Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет213/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Байтоқ Алаша
(туылған-өлген жылы белгісіз) – Батыс Қазақстан 


400
өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген жырау. Бөкей ордасында, Жәңгір 
ханның жанында болған. Байұлының алаша руынан шыққандықтан 
ел арасында 
«Алаша Байтоқ жырау»
деп аталған. Оның Жәңгір 
хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы, «Мұрат ақынның Ғұмар 
Қазыоғлына айтқаны» (Қазан, 1908), «Шайыр яки қазақ ақындарының 
басты жырлары» (Орынбор, 1910) жинақтарында жарық көрген. Ел 
арасына кең тараған «Қары азамат сардарбек» деп басталатын толғауын 
маңғыстаулық Т.Жанғабылұлынан 1939 жылы Байтоқ Жақыппайұлы, 
1947 жылы И. Ұйықбаев жазып алған мәтіні Қазақстан Ғылыми 
Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында 
сақтаулы (198-705 бумалар). Байтоқ жыраудың 2 толғауы да Жәңгір ханға, 
оның сән-салтанатына арналған мадақ жырлар. Қолжазба мәліметтерге 
қарағанда, Жәңгірге жырау сексен жасында барған. Ханның сұрауымен, 
әуелі жиналып отырған жамағатқа, биге, байға, батырға, қызға, бәйбішеге 
өмірде не жарасатынын жырлайды, сосын хан мәртебесіне ойысады. 
«Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауында» әсерлеу әдісін 
мол қолданады. Жоқтау сарынындағы бұл толғауда жыраудың Ресей 
үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы көзқарасы айқын 
сезіледі. 
Байтұрсынұлы, Байтұрсынұлы Ахмет (1872-1937)
қазақ 
халқының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің 
бірі, Алаш партиясы мен Алашорда автономиялы үкіметінің мүшесі, 
көсемсөз шебері, аудармашы, мемлекет қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі 
мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түрколог, ұлттық 
жазудың реформаторы. «Қазақ» (1913-1918) газетінің бас редакторы.
Бердияров Тоқаш (1925-1988) 
– ақын. Оңтүстік Қазақстан облысы 
Келес ауданын туған. «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде 
қызмет істеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет