
Қаламдаймын
әлі мен ұшталмаған,
Өткізіңдер шөлдерден құс қонбаған,
Сын тақпасын дос түгіл, дұшпан маған.
Қайғың болса, тартайын тақсіретін,
Ғұмыр болса, көрейін пәк суретін.
Пәк суретін ғұмырға кез болайын,
Достар түгел
көретін көз болайын,
Әйтеуір мен тынымсыз қозғалайын.
(Т.Айбергенов)
Бес тармақты шумақты басқаша үйлестірген:
Айнытпастан таныған ақ-қараны,
Осы бір жан өзімдей боп барады.
Неден секем алды екен, сақтанады?
Көңіліне көлеңке түсірді ме
Көбік езу біреудің даттағаны?
(М. Мақатаев)
11 буынды өлеңнің соңғы бунағы 3 буынды түрінде де тармақтарды
топтастырып шумақтау, үйлестірудің өзгеше мүмкіндіктері
бар екенін
байқаймыз. Ертеден қалыптасқан
Достарыңызбен бөлісу: