Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет207/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Екі/қолымның/бірісің 
тулаған/шыңғырған күйде/жетелеп
), оның үстіне әр жерде 9, 12 буынды 
тармақтар да, бірлі-жарым қысқа тармақтар да қосылып отырады. 
Өлең ырғағының осылай сөйлеп айтылған сөздің ырқымен әдеттегіден 
гөрі еріктірек құбылып отыруы өлең сөз интонациясын түрлендіреді. 
Дауыстың бірде көтеріліп, бірде бәсеңдеп толқындауы өлең өлшемінің 
мөлшерлі өрнегі шектеп қойғандай көрінбей, сөз мағынасына, ой 
ағысына көбірек бағынғандай сезіледі.
Қ.Бекхожиннің «Арарат ұлына» өлеңінің де көңіл қоярлық 
ерекшеліктері бар. 
Сен ұлысың әйгілі Арараттың,
Сонау мың жылдардың түбінен
Бабаларыңның дауысын тыңдаған
Әлемдегі тау біткен.
Естіген шығар ескі үніңді,
Аталарымның бесігі
Менің Алатауым да!
Естіген шығар ертеде
Қарт армянның хикая-жырын да,
Қашанғы ашулы, зарын да.
Араратқа таң қаламын
Талай нөсер бұлтты басынан кешірген,
Талай аждаһаның отын өшірген,
Талай сұрапыл шапқыншыны тойтарып,
Жартастарды, нажағайды,
Қағып жерге түсірген!
Бұл – өлеңнің алғашқы жартысы, түгел алғанда 60 шақты тармақ 
бар. Көлемі мен ішкі құрылысы мейлінше әрқилы екендігі келтірілген 


388
үзіндіден-ақ байқалады. Өлең тармағы 7, 8, 9 буынды немесе 11 буынды, 
әр жерде тіпті 12, 13 буынды болып келе ді. Зер салып қарасақ, өлең 
ырғағында өлшемділік, белгілі бір үлгі-өрнектерді тірек ету жоқ емес, 
өлеңдегі алпыс шақты тармақтың он бірі – 4 буын + 3 буын болып 
бунақталған 7 буынды тармақтар, алтауы – соңғы бунағы 3 буынды, 11 
буынды тармақтар. 8, 9 буынды тармақтардың өзі ғана 20-дан асады. 
Ұйқастың үнділігі, сөйлемнің құрылыс-қалпы қайталануы, өлеңнің 
әуезділік сипат алуына демеу болып тұр.
Ырғағы еркін өзгеріп отыратын өлең түрі көлемі ықшам, шағын 
лирикалық шығармаларда көбірек қолданылады. С.Мәуленовтің «Адам 
өлмейді» атты жырында өлең ырғағы белгілі, қалыптасқан өлшемдердің 
өрнегіне үнемі сәйкес келмесе де, кейде өте жақын не тіпті дәлме-дәл 
келеді.
Мысалы:
Кейде жолда:
Апатта,
Не тасқында;
немесе
:
Қара қоршау – 
Ажалдың ноқтасындай, 
дегендерді алсақ, бұлар 4 буын + 3 буын + 4 буын болып келетін 11 
буынды өлеңнің өрнегіне сәйкес шығады. Өлеңнің екінші бөлегіндегі:
Тауларда,
Ормандарда,
Өзендерде...
және
:
Дауылды,
Өрт-жалынды кезеңдерде, –
деген тармақтар да 11 буынды өлең өрнегіне орайлас құрылған (3 
+ 4 + 4). Мұндай ырғағы еркін, құбылмалы келетін өлеңде ұйқастың 
атқаратын қызметі арта түседі. Ол өлең ырғағының ширақтығын 
күшейтіп, тармақтардың шек-жігін ажыратуға үлкен дәнекер.
От басында – не тасқында – ноқтасындай – бет(і)ас
тында де ген 
тәрізді ұйқастардан осыны анық аңдаймыз. Ұйқасты айшықтай түсу 
мақсатымен ақын бірде тіпті қазақ поэзиясында ұшыраспайтын 6 буынды 
сөздердің (баспаханаларда – басмақалаларда) үйлесін де қолданады. 
Көңіл аударарлық жай – өлең сөйлеу интонациясының ыңғайымен 
көтеріңкі леппен оқылғанда, әр сөз, сөз орамы салмақпен, жекеленіп 
айтылғанда буын саны дәл бірдей емес тармақтардың да ырғағы ұқсас 
сезілуі мүмкін екенін көреміз. Мысалы:


389
Сөйлейді толқындар, 
Сөйлейді орман, –
деген сияқты бірі 6, бірі 5 буынды сәйкес тармақтардың ырғағында 
пәлендей алшақтық байқалмайды. Ырғағы жағынан бұлардың алғашқы 
бөлшегі ғана біркелкі екені рас, бірақ синтаксистік-интонациялық 
құрылысы жағынан олар түгелдей ұқсас. Ал мұнда ерекше мән бар, осы 
өлеңнен сәйкес тармақтар көлемі жағынан бірдей болмаса да, есесіне 
синтаксистік-интонациялық құрылысы жағынан көбірек ұқсас, біркелкі 
болып келетінін көреміз:
ГЭС-терге қанша күш беретінін... 
Қанша жаңбыр төгетінін, –
деген екі тармақты алсақ, бұлардың бірі – 10 буынды, бірі – 8 буынды. 
Екеуінің соңғы бунағы ғана толық біркелкі (4 буыннан), бірақ бұлар 
сөйлем құрылысы, интонациялық ерекшелігі жағынан бір-біріне өте 
жақын. Сондықтан олардың ырғақтық құрылысындағы алшақтық онша 
күшті сезілмейді. Жақындық, ұқсастығы көбірек.
Қазақ өлеңінде әдетте көлемі 4 буыннан артық сөздер қолданылмайды, 
егер қолданыла қалса, тармақтың бунаққа бөліну ретіне орайлас сөздер 
ырғақ-интонациясы жағынан екі бөлініп айтылады. Олай болмағанда 
айтылу қалпы жағынан өзге сөздерден оқшауланып көзге түсетін. Сөйлеп 
оқуға арналған ерікті өлең түрінде мұндай сөздерді қолдануға ондай 
шек қойылмайды, сөйлеудегі қалпын толық сақтап, дауыстың толқын-
ырғағын өзгертпей-ақ айтуға болады. Бұлардың осылай айтылуының 
өзі осы өлең түрінің сөйлеу интонациясына неғұрлым жақын екендігін 
айқын байқатады. Екпіні күшті естілетін орыс сөздері ғана емес, буыны 
төрттен артық қазақ сөздері де өлең ішінде жеңіл айтылады. Мысалы, 
С.Мәуленовтің жоғарыда үзінді келтірілген өлеңінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет