Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет205/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Қайдан балам? Қаладан немесе Не 
жақсы, жаман? Ел аман
) теңесуге бейім тұрғаны аңғарылады. Әрине, 
мұндай сәйкестік үнемі кездеспейді. Екінші мысалдан тіпті бір-бірімен 
үйлес келетін тармақтар («
Болды береке, жүйе», «Бермек еді Шүйе», 
«Қылмады ие», «Тигені ала бие»
) 5, 6, 7, 8 буынды болып әркелкі келеді. 
«
Ыбыраймын – Жаймын», «Қалай екен? – Арыз берген малай екен
» 
дегенде үйлес тармақтар да ұзынды-қысқалы. Ырғағы еркін, толқымалы 
болғандықтан, бұндай өлеңдерде ауызекі сөздің айтылуы, интонациялық, 
синтаксистік өзгешеліктері толық сақталады. 
Өлеңде ауызекі сөйлеп айтылатын сөздің өз қалпын, ондағы дауыстың 
өзінше толқын-толқын құбылуын сақтауға ұмтылғандықты Дихан 
Әбілевтің «Айтшы, теңіз, сырыңды» деген жырынан да байқалады. 


384
Теңіз! Теңіз!
Айтшы теңіз, сырыңды маған! 
Дүниеге қашан келдің,
Сенен үлкен бе, кіші ме адам?
Күнмен, Аймен құрдаспысың,
Қай жылы жаратылғаныңды айтып па еді бабаң?
Бермесең жауап бұларға,
Мына бір сауал ұнар ма?
Жер үсті меңіреу – мылқау тілсіманда 
Жатқанда зілзәла боп зымыстанда, 
Мұз құшқанда, 
От құсқанда, 
Дүние сілкінгенде, 
Топан іркілгенде пайда болдың ба? 
Не бар екен сенен бұрын сенің орныңда?
Бермесең жауап бұған да,
Мына бір сауал ұнар ма?..
Ақын теңізге қарап, терең ойға шомып, одан сан түрлі сауалдарға 
жауап алғысы келгендей тебіренеді. Толғана, сыр тарта сөйлеген адамның 
сөзінің айтылу өзгешелігін: неғұрлым айқынырақ көрсетпекші болып, 
өлеңнің ырғақ-интонациясын мейлінше толқымалы етіп келтіреді. 
Сөйлем құрғанда, әр тобын өлеңде әдетте кездесетіндей біркелкі етіп 
өрнектемей, көбінесе әр қалай келтіріп, еркін ширатып отырады. Дәлірек 
айтсақ, сөйлем құруда да, тармақтарды өрнектегенде де осы екі түрлі 
тәсілді бірдей қолданады. Ең жиі кездесетін тармақ «
Айтшы, теңіз, 
сырыңды маған!
» дегендегідей 9 буынды боп, 4 буын + 3 буын + 2 
буыннан өрнектеледі. Өлеңде:
Бермесең жауап бұған да, 
Мына бір сауал ұнар ма? –
деген жыр өлшемімен құрылған 8 буынды қос тармақ әp жерде 
қайталанып келіп, сөз ырғағының жеделдігін арттыра түсуге себепші 
болады. Солармен қатар 11 буынды тармақтар да, кейде тіпті 12, 13, 14 
буынды тармақтар да, буын саны әр қилы қысқарақ тармақтар да кездесіп 
отырады.
Жер үсті меңіреу-мылқау тылсыманда 
Жатқанда зілзәла боп зымыстанда, –
немесе
:
Көкке шапшып көк ала толқын нуың, –


385
деген секілді 11 буынды тармақтардың ырғақ-өрнегі қалыпты, үйреншікті 
екенін көрсек:
Қай жылы жаралғаныңды айтып па еді бабаң.... 
Не бар екен сенен бұрын сенің орныңда... 
Мұнша ұзақ өмірді кім берді саған? –
секілді 14, 13, 12 буынды тармақтардың ырғағы ауызекі сөздің айтылу 
қалпына толық сәйкестендірілген. Қысқарақ тармақтар да (4 буынды 
«Теңіз! Теңіз!
», 5 буынды «
Жер перзентісің
», 6 буынды «
Қалай 
ержетіпсің?
») ұзын тармақты жәй бөлшектей салмай, өзінше дербес, 
бөлек құрылған.
Ерікті өлеңнің үлгісі ретінде Ә.Сәрсенбаевтың екі шығармасына 
тоқталуға болады. Біріншісі мынау:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ 
Қолтықтағы ұзын таяғын. 
Кеше елге қатер төнгенде, 
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды 
Өр кеудесімен қақты. 
Ол арыстанша алысты, 
Ол ақшаға сатқан жоқ.
Тізеден кесіп аяғын. 
Өлім соққысын өз үстіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолында аяғын!
Бұл өлең жеделдетіп айтып, әндете оқып кетуге көнбейді. Да уыс 
толқыны, ырғағы ауызекі сөздің айтылу қалпына сәйкес. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет