Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет204/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

нақыл өлеңдерде, тақпақтарда, шешендік 
сөздерде
кездеседі. Қолма-қол ауызша шығарылып айтылатын, ерекше 


382
тапқырлықтан туатын, ойнақы, өткір шешендік сөздер қисындылығы, 
ықшамдылығы, ырғағының жеңілдігімен де тақпақтап, еселеп, екпіндетіп 
айтуға лайық бол ған. Сәкен, Ілияс, Сәбит, Бейімбеттер ерікті өлең түрін 
қолданғанда халықтық өрнектерді шебер пайдаланды. Осы бағытта 
іздену нәтижесінде туған айтуға тұрарлық, сәтті шыққан жаңалықтар да 
бар. 
Ерікті өлеңнің үлгілері ретінде Сәкеннің «Бір ақынның сандырағы», 
С.Мұқановтың «Шоқпыттың шаруасы», Ілиястың «Қазақы қорытынды», 
«Ала бие», Бейімбеттің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» тәрізді өлеңдері. 
Осылардын ішінде біраз оқшаулау тұрғаны – «Бір ақынның сандырағы». 
Бұл өлеңде бастан аяқ болмаса да, белгілі бір ырғақ өрнегін сақтауға 
ұмтылған. Өлеңнің басқы бөлшегін талдап көрелік:
Ауру ақын 
Ыңқылдайды төсекте
Қыстығып. 
Доктор жақын,
Қасында отыр есептеп 
Ыстығын. 
Блок, Бальмонт
Жастығының астында –
Иманшарты.
Ақ орамал басында.
(С.Сейфуллин)
Осы үзіндіні үш тармақтан топтап қарастырсақ, үнемі бастапқы 
тармақ 4 буынды, келесі тармақ 7 буынды (4 буын + 3 буын) болып келеді. 
Бұларға 3-4 не 5 буынды тармақтар бір-бірден қосарланып отырған. 
Өлеңнің бұдан басқа бөлегінде Сәкен дарашыл ақынның мінез-тұлғасын, 
әрекетін баяндап сипаттамай, тікелей оның өзін сөйлетіп, соның сөйлеу 
ерекшелігі арқылы елестетуге тырысады.
Мен отпын – жанамын!
Мен отпын, 
Мен нажағай – жарамын!
Мен оқпын.
Мен құдаймын! 
Мен күн, аймын! 
Мен маймын! 
Мен баймын!
«Далалаймын!» 
Жаймын!
Мен нажағай – 
жарамын! 
Мен жүйрікпен жарысқанмын! 
Отпен от боп жанысқанмын!
Алысқанмын! 
Шалысқанмын
Жанмын!
Мен!
Осы ұзынды-қысқалы тармақтардың басын қосып, олардың ырғақ-
интонациясы жағынан үйлес айтылуына біршама себепші болып тұрған 
нәрсе – мұндағы тізбектелген сөйлемдердің қысқа-қысқа, құрылысы 
біркелкі болып және бастауышы үнемі қайталанып отыруы. Тақ-тұқ 
айтылатын, келте тармақтардың көп болуымен қатар ұйқастың жиілеуі 
де сөз ырғағын ширатып, оған жеңілдік сипат береді. Тармақтардың бірі 


383
мөлшерден кем, бірі артық шығып жатуы шалықтап, шалқып айтылған 
мағынасыз сөздің қисынсыздығын айқындау үшін көркем тәсіл ретінде 
әдейі жасалған.
Ілиястың «Қазақы қорытынды», «Ала бие», Бейімбеттің «Ыбыраймыз, 
Ыбыраймын» атты өлеңдеріне тән қасиет – олар екі адамның бетпе-
бет келіп сөйлескен сөзі 
диалог түрінде
құрылған. Екі кісінің сөздері 
кезектесіп, үнемі алмасып келуінің өзі де өлең ырғағының ширыға түсіп, 
нақ-нақ айтылуына себін тигізеді. Аталған өлеңдерден мысал келтірейік: 
«Қазақы қорытынды»
:
– Не шықты
Әликүм салам,
– Ат майы қайтты, 
Қайдан балам?
Тигені – ала бие. 
– Қаладан.
«Ыбыраймыз, Ыбыраймын»

– Не жақсы, жаман?
– Уа, кімсің? 
– Ел аман.
– Ыбыраймын. 
Әйелге бостандық болды.
– Жайымысың? 
Әйел ерге барады қалаған
– Жаймын. 
Еркек әйел алады таңдаған.
– Қайдан келесің? 
Ұғынбаймын, балам,
– Соттан келемін. 
Бұ не заң-заман?
Соттан емес-ау, 
– Қазақшылық қалады білем,
Оттан келемін … 
Сырт қарағанда бір-біріне жанасымы жоқ секілді көрінген ұзынды-
қысқалы тармақтардың қиюласып, ырғағы бірыңғай, жеңіл шығатынын 
байқауға болады. Өлеңнің басында келетін тармақтарды алсақ, 
«Әликүм 
салам», «Қайдан балам?», «Не жақсы, жаман»
4, 5 буынды тармақтар 
ырғағы жағынан өзара сәйкес, «Қаладан», «Ел аман» деген 3 буынды 
тармақтар да сондай сәйкес шығады. Ал «Әйел ерге барады қалаған», 
«Еркек әйел алады таңдаған» деген екі ұзын тармақты алсақ, бұлардың өз 
ара жақындығын былай қойғанда, әрқайсысы жоғарыдағы бір ұзынырақ, 
бір қысқарақ тармақтың екеуімен (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет