Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет199/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

аааба
және 
абааб
секілді сирек ұйқас түрлері 
де пайдаланылады. Біріншісіне мысал:


366
Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген,
Сусыным бір қанбай қойды ежелден, 
Ол – жүректің шөлдегені, сезем мен; 
Төрт аяғын тағалатып бурылдың
Бұрқыратып кең өлкемді кезер ме ем?
(М. Мақатаев)
Екіншісіне мысал:
Туған жерді сүйген болсаң, жаяу жүр; 
Жарқыным-ау, егер жаяу жүрмесең, 
Қалар еді көзден таса анау гүл, 
Жүзіңді онда өппес еді алау нұр. 
Сен солардың қадірін де білмес ең.
(Ә. Абайділданов)
Алты тармақты шумақта әдетте тек қысқа тармақтарда ғана 
қолданылатын 
аабввб
түріндегі ұйқас та кездеседі. Мысалы:
Мен ғана емес өзі науан уақыттың, 
Тұр көтеріп тозбас туын бақыттың,
Айтыңдаршы, қартаюға мүмкін бе?! 
Кел, жылдарым, менің жарқын жылдарым,
Көтер мені, жарқырасын жырларым,
Құй кеудеме, қуатынды іркілме!
(Ә. Тәжібаев)
Қазақ поэзиясында әсіресе 7-8 буынды өлшемдерде бір шумақ 
көлемінен асып, келесі шумақтарға ұласатын 
шумақаралық
ұйқастар
да 
қолданылып келеді. Мұның бір түрі – бірінші шумақтағы ұйқас келесі 
шумақтарда да қайталана беретіні. Ал екінші түрі – бірінші шумақта 
тармақ ұйқассыз сыңар қалып, келесі шумақтардағы сәйкес тармақпен 
үйлеседі: 
Ылғал тұман шағында, 
Құздардан жауын сырылдап, 
Қиядан сорғалауында...
Самалшыл, сауқым, сауықшыл,
Саятшы Сартай не күйде?
Теңіз көшкен дауылда
Асты терең, үсті жел, 
Толқын соқты баурында...


367
Балтыры ақ жем балықшы,
Қайықшы Қалтай не күйде?
Дай-дай даукес ауылда, 
Жесір, намыс, тартыстың 
Үзілмес ұзын дауында
Жаралы жүрек жарымшыл
Мұңды Күнтай не күйде?
(І.Жансүгіров)
Алғашқы шумақта-ақ бірінші, үшінші тармақтар өз ара ұйқасады да, 
одан кейінгі шумақтарда осы үлгі қайталанып қана отырады. Ал соңғы 
екі тармақтың екеуі де бір шумақ көлемінде үйлессіз қала береді де, басқа 
шумақтардағы тармақтармен ұйқасады.
Шығарманың басынан аяғына дейін барлық шумақтарында ортақ 
бір ұйқасты үнемі қайталап отыру үлгісін Сәкеннің «Жазғы түнде» атты 
өлеңінен көреміз.
Сұлудай айна ап қараған, 
Жібектей шашын тараған,
Өзенге біткен қалың тал
Суға төніп телмірер;
Жапырақтары желбірер,
Көлеңкесі суда ойнап,
Өзеннің шетін жапқанда.
Шумақтағы бастапқы екі тармақ, төртінші және бесінші тар мақ 
қос-қостан өзара үйлеседі, басқа тармақтар үйлессіз қалады. Соңғы 
тармақ та шумақ көлемінде үйлеске қатыспайды. Оның есесіне өлеңдегі 
барлық 23 шумақтың соңғы тармағы осы соңғы тармақпен ылғи 
біркелкі ұйқасып отырады. Осындай ұйқасты қолдану сөйлемдерді 
синтаксистік-интонациялық құрылысы жағынан шумақтағы жеті тармақ 
көлемінде біртұтас етіп келтіреді және шумақ пен шумақтың арасындағы 
жалғастықты күшейтуге себепші.
С.Дөнентаев өлеңді 11 буынды өлшеммен жазғанда осы өлшемге тән 
ааба
болып келетін белгілі қара өлең ұйқасын айтарлықтай тапқырлық, 
шеберлікпен қолданатын кездері бар. Ақынның «Заман кімдікі» атты 
өлеңі осы тұрғыдан алғанда айрықша көз тартарлық. Мұндағы ұйқастың 
басты өзгешелігі ондағы үйлескен сөздер өлеңнің басынан аяғына 
дейін грамматикалық құрылысы жағынан бір ыңғайлас. Ақын осы алты 
шумақты өлеңдегі үш-үштен өз ара үйлесетін он сегіз тармақтың бәрінде 
де үнемі 
күштінікі – тістінікі – істінікі
деген сияқты үшінші жақтық 
жіктік жалғауы жалғанған сөздерді ұйқасқа алып отырған. Әрі қарай 


368


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет